Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет186/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   464
Түйін сөздер: атом ядросы, электрондық ресурстар, оқыту үдерісі, мектеп физика курсы. 
 
Атом  ядросының физикасы  бөлімін  оқыту  жалпы  білім  беретін  орта  мектептермен  қатар  жоғары 
оқу орындарында да оқыту, неғұрлым күрделі əдістемелік мəселе болып есептелінеді. Біріншіден, бұл 
мəселе материя қозғалысының кванттық түрінің өзіне тəн ерекшеліктеріне, екіншіден, оқушылар мен 
студенттердің  таным  мүмкіндіктерінің  шектеулі  болуына  байланысты  болады.  Атом  ядросының 
физикасы  ғылыми  дүниетанымды  түбегейлі  өзгертіп,  техниканы  жаңа  жетістіктерге  көтергендіктен, 
жалпы  білім  беретін  мектептің  физика  курсында  лайықты  орнын  тапқандығы  белгілі.  Қазіргі  орта 
мектептерде бұл бөлім көп оқу  материалдарын қысқа  уақыт ішінде баяндауды қажет етеді. Сондықтан, 
сабақта  ол  материалдардың  ең  негізгілері  ғана  оқушыларға  түсінікті  етіп  баяндалуы  тиіс.  Атомдық 
жəне ядролық құбылыстардың барлығына егжей-тегжейлі тоқтала беруге мүмкіндік жоқ.  
Қазіргі  уақытта  мектеп  құрал-жабдықтары  қатарынан  зиянды  əсер  ететін  аспаптарды  қолдануға 
тыйым  салынды.  Сонымен  бірге,  кванттық  физика  бөліміне  арналған  лабораториялық  қондырғылар 
тек  қана  ірі  зерттеу  орталықтарында  ғана  пайдаланылады.  Осының  бəрі  сабақ  берудегі  қиындықтарды 
тереңдете түседі.  
Жоғарыда  аталған  мəселелерді  шешудің  бірден  бір  жолы  –  оқыту  құралы  ретінде  динамикалық 
электрондық ресурстарды пайдалану болып табылады. 
Білімгерлердің танымдық іс-əрекеттерін арттыру, қазіргі заман талаптарына сай құзыреттіліктерін 
қалыптастыру  мақсатында  физика  саласын  ақпараттандыру  бағытында  бірнеше  шетелдік  жəне  отандық 
ғалымдар  зерттеу  жұмыстарын  жүргізді.  Атап  айтсақ,  Х.Ж.  Бекер[1]  физиканы  оқыту  барысында 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
120
 
компьютерді қолданудың тəртібі мен ерекшелігін, А.Л. Рудольф, Б. Леймен, М. Жойс, Х. Вигноллес [2] 
физикалық сабақтарда ақпараттық технологиялар көмегімен интербелсенді оқыту мəселелерін, отан-
дық ғалым М.С. Молдабекова өз еңбектерінде болашақ мұғалімдерді даярлауда метрология бойынша 
лабораториялық  практикумның  маңыздылығын[3],  К.Н.  Жумадиллаев[4]  физикалық  тəжірибелерді 
виртуальды компьютерлік модельдеуді, В.Н. Косов, С.А. Красиков[5] физика курсында классикалық 
тəжірибелерді статикалық компьютерлік модельдеуді зерттеді.  
Алайда,  физиканың  жеке  бөлімдері  мен  пəндері  бойынша  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тіліндегі 
электрондық  оқулықтардың  қажеттілігі  аталған  бағыттағы  зерттеулерді  талап  етеді.  Біздің  зерттеу 
жұмысымыз да осы тұрғыдан көкейкесті болып табылады.  
Негізігі бөлім 
Компьютерлік  бағдарламаларды  физиканы  оқыту  үрдісіне  қолдану  мəселесіне  арналған  зерттеу-
лерге  талдау  жасап,  біз  компьютерді  сабаққа  пайдаланудың  негізгі  бағыттарын  1  -  сурет  арқылы 
көрсетейік: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 – физиканы оқытуда компьютерді пайдаланудың негізгі бағыттары. 
 
Зерттеу  жұмысымыздың  барысында  оқытудың  білімдік,  дамытушылық  жəне  тəрбиелік  қызметтерін 
іске асыруда белгілі бір дидактикалық ұстанымдар деп аталатын ортақ ережеге арқа сүйедік. Оқытудың 
барлық ұстанымдары өзара байланысты, олар бүтін бір жүйені құрайды. Осы ұстанымдардың ішінен 
компьютерлік  модельдерді  қолдануда  маңызды  рөл  атқаратын  негізгі  ұстанымдар  ретінде  біз 
төмендегілерді бөліп алдық: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет