Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г.
120
компьютерді қолданудың тəртібі мен ерекшелігін, А.Л. Рудольф, Б. Леймен, М. Жойс, Х. Вигноллес [2]
физикалық сабақтарда ақпараттық технологиялар көмегімен интербелсенді оқыту мəселелерін, отан-
дық ғалым М.С. Молдабекова өз еңбектерінде болашақ мұғалімдерді даярлауда метрология бойынша
лабораториялық практикумның маңыздылығын[3], К.Н. Жумадиллаев[4] физикалық тəжірибелерді
виртуальды компьютерлік модельдеуді, В.Н. Косов, С.А. Красиков[5] физика курсында классикалық
тəжірибелерді статикалық компьютерлік модельдеуді зерттеді.
Алайда, физиканың жеке бөлімдері мен пəндері бойынша мемлекеттік тіл – қазақ тіліндегі
электрондық оқулықтардың қажеттілігі аталған бағыттағы зерттеулерді талап етеді. Біздің зерттеу
жұмысымыз да осы тұрғыдан көкейкесті болып табылады.
Негізігі бөлім
Компьютерлік бағдарламаларды физиканы оқыту үрдісіне қолдану мəселесіне арналған зерттеу-
лерге талдау жасап, біз компьютерді сабаққа пайдаланудың негізгі бағыттарын 1 - сурет арқылы
көрсетейік:
Сурет 1 – физиканы оқытуда компьютерді пайдаланудың негізгі бағыттары.
Зерттеу жұмысымыздың барысында оқытудың білімдік, дамытушылық жəне тəрбиелік қызметтерін
іске асыруда белгілі бір дидактикалық ұстанымдар деп аталатын ортақ ережеге арқа сүйедік. Оқытудың
барлық ұстанымдары өзара байланысты, олар бүтін бір жүйені құрайды. Осы ұстанымдардың ішінен
компьютерлік модельдерді қолдануда маңызды рөл атқаратын негізгі ұстанымдар ретінде біз
төмендегілерді бөліп алдық:
Достарыңызбен бөлісу: