Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет366/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   464
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
243
 
'Ертеден халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар. "Эпос - идеясының, көркемдік мəні жəне 
комлозициялық  қүрылысы  жағынан  музыкалық-поэтикалық  фольклордың  ең  күрделі,  ең  ірі  жанры. 
Өйткені  оның  негізінде  халық  тарихындағы  қилы-қилы  кезеңдер,  халық  тағдырына  байланысты  ірі 
проблемалық  мəселелер  алынған.  Қазақ  тарихы  мен  этнографиясының  фольклоры  мен  археология-
сының жетік маманы Ə. Марғұлан "Қазаң эпосы кейде жылнамалық жазбалардан кем түслейді, олар 
көп сəттерде жазу-сызуға машықтанбаған халық арасында жылнамалық жазбалардың орнына жүрген. 
Осы  оңиғалардың  эпоста  суреттелуінің  дұрыстығы  соншама  -  оларды  тіпті,  тарихи  əдебиеттер  де 
дəлелдеп отыр",-деп жазды. Эпостың негізгі ерекшелігі - оның тарихпен, тарихи оқиғалармен тығыз 
байланыстылығы. Нақтылы оқиғаларды суреттеуден гөрі, белгілі бір дəуірге ортақ типтік оқиғаларды 
көрсетеді.  Поэтикалық  тұрғыда  "Қазақ  эпосында  батырлар  жыры  мен  ғашықтық  жырларға  қоса 
тарихи жырлар да мол. Бұл жырлар ХҮП жəне XIX ғасырларда əсіресе кең өрістеп дамыған", - дейді 
М.Эуезов. 
Ал музыкалық тұрғыдан белгілі мақаммен орындау ерекшелігіне байланысты Т. Бекқожина эпикалық 
жырлардың  архитектоникасында  мелодияның  екі  түрлі  өрістеуін:  біріншісі  -  ащы  айқаймен  бір-екі 
тактылық  бастамалардан  соң  эпикалық  жыр  айтылатын  мелодия  жалғасы  кетеді.  Орындаушының 
импровизаторлық шеберлігіне байланысты, мелодия түрлі дəрежеде өзгеріп, құлпыруы мүмкін; екінші - 
шығарманың мазмұнын ашу терендету мақсатымен жырдың негізінде бірнеше мелодия алынады. 
В.Т. Ерзакович эпостың музыкалық орындалуы жағынан үш түрге бөледі: əнді речтативті; музыкалы - 
иллюстративті /фрагментті/ жəне музыкалық аяқталымды. 
Эпикалық  жырлар  домбыра  немесе  қобызга  қосып  отырып,  əншілік,  əртістік,  сахналық  өнердің 
нағыз шеберлігінің үлкен өнерін қажет етеді. 
Əнші-жырау  бастамас  бұрын  дауысын  күшіне  келтірерліктей  қобызды  не  домбыраны  сарната 
тартып,  не  ойнақыландырып,  бірнеше  рет  қайталап,  əуелгі  үнді  барынша  асқақтата  созып,  əндете 
жөнеледі, аспаннан төккен нөсер жауындай құйылдыра төгіп, екпіндете бастай жөнеледі. 
Қобыланды жыры күй ырғағы тəріздес бірде дауысты дыбыспен ағылып келіп отырса, бірде қатаң 
дыбыспен,  нақпа-нақ,  домбыраның  төменгі  шегінен  көмейлете  шыққан  қатты  үн  тəріздес  ширатыла 
түседі. Жырдың басында алуан түрлі ырғақтар араласып, алдағы оқиғаның ыңгайын танытады. 
Жырда  сұлу  қыз  Құртқаның  портретін  жасағанда  жас  əйелдің  сымбатты  пішінін,  сəнді  жүрісін, 
əсем қозғалысын, сұлу бейнесін шебер кестелеп, əсем сурет көз алдымызга келеді. Жырда қаһармандардың 
жан  күйзелісі,  қуанышы,  қиыншылық  уақыттағы  мұң-зары  күйші-жыршының  дауыс  ырғағымен,  əн 
сазымен, домбыра күйімен өзгеріп отырады. 
Əрбір  халық  эпостан  өзінің  тарихын  көреді,  ол  жырларда  халықтың  басынан  кешкен  тарихи-
əлеуметтік жағдайы негізінде тарихи болған адамдардың ерлік салты, əдет-ғұрпы, рухани күші бейне-
ленеді.  Эпостарда  қанатты  философиялық  сөздер  жиі  ұшырасады.  Батырлар  жырында  кездесетін 
афсризмдер  елге  үлгі  боларлықтай  ерлік  істі,  қаһармандықты  бейнелесе,  ғашықтық  жырлардағы  қанатты 
сөздер,  жырдың  ішкі  мазмұнына  сай  əр  алуан  лирикалық  сезімдерге  құрылған.Батырлар  жыры  мен 
лиро-эпос  жырлары  ертеден  келе  жатқан  жанр.  Батырлар  жыры  айтылуға  ықшам    7-8  буынды  жыр 
үлгісімен келеді.  Жырда Отанын  қорғаған  батырдың  ерлік-қимылын,  тұлпарға  мініп жауға  аттанған 
шабысын,  алып  түлғасын,  жекпе-жекке  шыққан  ұрысын  суреттеуде  көкейге  қонымды.  Жырдың  кейбір 
қайғылы сезімді бейнелейтін шумақтары əн текстеріне айналып "Баянның зары", "Жібектің жоқтауы" 
халық музыкасына сіңісіп кеткен. 
Эпикалық  жырлардың  көркемдік  құндылығын,  орасан  зор  ықпалын  батырдың  ерлігін,  елдің  елдігін, 
замана  шежіресін  ұрпаққа  жеткізуші  жыраулардың  мəні  аса  зор.  Терме  -  қазақ  поэзиясының  жəне 
вокальді əн музыкасының жанры.Халқымыздың қадірлі өнері ретінде танылып тындаушыны қызық-
тыратын  ерекшелігі  тақырыбының  ауқымдылығы  мен  адамгершілігі  ғибрат  береді.Мəңгі  проблема-
өмір  мен  өлім,  жастық  пен  кəрілік,  жақсылық  пен  жамандықты  жырлап  қай  кезде  де  мəнді  сауал-
дарды қозғап қызықтырады. 
Бұған  Асан,  Қазтұрған,  Бұхар  жыраулардан  бастап,  Махамбет,  Базар  жырау,  Қашаған,  Нұрым, 
Майлықожа,  Нұралы,  Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет  секілді сөз  жүйріктерінің  туындыларынан  мол 
мысал  келтіруге  болады.Терменің  ұлы  міндеті  -  елге  ізгі  ұғымдарды  тарату,  халықты  тарихтың 
тағлымы  арқылы  рухани  жетілдіру,  əрі  эстетикалық  лəззат  беру.Терме  өнерінің  көркемдігі  кемел, 
ғибраттылық қуанышы мол, асқақ та əдемі. Ерекше. сүйкімді тыңдаушының құлағын елтіп, жүрегін 
билейтін  сазы,  əуені,  өздеріне  лайық  мақамы  мен  ырғағы  бар.  Өзінің  халыққа  ерекше 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет