103
46 сурет. Түрлердегі мутациялардың көрінісі мен айырмашылықтары
ДНҚ құрамынан түсіп қалуына немесе үстеме
келіп қосылуына
байланысты болатын
мутацияларды
нүктелік деп атайды. Оның екі түрі бар.
1.
Транзиция – бір пуриннің екіншісімен немесе бір пиримидиннің
басқа біреуімен ауыстырылуы: А↔ Г, Т↔ Ц
2.
Трансверсия - пуринді пиримидинге немесе керісінше алмастыру
А↔ Т, А↔ Ц, Г↔ Т
Хромсомалық (аберрация) мутация – екі түрі бар: хромосома ішіндік
және аралық.
Хромосома ішіндік (47 сурет):
-
дефишенсия- хромосома ұштарының жетіспеушілігі;
-
делеция – хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы;
-
дупликация – хромосома бөлігінің 180
0
–қа бұрылуы.
Хромосома аралық - хромосоманың бір
бөлігінің басқа бір оған
гомологты емес хромосомамен ауысып кетуі (транслокация).
Транспозиция – генетикалық материалдың
шағын бір бөлігінде
орналасқан гендер шоғырының өзгерісін айтады.
Геномдық мутация – жасушадағы хромосомалар
санының өзгеруіне
байланысты ағза белгілері мен қасиеттерінде пайда болатын өзгерісті айтады.