31.Мемлекеттік функцияларды орындаумен қоса айналысуға болатын қызмет:
a)педагогтық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет
b)коммерциялық салалардағы қызмет
c)кәсіпкерлік қызмет
d)шаруашылық субъектіні басқару қызметі
32.Сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі қағидаттары қандай нормативтік құқықтық актіде белгіленеді?
a)ҚР Қылмыстық кодексінде және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде
b)ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында және ҚР Қылмыстық кодексінде
c)ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында
d)ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде
33.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел тергеу бөлімшелері:
a)сыбайлас жемқорлық қызметі
b)сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
c)сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел операциялық қызметі
d)жедел қызмет
34.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар нәтижесінде жасалған мәмілелерді сот:
a)заңға қайшы келмейтін бөлігін жарамды деп таниды
b)заңнамаға қайшы келетін бөлігін жарамсыз деп таниды
c)екі жақтың келісімінің негізінде жарамды деп таниды
d)жарамсыз деп таниды
35.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам:
a)мемлекеттің қорғауында болады және көтермеленеді
b)қорғауда болады және көтермеленеді
c)қамауға алынады
d)уәкілетті органның қорғауында болады және көтермеленеді