Дәріс саясаттану ғылым және оқу пәнІ ретінде



Дата27.09.2023
өлшемі18,28 Kb.
#110955

ДӘРІС 1. Саясаттану ғылым және оқу пәнІ ретінде


Тірек сөздер: Саясат, саясаттану, теоретиялық саясаттану, қолданбалы саясаттану, салыстырмалы саясаттану, саясаттанудың әдіс-тәсілдері, саясаттанудың функциялары.



  1. Саясаттану ғылымының пайда болуы мен дамуы. Саясаттанудың негізгі мектептері

  2. Саясаттану түсінігі: пәні және мазмұны

  3. Саясаттанудың негізгі әдіс-тәсілдері мен функциялары




  1. Саясаттану түсінігі: пәні және мазмұны

Адамдар мемлекеттер пайда болмай тұрып ерте заманнан саясатты түсінуге тырысты. Саясаттанудың орыс тіліндегі аудармасы, яғни «Политология» сол уақыттың өзінде екі түсініктен тұратын: латын тілінен аударғанда «politica» - саясат және «logos» - ғылым, яғни «саясат туралы ғылым».
«Саясат» термині Ежелгі Грецияда polis — қала-мемлекетті атауда пайдаланса, «politiсa» мемлекеттік және қоғамдық істер ретінде аударылып қолданысқа ие болды.
Саясаттану – саясат туралы, қоғамның өміршеңдігін, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін билік қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік ұйымдасуымен, саяси институттар, принциптер мен нормалармен тығыз байланыста болатын адамдар өмірінің саяси саласы туралы ғылым.
Саясаттану рухани, материалдық, тәжірибелік, сонымен қатар саясаттың қоғам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетін қамтитын саяси өмірдің барлық қырларын зерттейді.
Көпшіліктің санасында «саясат» термині негізі екі мағынада қолданылады. Бірінші мығынада белгілі бір саяси үрдісті басқару болса, мысалы «саяси экономика», «білім саласындағы саясат», яғни мемлекет тарапынан қолдау мен бақылау қажет керек екендігін көрсететін ұғым. Осындай қолдау мен бақылаулар мемлекеттің мүмкіндіктерімен үйлесе отырып, міндеттер мен мақсаттарды айқындауға, оларды жетілдірудегі мүмкіндіктерді белгілейді. «Саясаттың» көпшіліктің санасындағы екінші мағынасы – белгілі бағытталған саяси іс-әрекеттердің адамның өзінің мақсаттарды алға қою бейімділігі мен оларға жетудегі мүмкіндіктері, оны жүзеге асыру кезіндегі шығындары мен нәтижелері болып есептеледі. Бұл ұғымда саясат «стратегия» ұғымымен ұштасады. Мұндай «саясат» терминінің мағыналары - мақсатты айқындау, оны үкіметпен бірлесе отырып жүзеге асыру сияқты түсініктермен байланысты.
Кесте № 1. Ғылым ретіндегі саясаттанудың құрылымдық элементтері



Саясаттанудың негізгі құрылымдық элементтері










Саясаттың ғылыми талдауы басқа саяси мағыналардан айырмашылығы логикалық негіздерге сүйеніп, саясатың генезисі мен даму тенденциясында жатыр. Неміс әлеуметтанушысы М. Вебердің пайымдауынша, саясат – кең мағыналы бола отырып, адам өмірінің бүкіл аспектісін жеке дара бақылауға ықпалын тигізеді. Банктің ақша саясаты мен Империялық банктің дисконт саясатынан бастап, шерулердегі кәсіподақтардың саясаты, қала немесе ауылдық мектептерінің саясаты, корпорация басқаруындағы саясат болсын, ақылды әйелдің ер азаматын басқаруына дейін, барлығы адам өміріне әсерін тигізеді.
Америкалық әлеуметтанушы Т. Парсонс саясатты бірегейлік пен келісімділікті сақтаудағы, қоғамды біріктірудегі, оның интеграциялық мүмкіндіктерін арттыру мен алдағы мақсаттарға жетудегі рөлін атап көрсетеді.
1) Мораль, экономика сияқты әлеуметтік институттардан саясаттың ерекшелігі – ол жеке дара қажеттіліктерді көздемей, үкімет араласуын талап ететін бірігейлік, қоғамдық қажеттіліктерді көздейтін институт. Саясат қоғамдағы аяқ асты туған шешімдер жерде, бірақ ортақ позиция қажет жерде, біркелкі іс-әрекет қажет жерде, қоғамдағы қатынастарды реттеуде рөлі бар институт.
2) Саясаттың тағы бір ерекшелігі, қоғамдық билік институтының болуы (бюрократиялық аппарат пен әскері бар мемлекеттр және т.б.). Мақсаты-қоғамдағы топтардың талаптарын ұштастыру мен оның эффективтігін көтеру.
Алғашында, мемлекеттік қоғамда билік саяси сипатта болмаған еді. Бұл орайда потестарттық билік органдарын қалыптастыру мағынасында болған. Ақсақалдар, әсери адамдар мен дін қызметкерлері (ең ақылдылары мен күштілері, зеріктері) билігі беделінде және белгілі қызмет атқаруда мысалы, дін қызметкерінің беделі болатын. Сол кезде билік қоғамдық сипатқа ие болды. Себебі белгілі топтар мен ру мүдделері қорғалды. Бұл жүйеге өзгеріс ретінде саяси жүйеленген, мемлекет болып саналатын қоғам өмірі келді. Саяси билік сантүрлі мүдде мен қажеттіліктерді ұштастыра отырып, мемлекет, бюрократия, әскер, идеолгия сияқты жүйелі иституттарда өз орнын тапты. Саяси билікті белгілі тұлға, топ, қоғамдық қолдауға ие болған мемлекеттік, әлеуметтік (партия, қысым жасау топтары, бұқара ақпарат) институттармен ықпал жасау мүмкіндігі ретінде түсінуге болады.
3) Саяси әлемнің жете түсінілуі үшін саяси іс-әрекеттердегі жатқан мағынаның, идеяның басым ролін түсінген абзал. Саяси институттардың фукционалды түрде қызмет атқаруы үшін, қоғам мүшелері оның нормативті саяси заңдылықтарын білуі қажет.
Саясаттану жалпы саясат туралы ғылым, яғни билік қатынастары, қоғамның өміршеңдігін, адамдар, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін принциптері, ережелерімен, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымымен, саяси институттарымен, тығыз байланыста болатын адамдардың ерекше өмір сүру саласы туралы ғылым болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет