3. Курстың академиялық презентациясы (80 сөзден аспайтын) Курс студенттерді дарынды балалар мен жастардың психологиялық ерекшеліктерін, қасиеттері мен сапаларының негіздерін талдауға бағытталған. Қазіргі психология ғылымындағы «дарындылық» ұғымы. Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұймдастырудың ерекшеліктері. Дарындылықты диагностикалау. Білім берудің мазмұнын байыту жағдайында балалар мен жастардың дарындылығын дамыту әдістемесі. Дарындылықтың тұлғалық және жас ерекшелік аспектілері.
Оқу курсының типі: КВ Пәннің мақсаты: студенттерде тұлға психологиясы қазіргі психологияның теориялық және практикалық саласы екендігі туралы түсінікті қалыптастыру, тұлға жөніндегі заманауи ғылыми көзқарастар мен тұлға психологиясының негізгі бағыттарымен таныстыру, тұлға туралы теориялық тұжырымдамалар жайлы негізгі білімдерді беру, оны психологиялық тәжірибеде қолдануын көрсету, тұлға теорияларының психология тарихында даму логикасын түсіну, сондай-ақ, тұлға психологиясының әдіснамалық, теориялық және әдістмелік негіздерін меңгерту.
«Тұлға психологиясы» пәнінің негізгі міндеттері:
- тұлға психологиясының ұғымдық аппаратын меңгеру;
- тұлғаны психологиялық зерттеудің ерекшелігін көрсету;
- әртүрлі тұлға теорияларын, сондай-ақ, тұлға дамуының механизмдері, қайнар көздері мен тұлға құрылымын талдау білу;
- тұлғаның табиғи негіздері мен әлеуметтік иеленген қасиеттерін дұрыс салыстыра білу;
- тұлғаның қозғаушы күшін түсіну және күрделі өмір мәселелерін жеңе білу.
Жалпы құзыреттіліктер: ЖҚ1 - талаптардың тұлғалық деңгейін қалыптастыруға және объективті бағалауға қабілетті, ойлау мәдениетін меңгерген, ақпаратты жалпылауға, талдауға, қабылдауға, мақсат қоюға және оған жету жолдарын таңдауға қабілетті; ЖҚ8 - әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде әлеуметтік, гуманитарлық және экономикалық ғылымдардың негізгі ережелері мен әдістерін қолдануға қабілетті, өзін-өзі дамыту және кәсіби өсу үшін өмір бойы өзінің білім беру траекториясын құра алады;