Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет26/33
Дата05.04.2017
өлшемі3,88 Mb.
#11067
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33

 
Түйін 
Қазіргі  кезеңдегі  Қазақстандағы  діннің  рухани  даму  генезисін  зерттеу  мəселесі  ең  маңызды  аспекті  болып 
табылады. Буддизм, христиан, ислам діндері ортағасырларда Қазақстан жерінде дамыды. Ұлттық мəдениет пен 
руханияттың  жаңғыртылуы  оның  тарихи  жəне  діни  аспектілері  қазақ  мəдениеті  ерекшелігін  көрсетеді.  Ұлы 
Дала тұрғындары өзінің рухани құндылығында барлық діндердің даму жиынтығын өз бойында сіңірген. 
Тірек  сөздер:  мəдениет,  ортағасыр,  буддизм,  ислам,  христиандық,  дін,  көшпенділер  дəуірі,  өркениет, 
этнография, миграция.  
 
Summary 
For  many  centuries  the  territory  of  Kazakhstan  was  the  place  of  interaction  for  many  world’s  religions  as: 
Buddhism,  Christians,  Islam.  Their  interaction  in  one  geographic  area  gave  a  special  features  to  the  cultures 
development of the Kazakhstan and people who lined here. It is a very important historical feature and it was a result of 
central location of this region in geopolitical area - continental Eurasia and ancient traditions of nomadism in life of its 
population. Every of these religions had its own base, organization and cult places, building of temples. Interesting, that 
religions  on  this  territory  existed  in  peace.  The  secret  is  -  the  dialogue  and  constructive  relations:  because  of  it,  they 
contributed a great benefit to the spiritual culture in middle aged civilization.  
Key  words:  Culture,  Middle  Ages,  Buddhism,  Islam,  Christianity,  religion,  era  Nomadism,  civilization, 
ethnography, migration. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
172 
ƏӨЖ 393 (574) 
 
АҚЫМ ЖƏНЕ О ДҮНИЕ 
 
Досымбек Қатран - т.ғ.к., $Р МОМ антропология жəне этнология орталығыны!  
жетекші ғылыми -ызметкері. Алматы, dosai_kz@mail.ru 
 
Мақала тарих ғылымында катакомба деп аталатын, қазақ арасында оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде кең 
тараған ақым немесе жанақым, лақыт, лақат, лақатты қабір, жандама, жандатпа деп аталатын жерлеудің ерекше 
түріне арналып отыр (лаһат, ляхад - арабтан енген атау). Қабірдің бүйірінен қосымша «бөлме» қазудың ежелгі 
көшпелілердің  наным-сенімімен  байланысы  бар  екендігі  жөнінде  пікір  айтылады.  Қабір  шұңқырының  түп 
жағын  ала  қабырғалардың  бірінен  қуыс  ойылып,  мəйітті  сол  қуысқа  қойып  жерлеудің  мəнін  ашуға  деген 
талпыныс жасалады. Яғни, осы қабір шұңқырының о дүниелік болған адамды періштелердің отырғызып қойып 
сұрайтыны  жөніндегі  түсінікпен  байланыстырылады.  Мақалада  жерлеуге  байланысты  қазақы  этнографиялық 
мəліметтер археологиялық қазба материалдарымен шендестіріле талданады.  
Тірек сөздер: ақым, жерлеу, о дүние, катакомба, жан, рух, тəн. 
 
Ақым  (лақат)  қазу  дəстүрінің  шығу  тегі  сонау  тас  ғасырының  соңғы  кезеңінен  (неолит)  бастау 
алады. Мəселен, б.з.б. V мыңжылдық пен IV мыңжылдыққа тəн Ақтау қаласы маңындағы Қосқұдық-
1 тұрағына жақын жерде орналасқан қабірде бүктістіріле сол жақ бүйірімен жерленген ер адам мəйіті 
лақатқа қойылған. Сондай-ақ, темір дəуіріне тəн ескерткіштерде (б.з.б. VII-V ғғ.), атап айтқанда, Есік 
обасындағы жəне Берел қорғанындағы мəйіттер арнайы бөлме – ақымға қойылып, аузы бөренелермен 
жабылған [1, 171 б.].  
Ілкіде  жан  мен  о  дүниелік  өмір  туралы  түсінікке  сай,  бұл  құрылым  мəйіттің  бос  кеңістікте 
жатуына,  онда  қойылған  заттардың  жақсы  сақталуына  əсер  ететін.  Отырғызылған  мəйіттің  жан-
жағына  қойылған  ыдыс  түрлері,  ғұрыптық  бұйымдар  мен  қару  түрлері  о  дүниеде  тұтынатын 
бұйымдары  ретінде  қойылатын.  Генезисі  тұрғысынан  ғылымда  «атқа  мінген  адам  отырысы»  (поза 
всадника)  деп  аталатын  ерте  замандардағы  отырғызып  жерлеу  дəстүріне  жетелейді.  Археология 
ғылымы жерлеудегі мұндай ерекшелікті негізінен малшы-бақташылар мəдениетіне тəн құбылыс деп 
есептейді.  Дəлел-дəйектерді  көне  заманнан  іздер  болсақ,  Алматы  қаласы  жанындағы  Каменка 
ауылының шетіндегі темір дəуіріне тəн қорған (№9) ішіндегі қабірдегі мəйіт отырғызылып жерленген 
екен.  Бұл  қорғанды  Ғылым  Академиясының  Ш.Уəлиханов  атындағы  тарих,  археология  жəне 
этнография  институтының  жаңа  құрылыс  бөлімінің  басшысы  Р.Исмагилов  бастаған  экспедициясы 
1991  жылы  қазған.  Осы  қазба  жұмысына  қатысқан  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  Орталық 
музей (əрі қарай – ҚР МОМ) қызметкерлерінің бірі О. Мякишеваның мəліметінше көне моланы аршу 
кезінде  марқұмның  алдымен  бас  сүйегі  көрінген.  Яғни,  марқұм  кезінде  көр  шұқырының  бір 
қабырғасына сүйей отырғызылып, тік жерленген [2, С. 8]. 
 
Отырғызып жерленген мəйіті бар №9 -орған. КFр солтEстік-батыс шетте орналас-ан.  
Алматы -аласы жанындағы Каменка ауылы. 1991 ж. $Р МОМ-ді! 1991 жылғы археологиялы-  
-азба жGмыстарыны! есебінен. 
 
Осы  тектес  жерлеулер  Еуразия  құрлығының  əр  жерлерінде  əрқилы  кезеңде  орын  алып  отырған. 
Мəселен,  б.з.д.  2000-1500  жылдармен  белгіленген  Калмыкияның  Кетченеровск  ауданы, 
Алцынхутинск селосы жанындағы жерлеу сияқты артефактілер көптеп саналады. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
173 
Енді жерлеудің осы түрінің құрылымы жөнінде. Ұзын бойы солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс 
бағыты бойынша қазылған көр табанының (құдық) батыс жағынан, яғни сол қол жақтан адам кіріп-
шыға алатындай ойық қазылып, ішінің ұзындығын адам бойынан сəл артықтау етіп, енін шынтақты 
жазғанда еркін келетіндей, биіктігін жүрелеп отырған адамның төбесі тимейтіндей етіп үңгиді. Төбесі 
тегіс  немесе  ортаңғы  тұсы  ғана  биіктетіле  ойылып,  яғни  күмбезделе  қазылу  түрлері  кездеседі. 
Лақаттың  деңгейі  көр  құдығының  табанынан  мөлшері  бір  тізедей  төмен  етіліп  қазылады.  Ал,  көр 
шұңқырының ұзындығы кісі бойындай немесе көбіне адам түсіп-шыға алатындай жан-жағы бір метр 
шамасындай шаршыны құрайды.  
Көр  шұңқырының  тереңдігі  түрегеп  тұрған  адамның  белуарынан  келеді.  Бірақ,  одан  тайыз 
болмауы керек. Əйел адамға арналған көр одан да тереңірек, яғни кеуде тұсынан келетіндей қазылуы 
қажет деген ұстаным бар. Көр құрылысының жəне лақаттың мұндай ерекшелігі қазақ арасына жаппай 
тараған деп айтуға келмейді. Ол жер қыртысының ерекшелігіне, атап айтқанда, қатты-жұмсақтығына, 
тасты  немесе  құмды,  құмдауыт  болып  келуі  сияқты  ерекшеліктеріне  тікелей  байланысты.  Мəселен, 
жер қыртысы  қатты  өлкелерде  немесе қыста  ойық  шығару  мүмкін  болмайтындықтан  көр  шұңқыры 
табанының  ортасын,  кейбір  өлкелерде  батыс,  яғни  сол  жақ  бұрышын  сəл  тереңдете  қазу  тəсілі 
қалыптасқан.  Осы  алаңқыға  мəйітті  қояды  да  бетін  тақтаймен,  тас  тақтамен,  кейінгі  кезде  соқпа, 
кірпішпен жабады. Егер бір бұрышынан қуыс жасаса тақтай немесе тас тақталармен көлбеулете, көр 
қабырғасына сүйей мəйіттің бетін жабады. 
 
 
$Gдығы тFртбGрыштала -азылған ла-ыт жəне ла-ытты! кFр шG!-ыры ішінен бFлінген тEрі.  
Суретші Ж.Шəйкен 
 
Мəйітті  жатқызар  алдында  «көр  топырақтан»  жастықша  қойылып,  бетін  құбылаға  қарата  бұрып 
қояды.  Мəйітті  қойған  соң  ойылған  қуыстың  аузын  таспен,  шыммен,  кірпішпен  немесе  тақтаймен 
жабады.  Көр  шұңқыры  толтырылып  көмілген  соң  лақыт  пен  шұңқырдың  дəл  ортасына  топырақты 
үйеді.  
Дүниеден озған адамды бақиға аттандыруға, жерлеуге жəне марқұмның артын күтуге (қонақасы, 
үші,  жетісі,  қырқы,  жүзі,  жылы,  асы)  байланысты  тіршілікқамы  циклінде  атқарылатын  жосын-
жоралғы,  ғұрыптар  кешені  халықтық  дүниетанымның  көп  қырларын  ашуға  мүмкіндік  беруімен 
ерекшеленеді.  Жерлеу  ғұрпы  көшпелілердің  өздерін  қоршаған  орта,  əлемдік  құрылым,  жаратқан  ие 
(тəңірі),  адам,  табиғат,  қоғамдық  қатынастар  жəне  бұлардың  өзара  функциялық  байланыстары 
жөніндегі  қадым  замандар  қойнауынан  қалыптасқан  түсінік-дүниетанымының  қоғамдық  өмірдегі 
ерекше оқиғаларға байланысты ғана «пайдаланылатын» қолданбалы моделі [3, 37 б.].  
Қазақы дүниетанымда о дүние мен бұ дүниенің қаншалықты маңызды орын алғандығы жөнінде ел 
аузында айтылып келе жатқан төмендегідей аңыз іспеттес əңгімені мысал ретінде келтіруге болады: 
«$аза-  даласын  аралап  жEрген  патшалы-  ресей  əкімшілігіні!  Fкілі  бірде  Fзіні!  бGрыннан  танысы 
-аза-тан:  Сендерді!  Eйлері!  -арапайым,  əрі  жGпыны,  біра-,  молаға  тGрғызған  кEмбездер  мен 
кесенелерді!  сəн-салтанаты  тым  ерекше  ғой.  БGны!  себебі  неліктен?  –  деп  сGрайды.  Сонда  -аза- 
-ыс-а  ғана  жауап  берген  екен  дейді:  $азіргі  бізді!  жəне  сені!  де  тіршілігі!  Fткінші  жа!быр 
сия-ты. Hтеді де кетеді. Яғни бG дEние!із – Fткінші, алдамшы, жалған дEние. Нағыз мə!гілік Fмір о 
дEниеде  басталады.  $азіргі  тіршілігіміз  о  дEниеге  жEруге  дайынды-  -ана.  Анау  тGрған  молалар, 
оны!  басындағы  салтанатты  сарайдай  кEмбездер  о  дEниеге  кірер  есік.  $аза-тарды!  молаларға 
айыры-ша ден -оятынды-тары сонды-тан» [4, 366 б.]. Қарама-қайшы байланыстағы ба-илы- дEние 
мен бG дEние концептілері қазақы ортада ата-баба жолын ұстануда айрықша рөл атқарады. 
Жоғарыда айтылғандай, өлген адамның тəнін тік отырғызып жерлеу əдісі неолит заманында орын 
алғанымен,  ақымдап  жерлеу  дəстүрі  Қазақстан  жерінде  сонау  қола  дəуірінен,  атап  айтқанда,  б.з.д. 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
174 
XVI-XIII  ғғ.  бастау  алады.  Археологиялық  қазба  жұмыстары  барысында  алынған  артефактілер 
бойынша, бұған дейінгі дəуірлерде мəйітті өртеп, күлін көміп келген болса, адамдар дүниетанымы-
ның  дамып  жетілуіне  байланысты  осы  аталған  кезеңнен  бастап  о  дүние,  жан,  рух  хақында  таным-
түсініктер мен наным-сенімдері күрделене түседі. Атап айтқанда, көр ішіне мəйітті сол жақ бүйірімен 
бүктістіре  жатқызып  қоя  бастайды.  Ол  жер  қойнына  қайтадан  ана  құрсағындағыдай қалыпта  табыс 
ету, яғни адам топырақтан жаралған деген түсінікті айғақтай түсетін наным-сенім бойынша атқары-
латын.  Ал,  ерте  темір  дəуірінен  бастап  (б.з.д.  VIII  ғ.)  мəйітті  қазіргідей  түзу  қалпында  жатқызып 
жерлей бастады. Дегенмен, кейінгі дəуірлерде де мəйітті өртеу ішінара бірлі-жарым сақталып келді. 
Ежелгі  адамдардың  көрді  айналдыра  дөңгелек  қорған  тұрғызуы  олардың  жерді  дөңгелек  болды 
деп  есептегендігімен  байланысты  деген  болжамдар  бар.  Мəйіттің  басын  батысқа,  жүзін  шығысқа 
қарата ұзынынан қойды. Ол атқан таңды көріп жату деген түсінікке сай бет-жүзін шығысқа қаратып 
қоюға  негізделді.  Өйткені,  ежелгі  түсінік  бойынша  күншығыс  –  тіршіліктің,  өсіп-өнудің  нышаны, 
батыс  –  сөнудің,  өшудің,  түннің,  яғни,  өлімнің  белгісі  болып  саналды.  Жерлеудің  осы  типі  мен 
аталмыш  наным-сенім  қазақ  арасына  ислам  діні  орныққанға  дейін  жалғасып,  кейін  басы  солтүстік-
батысқа  қаратыла,  бетін  құбылаға  (оңтүстік-батыстағы  Мекке)  қарай  бұрып  қою  қалыптасты.  О 
дүниелік  болғандардың  рухын  қастерлеуге  байланысты  түсініктерге  сай  бейіт,  мола,  зират,  қорған, 
(жергілікті  ерекшеліктерде  –  там,  -ауым,  -абірстан,  мEрде  т.б.)  тұсынан  өткенде  дұға  бағыштау 
қалыптасты (иманды  болы!ыздар,  сіздер  барған жерге  біздер де  барамыз,  -ияметті!  кEні жа-ын; 
-ара!ғы Eйі!із жары-, ауыр топырағы!ыз же!іл болсын т.б.). Тірілердің айтқан жақсы сөзі, лебізі  
бақилық болғандардың о дүниедегі өміріне əсер етеді, яғни көр азабын жеңілдетеді деген нанымды 
айғақтайды.  
Көр  халық  түсінігінде  өлім,  о  дүние  ұғымымен  байланыстырылып  өмір-тіршіліктің  қадірін  білу, 
жақсылық пен жамандықты айыра білу сынды тəрбиелік мəнді сөздерде теңеу ретінде жиі қолданы-
лады. Мысалы, «үш жеріңнен буғызып көрге бір салса сол жаман» деп келетін терме жолдары бар. 
Адам  баласының  алдында  қашан  да  өлім  бар  екенін  ұдайы  ескерту  мақсатында  -азулы  кFр,  -айда 
барса! да $ор-ытты! кFрі, яғни өлімнен қашып құтылған жан болған емес деген түсінікті əрдайым 
пенденің  есіне  салып  отырды.  КFр  азабы  деп  аталатын  о  дүниеде  тозаққа  түспес  үшін  тіріде  адал 
болып,  жақсылық  қана  жасауды  дəріптеп,  кFрдей  -ара!ғы,  кFр  ішіндей  деген  теңеулер  арқылы 
қорқытып  сақтандырып  отырады.  Ол  жөнінде  Мəшһүр-Жүсіп  Көпейұлының  төмендегідей  ой-
тұжырымын келтіруге болады: «əлбетте -абір ахиреттегі мекен жайларды! алғаш-ысы. Егер иесі 
оны!  азабынан  -Gтылса,  кейінгі  сына-тардан  же!ілірек  болады.  Ал  -Gтылмаса  одан  да  -иын 
болады».  
Исламдық сенім бойынша жерлеуге келгендер кеткен соң көрдегі марқұмды Мүңкір-Нəңкір (кей 
өңірлерде  Нəңкір-Мүңкір,  Мəңкүр-Шүңкір)  келіп  сұраққа  алған  кезде  отырғызып  қойып  тергейді-
мыс. Осы кезде марқұмға жаны қайтып келетін көрінеді. Яғни, лақат қуысының биіктігі отырған адам 
бойынан сəл  биік болуы керек деген өлшемнің бүгінгі кезде де сақталғандығын осы сұрақ-жауап алу 
мен о дүниеде тұтынылады деп саналатын бұйымдар қойылатын көне көзқарастың қалдығы ретінде 
түсіндіруге  болады.  Ілкі  дəуірлерде  өліктің  жан-жағына  тостаған  сияқты  ыдыс-аяқ,  қару-жарақ, 
əшекей  бұйымдар  қоятын  еді.  Құдық  деп  аталатын  көр  шұқырына  құрбандық  малы  (қой,  жылқы) 
көмілетін. Осы тұрғыда, көр  (қабір) шұңқырын ұйғырлар «таш өй», лақатты «ич өй» деп атайтыны 
көп жайттың басын ашады [5, С. 90]. Жерлеудің бұл түрі кейінгі уақытта ислам діні дендеп енгеннен 
кейін,  бұрынғыдай  марқұмның  тұтынған  заттары  жанына  қойылмай,  құрбандық  малы  немесе  «о 
дүниелік  асы»  бірге  жерленбейтін  болып  өзгерді.  Жоғарыда  аталған  көне  əдеттер  мұсылмандық 
шарттарға сай басқаша атқарыла бастады. Атап айтқанда, құрбандыққа шалынып көмілетін мал ендігі 
уақытта  таратылды  немесе  қонақасыда  желінді.  Ал,  мəйіт  жанына  қойылатын  заттары  «тəбəрік», 
«сада-а», «сыйыт» жəне «жыртыс» болып жұртшылыққа таратылды. 
Отырғызып жерлеу XIX-ғ. дейін бірлі-жарым орын алып келгенге ұқсайды. Ол жөнінде сол кезең-
де халық арасынан көптеген этнографиялық мəлімет жинақтап, мақала жариялаған И.Ибрагимовтың 
«...марқұмды  құбылаға  қаратып  отырғызып    жерлеген»  [6,  С.  151]  деп  жазғаны  жете  зерттеуді, 
анықтай түсуді қажет ететін құнды мəлімет. 
Ілкіде  адамның  тіршілікте  иеленген  қоғамдық  мəртебесі  о  дүниеде  де  сақталатын  наным-сенім 
берік  орнықты.  Яғни,  жерлеу  құрылымы  да  айрықшаланды.  Мақалаға  өзек  болып  отырған  жерлеу 
түрі  жоғары  əлеуметтік  топ  өкілдеріне  ғана  көрсетілетін  құрмет  еді.  Мысалы,  тікбұрышты  тар 
қабірлерге  атағы  жоқ,  кедей  рулық  қауым  мүшелері  жерленді.  Бұл  ұстаным  қазіргі  кезде  түбегейлі 
жойылып  барлық  адамға  (марқұмға)  жаппай  қолданылатын  болып  қалыптасты.  Көне  дəуірлерде 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
175 
ерекше бұзықтық жасаған адамды басын төмен қаратып жерлеу де орын алған (археологтар Əлішер 
Ақышев  пен  Хамит  Айтқұлдың  ауызша  мəліметтері  бойынша).  Бұл  құбылысқа  үндес  жерлеуді  – 
«моласындай  бақсының»  деген  тіркеске  негіз  болған  мұсылман  зиратынан  жеке  қойылып  келген 
бақсы  қабірімен  салыстыра  қарауға  болады.  Бірінші жерлеу  түрінде (басын  төмен  қаратып қоятын) 
бұдан  былай  марқұммен  қарым-қатынастың  үзілгенін,  яғни,  болашақта  оған  арнап  құрбандық 
шалудың, аруағын ескеру сынды т.б. салттардың орындалмайтындығын білдірді. Ал, қайтыс болған 
соң  бақсыны  зираттан  оқшау  жерлеу  –  халық  арасына  ислам  діні  əсерін  күшейте  түсу  мақсатында 
діншілдер тарапынан атқарылған еді. Ол тəңірілік дінді ығыстырудың амал-айласы еді. Осы тұрғыда, 
жоғарыда аталғандай адамның тірідегі мəртебесі өлгеннен соң да сақталатын болса, онда отырғызып 
жерленген адам кім болды деген сұрақ туады. Оған жауап болашақ ізденістер еншісінде. 
 
1
 
Маргулан  А.Х.,  Акишев  К.А.,  Кадырбаев  М.К.,  Оразбаев  А.М.  Древняя  культура  Центрального 
Казахстана. Алма-Ата: Наука, 1966. 435 с.; 
$аза-стан тарихы (кFне заманнан бEгінге дейін). Бес томды-. 1-
том. - Алматы: АтамGра, 2010;  
2
 
$Р МОМ-ді! археологиялы- -азба жGмыстарыны! есебінен. 1992. 
3
 
Dлімбай  НGрсан.  $аза-ты!  Fлікті  жFнелтуге  байланысты  жосын-жоралғыларыны!  этномəдени 
проекциясы // $Р %ҒА-ны! хабарлары. $оғамды- ғылымдар сериясы. 1994. - №4. -  36-48 бб. 
4
 
$аза-ты!  этнографиялы-  категориялар,  Gғымдар  мен  атауларыны!  дəстEрлі  жEйесі.  Ғылыми 
редактор жəне жоба жетекшісі НGрсан Dлімбай. Энциклопедия 1-том. А-Д.  DPS, 2011. – 736 б. 
5
 
Dжіғали  С.,  Байғабатова  Н.  Жетісу  -аза-тарыны!  салт-дəстEрлері  мен  əдет-ғGрыптары  //  $аза- 
хал-ыны!  дəстEрлері  мен  əдет  ғGрыптары.  1-том.  БіртGтастығы  жəне  ерекшелігі.  $Gраст.  С.Dжіғали.  - 
Алматы: Арыс, 2005. - 176-202 бб. 
6
 
Ибрагимов  И.И.  Этнографические  очерки  киргизскаго  народа  //  РТ.  Сборник,  изданный  по  поводу 
политехнической  выставки.  Вып.II.  Статьи  по  этнографии,  технике,  сельскому  хозяйству  и  естественной 
истории. - М., 1872. - С.120-152.  
7
 
Смагулов Е.А. Наземные склепы Борижарского могильника // $аза-стан археологиясыны! мəселелері. 3-
шығарылым. Ғылыми ма-алалар жинағы. - Алматы, 2011. (С. 119-141). 
8
 
Ажигали С. Е. Религиозность и обрядность сельчан Казахстана в ближайшей ретроспективе: Жетысу, 
середина  80-х  //  Обычаи  и  обряды  казахов  в прошлом  и  настоящем.  Сборник  статей.  Алматы:  Ғылым,  2001. 
С.35-98. 
9
 
МəшMEр ЖEсіп КFпейGлы. Шығармалары. 1 том. . – Павлодар. «ЭКО» ҒHФ, 2003. 
 
Резюме 
В настоящей статье рассматривается особый тип погребальной камеры, издревле практикующейся у казахов 
южных  и  южно-восточных  регионов  Казахстана  при  захоронении  усопшего.  Структура  данного  типа 
погребальной камеры, именуемого в народе «а-ым», «ла-ыт», «ла-атты -абір», «жандама», «жана-ым» или 
«жандатпа»  состоит  из  специально  подкопанной  в  юго-западной  стене  могильной  ямы  ниши,  предназначен-
ной для покойного и, собственно, могильной ямы. Данная погребальная традиция, известная в археологии под 
названием  катакомба,  восходит  к  эпохе  неолита.  Окончательно  сложилась  в  бронзовую  эпоху.  Данная 
проблема  изучается  в  контексте  ритуально-обрядовой  практики  традиционного  жизненного  цикла  казахов,  в 
особенности, связанной с похоронно-поминальной обрядностью. 
Ключевые слова: катакомба, захоронения, потусторонний мир, дух, тело. 
 
Summary 
In  this  article  used  among  the  Kazakhs  at  the  burial  structure  of  the  special  design  of  the  niche  -  the  catacombs, 
undermined  in  the  south-west  wall  of  the  burial  pit  and  called  as  "akym",  "lakyt",  "lakatty  kabіr",  "zhandama", 
"zhanakym" or "zhandatpa" are discussed. In this regard, given entrenched in the minds of Kazakh-nomads aspects of 
ancient beliefs and ideas associated with death and the other world, which are reflected in burial rites. For the purpose 
of the topic proposed the author's interpretation on the basis of archaeological sites and materials related to the funeral 
rites of oral and written sources on the ethnography of the Kazakhs. 
Key words: catacomb, burial, the other world, spirit, body. 

Абай атындағы $аз%ПУ-ні! Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №4 (47), 2015 ж. 
176 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №4 (47), 2015 г. 
177 
УДК 903.2(574) «637» 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРТАЛЫҚ МУЗЕЙДІҢ АРХЕОЛОГИЯ 
ҚОРЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОЛА ДƏУІРІ КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫН 
ҒЫЛЫМИ КАТАЛОГТАУДЫҢ КЕЙБІР ƏДІСТЕРІ 
 
Айтқұл Х.А. - $Р МОМ археология орталығыны! жетекшісі, 
е-mail:khamit.boray@mail.ru 
Мякишева О.А. - $Р МОМ археология орталығыны! ғылыми -ызметкері, 
е-mail: myakishevao@mail.ru 
 
Аталмыш мақалада ҚР Мемлекеттік орталық музейдің археология қорындағы Орталық Қазақстанның қола 
дəуірі қыш коллекциясын ғылыми каталогтаудың кейбір əдістері жөнінде баяндалады. Мақалада қыш ыдыстың 
жасалу технологиясы мен қатар нақыш түсіру техникаcы жөнінде көптеген мəліметтер берілген. Сонымен қатар 
еуразиялық  даланың  қола  дəуірі  мəселелерімен  айналысатын  археолог  ғалымдардың  да  еңбектері 
қарастырылды.  
Тірек сөздер: коллекция, қола дəуірі, артефакт, қыш ыдыс, нақыш Орталық Қазақстан.  
 
Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  орталық  музейінің  қорында  жинақталған  қола  дəуірінің 
археологиялық  материалдары  сол  заманның  тарихы  мен  мəдениетінің  басты  дерек  көзі  болып 
табылады.  Өкінішке  орай,  отандық  музейлердің  археологиялық  коллекцияларын  ғылыми  өңдеу, 
жариялау  ісі  деректерді  жинау  үдерісіне  қарағанда  мардымсыз,  дəлірек  айтсақ,  сүйек,  қыш  сынды 
заттық деректерді дəл жүйелеу, жіктеу амалдары қарастырылмаған, əрі қола дəуірінің басты мəдени 
жəне шаруашылық ерекшеліктерін айқындайтын осы тектес артефактілерге тəн нақты белгілер толық 
анықталмаған.  Осының  салдарынан  Қазақстан  тарихнамасында  бүгінге  дейін  музейлердің  археоло-
гиялық коллекциялары қарастырылмаған, ғылыми айналымға енгізілмеген деуге болады.  
Бірқатар  объективті  факторларды  ескерсек  еліміздің  музейлер  қорындағы  археологиялық  мате-
риалдар коллекциясы  тарих пен мəдениеттің бірден-бір мəнді де дəйекті дерек көзі екендігі даусыз, 
сондықтан бұл іске соңғы талаптар тұрғысынан қарау өзекті мəселе. Осы жерде айта кететін бір жайт 
музей  қорындағы  коллекцияларды  ғылыми  каталогтау,  деректерді,  мəліметтерді  сақтау  мен  қатар 
жариялауды  айтпағанның  өзінде  археология,  тарих,  антропология,  этнология  т.б.  гуманитарлық 
ғылымдар  саласындағы  зерттеулердің  дереккөзін  толықтырып,  тың  ізденістерге  негіз  болады. 
Аталмыш  артефактілерге  жоғары  оқу  орындары  мамандары  мен  студенттерінің  кол  жеткізуіне  жол 
ашып, отанымыздың көне тарих жайлы білімін тереңдетуге ықпал етерлік көрнекті оқу құралы бола 
алады,  объктивті  себептермен  бүліну,  жойылу  қатеріндегі  артефакт  жөнінде  мəліметтің  сақталуын 
қамтамасыз  етеді  жəне  музей  коллекциясы  –  мəдени  мұраның  оқырман  қауым  ортасында  кеңінен 
танылуына септігін тигізеді. 
Қыш ыдыстар Орталық Қазақстан қола дəуірі коллекциясының ең көп тараған артефактілер түрі. 
Сондай  ақ,  аталмыш  артефактілер  андрон  мəдениетінің  ескерткіштерін  жіктеуге  негізгі  материал 
болып  табылады.  Ал,  қыш  өндірісі  технологиясы  белгілі  шамада  ыдыстың  пішінін  анықтайды, 
осыған орай оны маңызды этникалық маркер ретінде қарастыруға да болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет