Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет342/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   464
Түйін сөздер: Кайқауыс, "Қабуснама", педагог, педагогикалық идеялар, ортағасыр, ғұлама-ойшыл, дүниетаным. 
 
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Жаһандық өркениетке жол тартқан сол 
ұрпақтың  ұлттық,  патриоттық  сана-сезімінің  дұрыс  қалыптасуы  үшін  терең  тамырлы  тарихымызды, 
даналарымыздың  үлгі-өнегесін  ұғындырып,  болашаққа  мирас  ету  –  бізге  парыз.  Ұлттық  мемлекет 
қоғамдық  өмірді  қайта  жаңғыртуы  үшін  оның  негізін,  тарихи  ұлттық  танымының  ерекшеліктерін 
ескере отырып, дайындауы керек. Егер адам мен ұлттың мəдениеті дамыған болса, онда ол қоғамның 
экономикалық жəне əлеуметтік саяси жақтарының дамуына мүмкіндік берері анық. Ұлт көшбасшысы 
Н.  Назарбаевтың  Ұлттық  Кеңестің  отырысында  сөйлеген  сөзіндегі:  "Салынған  жол,  тұрғызылған 
ғимарат,  тіпті  ең  озық  технологияның  өзі  күн  сайын  тозады,  ескіреді,  ал  бабаларымыз  айтқандай, 
ешқашан азбайтын, тозбайтын, керісінше, уақыт озған сайын сан қырынан жарқырап, ұрпақ санасына 


Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
224
 
шұғыла  шашатын  мəңгі  өлмейтін  құдіретті  күштің  аты  -  ғылым  мен  мəдениет.  Ендеше,  сол  ата 
бабаларымыздың  тарихи  мəдени  мұрасын  бірлесіп  түзетейік"  деген  ойларының  да  тамыры  терңде 
жатқанан ескерер болсақ [1], тарихи мұралар, соның ішінде ортағасырлық ойшылдардың мұраларындағы 
тағылымдық ойлардың бүгінгі ұрпақ тəрбиесіндегі рөлі ерекше болмақ.  
Осы  мақсатта  біз  өз  алдымызға  ортағасырлық  ғалым-педагог  Кайқауыстың  "Қабуснамасындағы" 
педагогикалық  идеяларын  зерттеу  мəселесін  қойдық.  Зерттеуіміздің  негізгі  маңызды  міндеттерінің 
бірі  ғұлама-ойшыл  əрі  тамаша  педагог  Кайқауыстың  жалпы  дүниетанымының  бастау  алар  қайнар 
көздерін, оның педагогикалық идеялары мен дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуына арқау 
болған  философиялық  негіздер  мен  жетекші  педагогикалық  идеяларды  анықтау  болып  табылады. 
Сондықтан, Кайқауыс дүниетанымының негізін қалаушы ұстанымдарын, оның педагогикалық ілімдерімен 
қоса,  мүмкіндігінше  дұрыс  беру  үшін  оның  педагогикалық көзқарастарының  идеялық  бастауларына 
қатысты мəселелер шеңберін талдап, зерттеу қажет. Өйткені, мұндай жағдайда, біріншіден, олардың 
интеллектуалды жəне теориялық тамырының параметрлері, екіншіден, олардың алдағы ғасырлардағы 
даму деңгейі айқындалады. Мəселенің мəнін ашу үшін, біз «Қабуснаманы» басшылыққа ала отырып, 
ортағасырларда  қалыптасқан  оқу-тəрбие  жүйесіне қатысты  отандық  жəне  шетелдерде жарық  көрген 
ғылыми-педагогикалық  зерттеу  еңбектеріне,  ортағасырлық  ғұлама-ойшылдардың  оқу-білімге,  ғылымға, 
тəлім-тəрбиеге қатысты тағылымдық ой-пікірлеріне жүгіндік. 
С.  Далимов  деректеріне  назар  аударар  болсақ,  Кайқауыс  аса  оқымысты,  білімді,  сауатты  адам 
болған.  Ол  «Қабуснаманы»  жазбас  бұрын  Тахирлер  кезеңіндегі  танымал  əдебиеттермен,  педагогикалық 
еңбектермен танысып, зерттеп-зерделейді жəне ғылым мен əдебиеттің, мəдениеттің ірі ошақтары Бұхара, 
Самарқанд,  Хорезм  қалаларында  болып,  ондағы  көрнекті  ғалымдармен  кездесіп,  еңбектерін  талдаумен 
шұғылданады [2, 20]. Демек, Кайқауыстың дүниетанымдық көзқарастарын өзінің өмірлік тəжрибесі-
нен  туындаған  кесек  философиялық  ой-толғамдары  мен  өз  дəуірінде  қалыптасқан  саяси-əлеуметтік 
тұжырымдар,  мемлекеттік  басқару  мен  мемлекеттік  қызметке  қатысты  заңдылықтар,  қарапайым 
тұрмыстық сипаттағы əдептілік ережелері мен ғылым-білімге қатысты тұжырымдарының жиынтығы 
жəне «Қабуснаманың» өн бойынан орын алған имандылық, діни қағидалардан құралғандығы орынды. 
Қалыптасқан əлеуметтік-саяси, мəдени жағдайларға байланысты Кайқауыс өмірі мен қызметі əртүрлі 
аймақтарда өтті. Сондықтан, ғалымның дүниетанымдық көзқарастары мен  педагогикалық идеяларының 
қалыптасуына өзіндік ықпал еткен əртүрлі бастаулар туралы айтуға тура келеді. Бірақ, саяси ілімдердің, 
идеологиялық  ағымдардың,  идеялық-дүниетанымдық  бағыттардың,  мəдени  дəстүрлердің  əртүрлілігіне 
қарамастан,  Кайқауыстың  дүниетанымы  мен  педагогикалық  ілімі,  ортағасыр,  соның  ішінде,  түркі 
халықтарының саяси-əлеуметтік, философиялық жəне педагогикалық ойларының тікелей ықпалында 
қалыптасты деген қорытындыға келуге болады.  
Х-ХІ ғғ. ортағасырлық Орта Азияда нақты ғылымдар қатары қарқынды дамып, ірі нəтижелерге жетті 
жəне көптеген көрнекті есімдер қатарын алға тартты. Сол кездің өзінде-ақ, Орта Азия қалаларының 
ғылыми орталықтарға айналуына себеп болған ғылыми ойдың дамуы үшін барынша қолайлы жағдай-
лар  жасалды  [3,  162].  Ғылымның  философия,  астрономия,  медицина,  география,  химия,  матеметика 
т.б.  сияқты салалары ірі жетістіктерге жетті.  Ғылымның дамуы  феодалдық  қоғамның  дамыған  өнді-
рістік  күштерінің  сұраныстарымен  жəне  түркітілдес  халықтардың  бай  мəдени  дəстүрлерімен  тығыз 
байланысты  болды.  Бұл  кезеңнің  ғалымдарының  өзіндік  сипаты  –  энциклопедисттігі  еді.  Олардың 
əрқайсысы өз уақытындағы ғылымдардың көптеген салаларының маманы атанды, өздерінің жараты-
лыстану  ғылымдары  бойынша  білімдерін  философиямен,  керісінше,  философия  бойынша  ілімдерін 
жаратылыстану  ғылымы  мəселелерін  зерттеумен  байланыстырды  [4,  42].  Ғылымның  дамуы  үшін 
ғылыми-философиялық əдебиеттерді грек, сирия жəне басқа тілдерден араб, парсы тілдеріне аудару 
маңызды  мəнге  ие  болды.  Дегенмен,  ортағасыр  ғалымдарының  қызметі  тек  ғылыми-философиялық 
еңбектерді  аударумен  я  түсіндірумен  шектелмегендігін  де  атап  өткен  жөн.  Олар  өз  тарапынан  да 
тамаша  шығармалар  қатарын  əкеліп,  əлемге  танымал  ғалым-жаратылыстанушы,  философтар  деңгейіне 
көтерілді.  Бұл қатарға,  Рази,  əл-Фараби,  əл-Беруни,  ибн  Синалар  жатады. «Қабуснаманы»  зерттеуде 
олардың  Кайқауыстың  жалпы  дүниетанымы  мен  педагогикалық  көзқарастарының  қалыптасуына 
ықпал еткендігін байқаймыз. «Қабуснамадағы» Рази, Беруни есімдерінің аталуы айтқандарымызға дəлел 
болмақ.  Ал,  еңбекте  Фараби,  ибн  Сина  есімдерінің  аталмауы  бізге  Кайқауысты  олармен,  олардың 
еңбектерімен таныс болмаған деген ой туындата алмайды. Өз уақытының алдыңғы қатарлы оқымыс-
тыларының бірі бола отырып, Кайқауыстың Фараби, ибн Сина шығармашылығымен таныс болмауы 
мүмкін емес. Оның үстіне, Кайқауыс мұрасындағы Платон мен Аристотель, Сократ сөздерінің қолда-
нылуы,  оның,  ежелгі  грек  ойшылдарының  ілімдерін  Фараби  аудармалары  мен  түсіндірмелері  жəне 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет