7.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасы Президентіне енгізу және жариялау тәртібін кім бекітеді?
a)Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
b)Қазақстан Республикасының Парламенті
c)Қазақстан Республикасының Үкіметі
d)Қазақстан Республикасының Президенті
8.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға адамдардың келісімін кім тіркейді?
a)тиісті органның басшысы жазбаша нысанда
b)құжаттама бөлімі жазбаша нысанда
c)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті орган
d)персоналды басқару қызметі жазбаша нысанда
9.Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар пайдалануы кіріс әкелетін мүліктерін қандай мерзім ішінде сенімгерлік басқаруға беруге міндетті?
a)жиырма жұмыс күн ішінде
b)күнтізбелік отыз күн ішінде
c)бір ай ішінде
d)отыз жұмыс күні ішінде
10.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп тексеру және олардың салдарын жою жөніндегі қызмет:
a)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
b)сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
c)сыбайлас жемқорлыққа қаржы шаралар
d)сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
11.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты:
a)жауаптардың барлығы дұрыс
b)мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және мемлекеттік функциялар атқаратын өзге де адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың мүдделерін қорғау
c)сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін құқықтық қылмыстық ықпал етудің шаралары мен жазаларын бекіту
d)қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою