Абай Теміртау қалалық әлеуметтік-ақпараттық газет 2 қаңтар жұма 2015 жыл №01 (03)



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата27.01.2017
өлшемі6,29 Mb.
#2792
1   2   3   4   5

Тауешкі

2015  жыл  тауешкіден  көшбасшылық, 

ұй ым дастыру  қабілетін  пайдалануды  та­

лап  етеді.  Адамдарды  біріктіру  ­  сіздің 

бас ты  мақсатыңыз  болмақ.  Жұмыста  іс­

шара лар  ұйымдастырып,  үйде  ренжіскен 

туыстарыңызды  татуластырасыз.  Ақпан  ­ 

келіссөз  жүргізу  үшін  таптырмас  уақыт.  На­

урыз,  сәуір  айларын  демалысқа  жұмсап, 

өз­өзіңізге  көңіл  бөлгеніңіз  жөн.  Шілде  не­

месе  тамыз  айларында  көптен  күткен  сая­

хатты жоспарлауыңызға болады. Жұмыстағы 

табысты  кезеңді  қазан  айының  еншісіне 

қалдырыңыз.  Қымбат  зат  сатып  алу  мен 

маңызды шешім қабылдау уақыты ­ қараша 

мен желтоқсан. 

Мансап

2015  жыл  тауешкі  әйел  адамдар  үшін 



табысты жыл болғалы тұр. Десе де өмірден 

аса үлкен нәрсе талап етпеңіз. Айналаңызға 

бағдарлап қараңыз, сізді ұнатып жүрген жігіт 

қаншама, жұмысыңыз тұрақты, бүгінмен өмір 

сүріп, қиялыңызбен аспанда қалықтаудан өз­

өзіңізді тежеңіз. 

Ал  жігіт  тауешкілер  үшін  2015  жыл 

жетістіктері  жұмыспен  байланысты  бола­

ды.  Қызметте  өсесіз.  Ал  шеніңіз  өспесе, 

қаржыңыздың  молаятынына  сенімді  болы­

ңыз. Жазға дейін несие алмауға тырыс ың ыз. 

Бойдақ тауешкілер осы жылы жүрегінің жар­

тысын жолықтырады. 

Қаржы


Тауешкілер үшін бұл жыл басшылық та­

рапынан  жылы  көзқарасқа  ие  болу  жылы. 

Тек барлық дарыныңызды көрсетіңіз. Жұмыс 

іздеп  жүрген  тауешкілер  айлығы  жақсы, 

тұрақты жұмысқа тұрады. Еселі еңбегіңіз жаз 

айының басында еленбек. 

Махаббат

Жыл  бойы  тауешкі  жігіттер  өзінің 

нағыз  ерге  тән  қабілеттерімен  көзге  түссе, 

тауешкі  әйелдер  нәзік  жанды  леди  ретінде 

танылмақ.  Бұл  өзгерісті  қоршаған  ортаңыз 

да  байқап,  сізді  таныс  ретінде  емес,  жігіт 

не  қызға  қарағандай  қабылдайтын  болады. 

Тауешкімен  адамдар  сөйлескісі  келіп,  үнемі 

назарында ұстайды. Бұл сізге сенімділік пен 

көтеріңкі  көңіл­күй  сыйлайды.  Өз  махабба­

тын  жолықтырған  тауешкі  қарым­қатынаста 

тұрақты болмақ. 

Отбасылы  тауешкілер  үшін  2015  жыл 

өзгеріске  толы  болмақ.  Өзгерістің  салда­

ры  өкінішке  әкеп  соқпас  үшін  тауешкінің 

ұрыс  кезінде  үндемей  қалуы  қажет.  Отба­

сы  үшін  алғашқы  жартыжылдық  қауіптірек. 

Тауешкі  жанұясындағы  ұрыс­керіс  көбіне 

ұсақ­түйектен  басталады.  Сондықтан  кон­

фликтке түспей, оның алдын алуды ескерте 

кетейік.  Жартыңызға  жиі  қоңырау  шалып, 

оған  көңіл  бөліп  тұрыңыз.  Оның  алдында 

үнемі есеп беру жүйкеңізге тисе де, уақытша 

шыдасаңыз, бәрі қалпына келеді. 

Денсаулық

2015  жылы  тауешкілердің  денсаулығы 

сыр  бермейді.  Сондықтан  денсаулығыңыз 

үшіналаң болмаңыз. Үйде отырып емдей бе­

руге  болатын  жеңіл  аурулар  бәрінің  басын­

да болатыны анық. Көктемде дәруменді жиі 

қабылдап, күшіңізді бақылауда ұстаңыз. Таза 

ауа,  қанық  ұйқы,  жеміс­жидек  пен  массаж 

денсаулығыңыз үшін жақсы көмекші болмақ. 

Көз  саулығына  баса  назар  салыңыз.  Көзге 

арналған  жаттығулар  жасап,  монитор  мен 

теледидардан  демалып  тұрыңыз.  Тауешкіге 

лайық спорт түрі ­ йога. 

Жұлдызжорамалға  сенсек,  2015  жыл 

тауешкіні  тағына  шығарып,  төбесіне  көтер­

мек. Өз мүмкіндігіңізге сеніңіз!



Суқұйғыш 

Қой жылы суқұйғыштың барлық бастауы­

на сәтті келеді. Олар бір уақытта қызық құмар, 

сөзге шешен, қамқор және ауыр жұмысқа мой­

ынсынбайтын  болып  өзгереді.  Суқұйғыштар 

қой  жылында  кез  келген  жоспарын  жүзеге 

асыра алады. Дегенмен жоғарыда айтылған 

суқұйғыштың еш еңбектенбей жетістікке жете 

алатынын  білдірмейді.  Олар  өз  саласында 

мол  еңбектеніп,  жыл  соңына  қарай  сүбелі 

нәтижеге  жетеді.  Суқұйғыштардың  жеке 

өмірінде де жақсы өзгерістер бар.

Мансап

Суқұйғышқа  қой  жылында  өзі  қалаған 



орында, өзі қалаған мансапта жұмыс істеуіне 

мүмкіндігі  келмейді.  Сондықтан  олардың 

мансаптық  өсуі  болмайды.  Себебі  жұмыс 

тек  табыс  алып  келмей,  қызығушылықты 

да  арттыруы  тиіс.  Бұл  белгінің  адамдары 

творчестволық  қуаты  мен  дүниетанымын 

дұрыс бағытқа сала алады.

Қаржы


Суқұйғыштың  ең  негізгі  бағыты  твор­

чес твоның  көмегімен  қаржыға  бөленуді 

сүйемелдейді.  Олар  замандастары  арасын­

да тәжірибелі көрініп, оларды өзімен ілестіре 

кете алады. Басында жәй ғана қызығушылық 

ретінде  басталған  жоба  кейіннен  жақсы  та­

быс  кілтіне  айналады.  Тіпті  жеке  бизнестің 

бастауына да көп мүмкіндік пайда болады. 

Махаббат

Жыл  басында  суқұйғыштардың  жеке 

өмірінде  жаңа  танысу  болмайды.  Біреулер 

бұрынғы  махаббатын  қайта  сағынса,  тағы 

біреулер  барлығына  нүкте  қояды.  Жаңа 

өзгерістер тек көктемнің жылы лебімен кіріп 

келеді.  Кішігірім  ренжісулер  маусымның  ба­

сына қарай болса да, тату өмір сүрудің сама­

лы сізге де келеді. Ұнатқан адамына бірден 

көңіл  қою  дұрыс  болмайды.  Тек  өзіңізді 

бақылай білгеніңіз жөн. 

Денсаулық

Суқұйғыштың 

денсаулығы 

қыстың 

суығына  қарамастан  еш  ауыртпалық  таныт­



пайды.  Негізі  аталған  белгінің  үлесі  тиген 

адамдар дәрігерге барғанды ұната бермейді. 

Кішігірім  салқын  тиіп  қалғанда  өзінің  ем­

деу  әдісін  пайдаланады.  Дегенмен  кейбір 

жағдайда  бұл  процесс  кері  әсерін  тигізуі 

ықтимал.  Сондықтан  дәрігердің  көмегіне 

жүгінген жөн болады.

сыңарларын  кездестіруі  әбден  мүмкін.  Бұл 

жылы  көп  танысқа  тап  боласыз.  Көктемде 

сіздің  қаржылай  мәселелеріңізді  шешуге 

көмектесетін қамқор адаммен танысуыңызға 

мүмкіндік бар. Бірақ сіз жолықтырған жанның 

жасы  сізден  біршама  үлкен  немесе  кіші  бо­

луы мүмкін.

Қараша  айының  аяғында  туылған  Мер­

гендер бұрынғы сүйіктілеріне оралуы мүмкін. 

Алайда  ұмытылмас  сезім  сіздерге  алға 

қарай  нық  қадам  басуға  кедергі  келтіреді. 

Іс­әрекетіңіз  сіз  ойлағандай  болмайды. 

Сол  себепті  сіз  өткенге  оралмай,  барлығын 

жаңадан бастауға тырысыңыз. 

Денсаулық

Астрологтар 

ауруханаға 

жатқыңыз 

кел месе,  2015  жылы  денсаулығыңызға 

көп  қарауыңыз  керек  деген  болжам  ай­

туда.  Барлық  зорығулар  сізге  кері  әсерін 

тигізуі  мүмкін.  Дәрігерге  қаралуды  естен 

шығармаған  жөн.  Және  үйде  жатып  емдел­

мей,  бірден  дәрігерге  бару  керектігін  қатаң 

ескертеді.



Балық 

Балықтардың  келер  жылы  өздерінің 

көздеген  мақсат­мұраттарына  жетуге  бар 

мүмкіндіктері  болады.  Қой  жылы  сіздерге 

жаңалықтар,  табыс  пен  мол  мүмкіндік 

әкеледі.  Келер  жылы  ішкі  дауысыңызды 

мұқият  тыңдап,  жұмысқа  жауапкершілікпен 

қарауыңыз керек.

Мансап

Қой  жылы  балықтарға  жаңа  бастама 



алып келеді. Жұмыста ұжым басқару секілді 

жауапкершілігі  жоғары  істерге  араласты­

руы  ықтимал.  Сол  кезде  балықтарға  өзінің 

барлық қабілетін көрсетуге қолайлы сәт туа­

ды. Бұл дегеніңіз сізге артылған жүктің үлкен 

болатынын аңғартады. Жұмыста жалақыңыз 

жоғарылауы мүмкін.

Қаржы


Сәуір  айының  екінші  кезеңі  мен  ма­

мыр  айының  ортасында  дүниеге  келген 

балықтарда  кей  мәселелер  туындайды. 

Бұл  уақыт  аралығында  қарызға  ақша  неме­

се  несие  алудың  еш  керегі  жоқ.  Керісінше 

біреуге  борышты  болсаңыз,  дер  кезінде 

қайтару  қажет.  Жылдың  екінші  жартысында 

өзіңіздің  сүйіктіңізге  байланысты  жасаған 

шығындарыңыз  көп  болады.  2015  жылы 

құмар  ойындардан  өзіңізді  аулақ  ұстаңыз. 

Ақша  балықтарға  тек  маңдай  термен  ғана 

келеді.  Тағы  айта  кететіні,  барлық  күш 

жігеріңізді  мансапқа  бағыттауға  тырысыңыз. 

Себебі қаржы табу тікелей осыған байланы­

сты.

Махаббат


Ақпан  айының  басына  дейін  осы  белгі 

өкілдерінің  сезімі  құбылмалы  болмақ. 

Сіздер әрдайым ұнатқан адамыңызды құлай 

сүйетіндей ғашық күйде боласыздар. Мұндай 

құбылыс  тек  жалғыз  басты  жандарға  ғана 

емес,  сонымен  қатар  қасында  серігі  бар 

жұптарға да тікелей қатысты.

Денсаулық

2015  жылы  суық  тию  аурулары  ден сау­

лықты  жиі  мазалайды.  Ол  үшін  күнделікті 

түрде  әртүрлі  пайдалы  дәрумен  мен 

иммунитетті 

жоғарылататын 

пайдалы 


тағамдар жеу керек. Қыстың алғашқы айын­

да денсаулықты шымырлату қажет. Көктемде 

сіз  түр­тұрпатыңызды  өзгерткіңіз  келеді. 

Бұл, әсіресе, әйел адамдарға қатысты. Осы 

уақытта  спорт  кешеніне  барып,  жаттығу 

жасасаңыздар абзал.

Жұлдыз жорамал


№ 01 (03)  2 қаңтар 2015 жыл

Қ

қ



10

Болжам


Қой жылы – жылқы жы­

лынан кейін, мешін жылынан 

бұрын келетін мүшел есебінің 

сегізінші жылы. Қой жылы Азия 

халықтарының көпшілігінің 

күнтізбелерінде қолданылады. 

Григорий күнтізбесі бойынша, 2003 

жылдың 22 наурызы мен 2004 

жылдың 21 наурызы аралығына 

сай келеді, одан кейін 2015 – 2016, 

2027 – 2028, 2039 – 2040, т.с.с. 

жылдары қайталанады. Қазақтар 

қой жылын жақсы жыл санайды. 

Өткен қой жылдары халыққа 

жайлы болған, ел молшылыққа 

кенелген.

Қазақша жыл санау Халықтық 

жыл санау есебінде 12 жыл аты 

бар болса, олар туралы дерек­

тер VIII ғасырдағы «Күлтегін” 

ескерткіштері мен ХІ ғасырда 

өмір сүрген Махмұт Қашқаридың 

еңбектерінде кездеседі. Қазақша 

жыл санау мен жыл қайыру кестесі 

бойынша, жылдар бірінен соң бірі 

былай аталады: тышқан, сиыр, 

барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, 

қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Жыл 

басы қазақтарда тышқаннан және 

Наурыз айының 22­сінен баста­

лып, ол он екі жыл бір айналғанда 

мүшел жасты құрайды. Алайда, 

адамның алғашқы мүшелі ­ 13 жас.

1966­67 қой жылында 

Қазақстанда миллиард пұттан 

астам астық алынды. Құнанбай 

қажы қой жылы туып, Шоң би қой 

жылы қайтыс болған. Қазақстан 

1991 қой жылы тәуелсіз ел 

атанған. Ахмет Байтұрсынов қой 

жылы (1873) дүниеге келген.

Қой жылы туылған 

адамдардың мінез­құлқы жай­

лы ел арасында сәл нәрсеге 

ашуланады, қисайған бетінен 

қайтпайды деген сыңайдағы 

сөздер бар. Сондай сәттерде 

өзіне де, жанында жүргендерге 

де қауіпті делінеді. Өзін жарға 

жығатын мінезі – шешімді тым 

асығыс қабылдайтындығы. Қой 

жылы туғандардың бәрі ондай 

пікірде деген ойдан аулақпыз. Қой 

жайма­шуақ, қоңыр мінездің иесі 

болғандықтан, бұл құбылыс оларға 

да әсер етеді. Қой жылы туғандар 

өзгелермен тез тіл табыса біледі, 

сәнді киінуді ұнатады. Сезгіш, 

өнер тапқыш, қиялға бай болады. 

Алайда, ерке, қыңыр, құбылмалы 

болады. Бұл жылы туғандар 

суретші, актер, бағбан сынды 

мамандықтарды таңдайды.

Шопан ата туралы

Шопан ата – қой түлігі мен 

шопанның пірі. Зерттеушілердің 

пікірінше, шамамен XIII – XIV 

ғасырларда өмір сүрген және 

Қожа Ахмет Иасауи тариқаты 

басшыларының бірі болған. Жал­

пы ислам дүниесінде әрбір кәсіптің 

киелілігін, абыройлығын әйгілеп

ол кәсіптердің бастауында тұрған 

рухани ұстаз, қасиетті пірге құрмет 

көрсету дәстүрі бар. Сондай­ақ 

дәстүрлі қазақ мұсылмандығында 

да қазақтың ата кәсібі мал 

шаруашылығына байланысты пір 

тұтылатын қасиетті есімдер бар. 

Солардың бірі ­ Шопан ата. Ол 

Иасауи тариқаты дәстүрінің ұстазы 

ретінде тарихи тұлға болса да, 

халық жадында шопандық кәсіптің 

пірі ретінде аңыздық тұлға болып 

сақталды. Халық арасында Шопан 

ата туралы аңыз әңгімелер көптеп 

таралып, қой түлігінің қасиеттерін 

дәріптеген және сол кәсіптің иесі 

пірден қолдау, желеп­жебеу тілеп, 

мұсылмандық дәстүрмен рухани 

жалғастыққа ұмтылған.

Шопан ата қорымы – тарихи­

этнографиялық мәдени ескерткіш. 

Батыс Қазақстан жеріндегі 

көне сәулет өнеріне (XII – XX 

ғасырлардың басы) жатады. Қазіргі 

Маңғыстау облысындағы Сенек 

ауылының солтүстік­шығысынан 

25 км жерде орналасқан. Қорым 

аңыз бойынша Қожа Ахмет 

Иасауидің шәкірті Шопан ата 

салдырған мешіті төңірегіне 

жайғасқан. Шопан ата қорымы 

жергілікті халықтың ертедегі 

салт­дәстүрін, жерлеу рәсімін 

танытатын діни архитектуралық 

құрылыс түрінде салынған. Ол 

Жұлдыз 


жорамалға 

қарап, 


адамның  болмысын  ашуға  бо­

лады.  Кейде  тіпті  жұлдыз  жо­

рамалда  айтылған  нәрселер 

дәлме­дәл  келіп  қалғанда,  ерек­

ше  таңғалып  қалатынымыз  бар. 

Мамандар  әр  белгінің  жақсы 

жағы  мен  кемшілігін  саралауға 

тырысқан екен.

 • ТОҚТЫ

Жақсы жағы:

+ Туған күні жылы мезгілде, 

+ Жігерлі, 

+ Сезімтал

Жағымсыз жағы:

­ Күйгелек

­  Агрессивті  (тоқты  белгісіндегі 

адаммен  сөз  таластырудың 

қажеті жоқ)

• ТОРПАҚ

Жақсы жағы:

+ Мақсатына жетпей тынбайды 

Жағымсыз жағы:

­ Қырсық

­ Қызғаншақ

• ЕГІЗДЕР

Жақсы жағы:

+  Көбіне  көңілді  жүруге  тырыса­

ды 


+  Адамдармен  жақсы  араласа 

алады


+ Үнемі жаңа идеялар жетегінде 

жүреді


Жағымсыз жағы:

Қой жылы туралы 

деректер

алып жатқан жер көлемі мен 

ескерткіштерінің саны жағынан 

(2 мыңнан астам) Арал – Каспий 

өңіріндегі ең ірі қорымның бірі, әрі 

қазақ және түрікмен қорымы деп 

нақты межеленіп, екіге бөлінген. 

Оның дәл ортасындағы әк тастан 

қашалып жасалған мешіт бірнеше 

бөлмеден тұрады. Мешіт ауласын­

да “қасиетті” тұт ағашы өскен және 

жуынып­шайынатын тас суат бар. 

Қорымның солтүстік­шығысында 

құжыралар, михрабтар мен намаз 

оқып, демалатын негізгі жайлар, 

ал шығыс бөлігінде көптеген 

сағанатам, күмбезді кесене, 

құлпытас, қойтас пен сандықтастар 

орналасқан. Мұндағы ескерткіштер 

архитектуралық және әшекей­

өрнектік шешімі жағынан сан түрлі: 

олар әктас, құмтастан қашалып 

жасалған. Ірі құрылыстардың 

ішінде ерекше көзге түсетіні 

– сағана тамдар. Олардың 

кіре берісі кесенелер секілді 

оңтүстікке қарайды. Шопан ата 

қорымын М.Меңдіқұлов басқарған 

архитектуралық экспедициясы 

(1952), Қазақ КСР­і Мәдениет 

министрлігі (1977 – 78) және 

Республика ескерткіштерді қорғау 

қоғамының (1982) экспедициясы 

зерттеген.

Енді мал пірлері туралы 

аңызға назар аударып, оны 

ішінде Шопан ата жайлы аңызды 

назарларыңызға ұсынамыз. Бұл 

аңыздың қағаз бетіне түсуіне үлес 

қосқан ­ Болат Бопайұлы.

Баяғыда жыл санаумыздан 

бұрынғы ықылым замандарда 

адам баласы төрт түлік малдың 

атын білмейтін, қолға үйретпеген 

кезде, топ­топ болып орманды, 

тауды, өлкелердегі үңгірлерді 

мекен етіп, ағаш, тастардан әр 

алуан құрал жасап, сол құралдың 

көмегімен аң аулап, құс қулап, 

тіршілік етеді екен. Жуас, бейуаз, 

қоңыр аңдардың етін қорек етіп, 

терілерін тәндеріне жамылып күн 

көрген. Сол замандағы алғашқы 

жабайы адамдар осылай топта­

сып өмір сүрмесе, бірігіп тіршілік 

көрмесе, жалғыз жарым, жалқы 

қалғандарын аю, жолбарыс, 

арыстан, қабылан, қасқыр сынды 

жыртқыш аңдар жәркемдеп жеп, 

жеміне айналдырады.

Сол жабайы адамдардың 

арасында да ғажайып батыр, 

балуан, шешен, көсем, тапқыр, 

айлалы кісілер болыпты. Сондай 

адамдар бытырап жүрген топ­топ 

тайпалардың басын бір жерге 

қосып, ұйымдастырып өмір сүреді 

екен. Сөйте­сөйте жиналып, үлкен 

қауым елге айналған бір топтың 

басшысы «Қазғақ» деп аталады. 

Қазғақ жеті ағайынды екен. Жетеуі 

де бірінен бірі өткен батыр екен. 

Олар Қазғақ, Қамзақ, Қамбар, 

Ойсыл, Зеңгі, Шопан, Шекшек 

деп аталады екен. Жетеуі жеке 

жүріп те жыртқыш аңдарды аулай 

береді. Жетеуінің денесінен бір 

түрлі иіс шығып тұрады екен. Сол 

иісті жыртқыш аңдар алдын ала 

сезіп, бұл жеті ағайынды жүрген 

жерге жоламайды екен.

Қазғақ жеті өнерді меңгерген, 

ақылды, көреген, данышпан 

болғандықтан, жиналған көп 

тайпаны сол билеп­төстеп 

тұрыпты. Қалған алты інісі Қазғаққа 

мықты қолғанат рөлін ойнапты. 

Қалған тайпалар оларға уыздай 

ұйып, қазғақтың айтқанын істеп, 

жұмсағанын ақтарып күн көріпті. 

Түндер өтіпті, күндер өтіпті, айлар 

аунап, жылдар жылыстапты. 

Сөйтіп жүргенде тайпаға тай­

па қосылып, қауымы да көбейе 

беріпті. Жалпақ жұртқа айналыпты. 

Мекендеген жерлері ұлғая беріпті.

Қазғақ бір күні жатып алып түс 

көріпті. Түсінде қызық іс көріпті. 

Түсіне Адам ата кіріп, ақыл­

кеңес беріпті: «Әй, Қазғақ, сен 

расында батырсың, ақылдысың, 

данышпансың, алты інің сенен де 

өткен батыр. Сенен де даныш­

пан, білгір. Тайпаң көбейді, жерің 

үлкейді, мекен­жайың кеңейді. 

Енді сен жалғыз басқаруға шамаң 

келмейді. Қол астыңдағы адамдар 

бұдан да көбейеді. Көбейген сайын 

бөлінеді. Сен содан бұрын алты 

ініңді тәрбиелеуің керек. Ол үшін 

оларға дымды да білдірмей алта­

уын алты жаққа ай далаға апарып 

тастасаң, олар бір таңғажайып 

кереметті жаратады. Сол керемет­

тен кейін алты інің бөлінетін тай­

паны басқарып, сенің мәртебеңді 

асырады»,­ депті.

Қазғақ енді бұрылып, інісі 

Шопанға қарады: «Шопан, сен 

мүйізі шығырықтай етіп қойларды 

айдап келіпсің, енді сен «Шопан 

ата» аталасың»,­ деп:

Қой пірі – «Шопан ата»,

Бата берейін, маған қара.

Ай мүйізі шақпақтай,

Шүйделері тоқпақтай.

Тегене құйрық қошқарлы,

Тұяқтары ашалы.

Қойды айдап келіпсің,

Бар сырын ұғып, біліпсің.

Ақсағаннан ақсаған,

Қозысы өлсе қақсаған.

Аппақ сары сүті бар,

Шағаладай «құты» бар.

Моп­момақан жануар,

Бабын тапқан жан бағар.

Қой бақпаған құр қалар.

Қойдың сүті қорғасын,

Қойды қырған оңбасын.

Шопан ата  аталсын,

Ел аузында жатталып,

Өмір бойы сақталсын!

Батадан кейін Қазғаққа сары­

бас қошқарын тарту етті. Қазақтағы 

ақсарбас қой шалу, қой малына 

«Шопан ата» деп ат беру салты 

содан басталады.

­ Көңіл­күйі аумалы­төкпелі.

­  Достарының  пікірінен  шыға  ал­

майды 


• ШАЯН

 Жақсы жағы:

+ Сезімтал

+ Қарым­қатынасқа оңай түсе ала­

ды

+ Достыққа тұрақты



Жағымсыз жағы:

­ Көңіл­күйі аумалы­төкпелі

­ Сын қабылдай алмайды

• АРЫСТАН

Жақсы жағы:

+ Мақсатты

+ Сенімді

+ Батыл


+  Көмек  сұраған  адамның  бетін 

қайтармайды

Жағымсыз жағы:

­ Қырсық


­ Атаққұмар 

­ Сын көтере білмейді 

• БИКЕШ

Жақсы жағы:



+ Ұқыпты

+ Өз­өзін ұстай алады

+  Байқампаз,  өз  қателігін  көре 

біледі


+ Сыртқы келбеті тартымды

Жағымсыз жағы:

­  Кейде  тіпті  ұқыпты  болып  кетеді, 

бұл  төңірегіндегі  адамдарға  кері 

әсер етеді

­ Өмірге көп өкпе артады

­ Қызғаншақ

• ТАРАЗЫ


Жақсы жағы:

+ Сабырлы

+ Әділ

+  Жансыз  нәрсенің  аты  берілген 



бірден­бір белгі

+ Жауапкершілігі жоғары

 Жағымсыз жағы:

­ Көңіл­күйі аумалы­төкпелі 

­ Достарының пікіріне бағынышты 

­  Үнемі  достарының  қолдауын 

күтеді

• САРЫШАЯН



Жақсы жағы:

+ Белсенді 

+ Бастаған ісін тастамайды 

+ Жауапкершілігі жоғары

+ Достыққа тұрақты

+ Өз пікірі бар

Жағымсыз жағы:

­ Қызғаншақ 

­ Өзімшіл

­ Кек сақтайды

• МЕРГЕН

Жақсы жағы:

+ Көңілді

+ Батыл


+ Сырт келбеті сүйкімді

+ Адамдарға көмектесуге әзір

+ Есте сақтау қабілеті жоғары

Жағымсыз жағы:

­ Кек сақтағыш

­ Олақ


­ Сенімсіз

­ Дөрекі


• ТАУЕШКІ 

Жақсы жағы:

+ Мақсатқа ұмтылғыш

+ Сенімді

+  Қарым­қатынасты  жақсы  құра 

алады


+ Көшбасшы 

Жағымсыз жағы:

­ Кейде тауешкіге төзу мүмкін емес

­ Кек алғыш

­  Мақсатына  жете  алмаса,  бәрін 

жек көріп кетеді

• СУҚҰЙҒЫШ 

Жақсы жағы:

+ Адамдарды ажырата алады

+ Мейірімді

+ Достары көп

+ Әзілқой

Жағымсыз жағы:

­ «Жоқ» дей алмайды

­  Көбі  суқұйғыштарды  біртүрлі 

адам деп таниды

• БАЛЫҚТАР 

Жақсы жағы:

+ Дарынды 

+ Мейірімді, жомарт

+  Өзгенің  қызығушылығын  өз 

қызығу шылығынан жоғары қояды

Жағымсыз жағы:

­  Көп  адамдар  үшін  шешуі  қиын 

жұмбақ

­ Аңқау, балықтарды алдау оңай.



Жұлдыз жорамал бойынша жақсы 

жағың мен кемшілігің



Қ

қ

11



№ 01 (03) 2 қаңтар 2015 жыл

Аралдың Жанасы...

Біздің  ауылға  да  жау  шаба  бастапты, 

біздің өрісімізге де өрт ұшқыны іліне бастады. 

Қамшының  сабындай  қысқа  ғұмырды  одан 

сайын келтелетіп Жанас­аға да өтті өмірден. 

Арыстың Жанасы. Дұрысы жалғыз Арыстың 

ғана  емес,  Теміртаудың  хас  азаматы  еді. 

Шешеміз  аса  қадір  тұтатын  алты  арыстың 

бірі­тін. Біздің шаңыраққа сыйлы азаматтар­

ды шешеміз осылай атайтын. Ағамыз үлкен­

кіші демей баршамызды қадірлей білді. Әке­

шешеміз  келмес  сапарға  кеткеннен  кейін 

де  ауылдың  үлкені  ретінде  тоңторыс  жүре 

бермей,  үлкен  мен  кіші  арасында  сирек  бо­

латын  қарым­қатынасқа  селкеу  түсірмегені 

де  шындық.  «Ата­анаңның  көзін  көргенді 

сыйла»  делінген  хадисте.  Бір­біріміздің 

қадір­қасиетімізді  бағалып,  аялап  жүрдік. 

Киімнің жағасы, достың ескісі жақсы дегенді 

ұмытпадық. Сөйткен шоң аға жоқ енді...

Ол  алаштың  астанасы  болған  – 

Қызылорда облысының батыс бөлігіндегі ел 

«ақұдай»  деп  атап  кеткен  кәрі  Аралдан  еді. 

«Туған  жердің  топырағы»  деген  ұғым  бар. 

Бұл  ұғымның  қай  заманнан  келе  жатқанын 

кім білген. Біз әйтеуір осы бір ыстық ұғымның 

адамның  селді  серігі  екенін  білеміз  дейді 

аңдағандар.  Туған  жердің  топырағын  алғаш 

рет  сезіну  –  сірә,  өмірді  сезінудің  басы  ма 

деймін.  Қазірде,  неше  жыл  өткен  соң,  туған 

жер  жиі­жиі  түске  кіріп,  күс  табанға  шағыр 

кіріп,  селдір  өскен  құртқашашын  тараған 

балалық  кезің  бен  өзегің  талғанша  көк 

теңіздің өзегіне түсетін боз балғын шағың көз 

алдыңда қалқып шыға келетіні бар. Сол сары 

ала сағыныштан шығар Жанас аға қарт Ара­

лын аузынан бір тастамайтын. Ауылға барып 

қайтқандағы әңгімесін айтқанда тастан құлай 

аққан  бұлақтай  сылдырап  өңкей  келісім 

құрап ауыздың суын құртатын. Әңгімеге дос, 

сөзге салмақты қарайтын...

«...Қазақ  арасында  жердің  ең  бір 

шұрайлысын  Швеицарияға  теңейтін  әдет 

бар.  Өркениет  өлшемін  білдірер  білік 

көрсеткішінің  көрінісі.  Көкшетаудың  сексен 

көлінің  ең  көріктісі  –  Бурабайды,  ерке  кер­

без  Баянауылды,  ескі  жыр  «Қозы  Көрпеш­

Баян сұлуда» аталатын Баянның қарқарасы 

іспеттес  Қарқаралыны  да  соған  теңейді. 

Бұлар,  сөз  жоқ,  таулы­тасты  мекендер 

ішіндегі  ең  әдемісі  шығар­ақ.  Солай  де­

сек  те,  жазық,  құмды  дала  сұлулығын  кім 



Азалы жыр

Жанас-ай... Жаратқалы қазалы қыр,

Сендей-ақ болар кешкен таза ғұмыр.

Мадақ жыр жазамын деп  жүргенімде,

Амалсыз жаздырдың-ау азалы жыр.

Дәуірде жас жүректер алас ұрған,

Ұранға Жауыртауда дала тұнған.

Жапанда құйын кезген Құрыш қала,

Жастардың жалынынан жаратылған.

Туғаннан жылқы мінез боздақ едің,

Аралдан аттандырған қолдап елің.

Елу жыл  комбинаттың отын үрлеп,

Намысын Теміртаудың қорғап едің.

Ешкімді санамайтын тіпті бөтен,

Теміртау болды саған құтты мекен. 

Сене алмай жүрдің осы жерұйыққа,

«АрселорМиттал» туын тікті десем.

Бірі едің жігіттердің бағы жанған,

Елің де еңбегіңді танып алған.

Күрделі комбинаттың әр цехында,

Жанастың саусағының табы қалған.

Жанында жүргендігін кереметтің,

Тіріде жатпайды екен елеп ешкім.

Құзындай Марианның терең едің,

Шыңындай биік едің Эверестің.

Құрыштай шымыр едің, айбатты едің,

Қылыштай жауға сілтер қайрап тегі.

Егемен еліміздің, Елбасының,

Қажымас, үзеңгілес қайраткері.

Кезің жоқ биігіңнен төмендеген,

Теміртау Жанас десе елеңдеген.

Түсіме үш ұйықтасам кірмес еді,

Қаралы күніңді бұл көрем деген.

Қаралы желтоқсанға тұнып қайғы,

Сағаты бір жүректің тұрып қалды.

Азалы жылдарды ел ұмытқанмен,

Арыстың ардақтысын ұмытпайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет