Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет345/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   464
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
227
 
[10, 173]. Фараби бақытқа жету үшін маңызды шарт – ғылымды үйрену жəне кемелділік дəрежесіне 
ие  болу  деп  санайды.  Адам  кемелденуге  білімді  игеру  мен  ғылымды  үйрену  арқылы  қол  жеткізеді. 
Білім  адамды  қолдап,  қорғайды,  мейірімді  əрі  ақылды  етеді,  білімсіз  адам  өмір  сүрудегі  мақсатына 
жете  алмайды.  Фараби  идеялары  ағартушы  əрі  ойшыл-педагог  ретінде  танылған  Кайқауысқа  да  оң 
ықпалын тигізеді. Расында, Кайқауыс жоғары білімді, ғалым адам болды, сондықтан, Фарабиге еліктеп: 
«адамға  жақсы  қоғамдық  ахуалды  жаулап  алу  үшін,  білім  мен  шешендік  (ділмарлық)  керек»-деп 
санайды  [5,  34].  Байқасақ,  Фарабидің  əлеуметтік-педагогикалық  идеялары  қоғамдық-педагогикалық 
көзқарастар жүйесінде жаңа бағытқа жол ашты.  
Сөзсіз,  Саманилер  дəуірі  өркениетінің  жарқын  тұлғаларының  бірі,  озық  ойлы  идеялары  арқылы 
Кайқауыс  дүниетанымын  қалыптастыруға  ерекше  ықпал  еткен,  «сол  кездегі  ұлы  ағартушы  –  бүкіл 
Шығыс пен грек даналығын бойына сіңірген энциклопедист, философ əрі дəрігер»-Əбу Əли ибн Сина 
(980-1037 жж.) [11, 12]. Расында, Кайқауыс ибн Сина ілімі мен əл-Берунидің ғылымилығын бағалаған 
ортада  өсті.  Ибн  Сина  мен  Кайқауыс  белгілі  бір  деңгейде  замандас  болса  да,  олардың  бір-бірімен 
жолыққандығы туралы əлі күнге дерек жоқ. Кейбір мəліметтер бойынша, ибн Сина Сұлтан Махмұдтың 
қудалауына ұшырап, Қабустың (976-1012 жж.) атасынан пана іздейді, өйткені «Қабус ибн Вошимгир 
уақытында  оның  Каспий  маңы  сарайы  Х-ХІ  ғғ.  Парсының  ең  маңызды  əдебиет  ошақтары  мен 
əмірліктерінің  бірі  болды,  ...»  [13,  525].  Шамсулмаоли  Қабус  ибн  Вошимгир  сарайы  маңында  ибн 
Синаның басқа бір замандасы, энциклопедист Əбурайхан Беруни (973-1088 жж.) де өмір сүріп, еңбек 
еткендігін əрі Қабусқа, құрмет белгісі ретінде «Өткен ұрпақтың естелігі» атты еңбегін арнағандығын 
атап  өткен  жөн  жəне  келесі  бір  ойшыл-моролист,  салмақты  педагогикалық-этикалық  трактаттар 
авторы  ибн  Мискавейх  (1030  ж.  өлген)  те  Шамсулмаолидің  замандасы  болды  [13,  328].  Тəжік  əде-
биеттанушысы А. Абдуллоевтің айтуынша, Кайқауыс медицинаны Гурганда ибн Сина ілімі ықпалымен 
үйренген  [14,  490].  Ибн  Сина  мен  Кайқауыстың  педагогикалық  жəне  психологиялық  ілімдерінің 
жақындығы олардың еңбектері «Тадбири манзил» мен «Қабуснаманы» салыстыруда анық байқалады 
жəне  оның  педагогикалық  көзқарастары  «Махаббат  туралы  трактат»,  «Жан  туралы  трактат»,  «Құс 
туралы трактат», «Соломон жəне Абсол» т.б. шығармаларында беріледі. Ибн Сина пікірінше, педагогика, 
бұл – адамның өзін-өзі жетілдіруінің жемісі, оның өзін-өзі бақылауының нəтижесі жəне оның мінез-
құлқының  бағасы  туралы  ғылым.  Демек,  ибн  Сина  педагогиканы,  адамдардың  мінез-құлық  нормалары 
мен ережелерін зерттейтін ғылым деп санайды. Ибн Сина педагогикасы оның саяси жəне қоғамдық-
философиялық ілімдерімен тығыз байланысты. Оның саяси жəне қоғамдық-философиялық көзқарас-
тарын ескермей педагогикалық көзқарасын анықтап, бағалау мүмкін емес [15, 105].  
Ибн  Синаның  педагогикалық көзқарастары  идеалистік  сипатта  болды.  Əрі, ибн  Синаның  педаго-
гикалық көзқарастары психологиямен тығыз байланысты. Ибн Сина ілімінде: жақсылық пен жамандық, 
зейнет  пен  бейнет,  лəззат,  рахат,  бақыт  сияқты  педагогикаға  қатысты  категорияларға  үлкен  назар 
аударылады. Мəселен, жақсылық категориясы ойшылда екі мағынаға ие. Біріншісі, бұл, шындығында 
бар  нəрсе  жəне  өзінің  мəніне  қарай  жақсылық  болып  табылатын  құбылыс,  объективтік  құндылық 
ретінде  өмір  сүреді.  Мұндай  интерпретацияда  «жақсылық»  сөзі  жалпыфилософиялық  сипат  алады, 
жеке  тұлғаның  өнегелік  сапаларымен  тікелей  байланысты  емес;  екінші  жағынан,  ол  бағалаушылық 
мəніндегі,  педагогикалық  категория  ретінде  танылады  яғни  жеке  тұлғаның  адамгершілік  қасиетіне 
тəуелді.  Жақсылық  ұғымы,  педагогикалық  əрі  психологиялық  категория  ретінде  де  екі  аспектіде 
анықталады.  Біріншіден,  ол  жақсылық  жасаушы  адамға  қатысты,  екіншіден,  жақсылықты  қабылдаушы 
адамға қатысты. Ибн Сина əрбір адам жақсылықты əртүрлі сипатта жасайды деп санайды: жай жақ-
сылық  жасау  жəне  еріксіз  жақсылық  жасау.  Жақсылықтың  жай,  күштеусіз,  белгілі  бір  мақсатқа 
негізделмей  жасалуын  ол  нағыз  кемелденген  жақсылық  деп  санайды.  Мұнда  ибн  Сина,  шынайы 
əлемде  қол  жетпейтін жақсылықты  меңзейді.  «Адамның  өмірде  лайықты  болуы  өте  сирек  құбылыс, 
ал кімде-кім лайықты болса, ешкім кемелділікке жете алмайды, өйткені оның ақылы, денеден бөлініп 
кетпейінше жəне əрекеттің өзгермелі жағдайынан тəуелсіз болмайынша, ешқашан əрекет барысында 
кемелділікке жете алмайды» [16, 162]. Ойшыл зейнет пен бейнет категорияларын да аранайы қарастырады. 
Ол  зейнет  пен  бейнет  қабылдаудан  туындайды  деп  санайды.  Қабылдау  сезім  жəне  қиял  мен  ақыл 
сияқты іштен туындайды. Зейнет – лайықты қабылдау, ал бейнет – лайықсыз қабылдау. Ибн Синаның 
«Зейнет  пен  бейнет  туралы»  ілімінен  байқағанымыз,  зейнетке  ұмтылмайтын  адам  жоқ.  Бірақ,  зейнетке 
тек, рухани күш арқылы жеткенде ғана жоғары болады, ал зейнеттің төменгі түріне сезімдік, сыртқы 
күштер  арқылы  жетеді.  Адамгершілігі  жоғары,  рухани  бай  адам  жоғарғы  түрімен  рахаттанады,         
ал  ақылсыз,  мейірімсіздер  тек  сезімдік  рахатқа  ұмтылады.  Мұндай  пайымдаулар  оның  гедонизм 
теория-сын ұстанғандығын дəлелдейді. Ибн Сина бақыт категориясын зейнет категориясымен қатар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет