Abai University ПӘн силлабусы пән туралы ақпарат



бет1/20
Дата09.05.2023
өлшемі47,37 Kb.
#91328
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Abai University П н силлабусы п н туралы а парат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Abai University


ПӘН СИЛЛАБУСЫ
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Қазақстан тарихы
Кредит саны____5_____
Курс, семестр 1 курс, 1 семестр
Білім бағдарламасының атауы және шифры 6В01601- Тарих, 6В01604-Тарих- құқық негіздері, 6В01602-Тарих-дінтану, 6В01601 -Цифрлы тарих, 6В01601- Тарих- география
Институт Тарих және құқық институты,
Кафедра академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі тарих ғылымдарының кандидаты Тулбасиева С.К. Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) saule-kt@list.ru


2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)  0,6 + емт  0,4


3. Пәннің қысқаша мазмұны.
Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан күні бүгінгі дейінгі аралықты қамтитын оқу-әдістемелік құрал болып табылады.
Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастырып және тарихи ұлттық құндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тәуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.
Бұл орайда Қазақстан тарихы пәніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.
Қазақстан тарихы жоғары оқу орнындағы барлық мамандықтар бойынша бірінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жеріндегі ру - тайпалар мен ұлыс - ұлттардың көне заманнан осы күнге дейінгі тарихына тоқталу.
Осыған байланысты оқу-құралы өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:
-Халқымыздың тарихына байланысты қалыптасқан ұғымдар мен парадигмаларға түснік беру
-Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, шаруашылығы және мәдениеті жөнінде білім беру
-Қазақ халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді талқылау.
Оқытушының негізгі мұраты- студент жастарға тек қана осы пән бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пәнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жоғарғы мәдениетті, патриот азаматы болуы керек.
Қазақстан тарихының демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші тарихи факторлардың қағидалары мен өркениеттілікті өскелең ұрпақ бойында берік қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарында өтілетін қосалқы тарихи пәндер, әлуметтану филасофия және т.б. пәндердің жалғасы болып табылатын қазақ халқының тарихы тарихи өзгерістерін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында «Қазақстан тарихы» пәнінің алатын орны ерекше.
Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде «Қазақстан тарихы» курсының XXI ғасырдың білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда Қазақстан Республикасының тарихын оқып-білу үшін, жас ұрпақ мектеп қабырғасынан қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, құқық негіздері, этнология, білімдері, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында Қазақстан тарихы білімдері әрі қарай нақтылана, толыға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет