Абай толық адам туралы



бет4/5
Дата22.05.2023
өлшемі58,93 Kb.
#96015
1   2   3   4   5
Төртiншi айырмашылық – адам мен толық адамның негiзгi қасиеттерiнде. Материалдық сатыдағы «адамдардың» негiзгi қасиетi – имандылық дәрежесiмен өлшенеді. Соған байланысты олар түрлi жетiлу деңгейiнде болады. Ал рухани жетiлу сатысындағы «толық адамдардың» негiзгi қасиетi – Құдайға берiлу, яғни Оған деген ынталы жүрек пен шын көңiл дәрежесiмен өлшенеді. Яғни, рухани сатыға көтерiлу шарты – ынталы жүрек, шын көңiлмен Құдайға толық берiлу.
Толық адамның рухани жаңғырудың басқа сатысында тұрғандардан айырмасы осындай. Ол өзінің адами қасиеттерін сырт көзге көрсетпеуі де мүмкiн. Көпшілік тәрізді ол да жақсы отбасы, қоғам қайраткерi, ұлтының қамын ойлайтын кемеңгер, патриот, гуманист болып көрінуі мүмкін. Бiрақ оның iшкi дүниесi бөлек, өзгерген. Ол ендi өзiн, немесе «менiкi» дегендердi қанағаттандыру үшiн емес, барлық себептердiң себебi Алла тағаланың разылығы үшiн әрекет жасайды. Алла тағаланың аясына кiрiп, оның iстеген барлық iс-әрекетi рухани және өте кемелдi болады.
Кемелдi дегенiмiз – барлық жағынан кемшiлiгi жоқ толық дегенмен бiрдей. Сондықтан бұл сатыдағы адамдарды Абайдың өзi атағандай «толық адам» деуге керек. Толық адам жолында қоғам да, адам да ештеңенi жоғалтпайды. Керiсiнше, қоғамға үйлесiмдiлік, ал әркiмге рухани жаңғырып, өмірдiң жоғарғы ләззатын алуға жол ашылады.
Рухани жаңғыру жан саулығына бағытталса, ал тән саулығы – оның салдары ғана. Сондықтан, бұл жол – бүгiнгi адамзаттың арманы болып отырған денсаулық сақтау мәселесiн шешудiң тура жолы. Оған жету шарты – Абай көрсеткендей, рухани жаңғыру арқылы ынталы жүрек пен шын көңiл дәрежесіне көтерілу керек.
Бұл – шексiз жол. Абай рухани жаңғырудың бұл деңгейін «бек нәзiк, бек шетiн жол»дейдi. Бұл жолмен «ақыл-есiн бiр бағытта дұрыс пайдалана алған адам ғана жүре алады». Данышпан Абай «Жүректiң ақыл – суаты, махаббат қылса Тәңiрi үшiн», яғни Тәңiрi үшiн пайдаланған ақыл жүректiң нәр алатын суаты болып, жолдан адаспауға мүмкiндiк беретiнiн бiлдiредi. Ақылды дұрыс пайдаланудың маңызы осындай!
«Толық адам» деңгейiне көтерiлу өте ұзақ және күрделi жол екенiн бiлдiк. Бұл адамның бiр деңгейден екiншi деңгейге бiртiндеп көтерiлуінің эволюциялық жолы. Бұған пенденің өмірi де, имандылығы да жетпеуi мүмкiн. Ал егер бұл жолға түсуге шын берiлген талапкер-мүрид болса, бұл сатыға қалай жетуi керек? Оның амалы бар екен. Ол – Құдайға тура жол. Мынандай мысал келтiре кетейiк. Зәулiм үйдiң жоғарғы қабатына бiреулер жаяу көтерiледi, ал бiреулер лифт арқылы көтерiледi. Жаяу көтерiлетiндер шаршап-шалдығып, қиналып, әр қабатта дем алып, әңгiме-дүкен құрып асықпай жетедi. Олардың көпшiлiгi көтерiлетiн биiгiне жете алмайды. Ал лифтiмен көтерiлгендер жылдам, әрi ешқандай кедергiсiз, қиналмай жетедi. Бірақ ол үшін соған сәйкес қасиет керек.
Түп Иеге эволюция жолымен жету – өте ұзақ және қиындығы мол жол. Және сенімсіз жол. Ал екiншi жол – тура жол. Бұл жол – жылдам, әрi машақаттары онша көп емес жол. Бұл жолға төменгi деңгейде тұрған адамдардың барлығы да түсе алады. Бiрақ оның шарты бар. Ол шарт Абай көрсеткен Құдайға деген «ынталы жүрек, шын көңiл». Мұндай тура жол әрбiр дiни конфессияда бар. Бұл әр тiлде «сопылық жол», «монашество», «Хинаяма», «Бхакта-йога» деп әртүрлi аталады. Бұлардың барлығында да мақсат бiр – ол Құдайға сүйiспеншiлiкке жету, ал амалы – Құдайға ойды шоғырландыру. Бұл сатыға көтерілген толық адамдар түрлі атаулармен аталады. Мысалы, арабша «әл-инсан әл-камил», санскритте «Махатма» болса, батыс философиясында «Совершенный человек» деген ұғым бар.
Құдайға құлшылық неғұрлым таза болса, оның нәтижесi де солғұрлым жоғары болады. Сондықтан Абай таза құлшылыққа шақырады. Бұл туралы өзiнiң он үшiншi қара сөзiнде имандылықты таза сақтамайтын адамдарды сынай келiп, сөзiн былай деп жалғастырады:
«Иманға қарсы келерлiк орында ешбiр пенде Құдай тағала кеңшiлiгiмен кешедi-дағы демесiн, оның үшiн Құдай тағаланың ғафуына (кешiру) яки пайғамбарымыздың шафағатына (қорғау) да сыймайды, мүмкiн де емес. «Қылыш үстiнде серт жоқ» деген, «Құдай тағаланың кешпес күнәсi жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденiң жүзi құрсын», – деп таза құлшылық жасағылары келмейтiндердi қатты сынайды. Ол отыз төртiншi қара сөзiнде бұндай адамдарды тiптi «мұсылман емес» деп бағалайды.
Ендi Құдайға таза құлшылық дегеннiң не екенiне қысқаша тоқталайық. Құдайға таза құлшылық дегенiмiз – өзiне ешқандай да пайда ойламай, барлығын тек қана Құдай тағаланың разышылығына арналған ой-өрістен бастап, айтылған сөз, iс-әрекетке дейін түгел қамтиды. Нағыз таза құлшылық әулие деңгейінен ғана басталады. Басқалары соған ұмтылушылар. Таза құлшылық жолындағы адам өзi үшiн бiлiм де, пайда да iздемейдi. Барлығы тек қана Алла тағала разалығы үшiн және ешқандай басқа ниет, ой болмауы керек.
Бұл арада «Егер мен барлығын тек қана басқалар үшін жасасам, онда мен өзiм қайда қаламын?» деген сұрақ тууы мүмкiн. Абай iлiмi бойынша оған былай деп жауап беруге болады. Бүкiл дүние Құдай тағаланың жаратқаны және барлығы Сонікі болғандықтан, Ол ештеңеге, бiздiң iсiмiзге де мұқтаж емес. Бiздiң iс-әрекет, дүние мүлкiмiздiң Оған қажеттiгi жоқ. Оған бiздiң таза ниетiмiз ғана керек. Сондықтан бiздiң iс-әрекетiмiздiң нәтижесi азайып қалмайды, керiсiнше, ол рухтанып, бiзге рухани әрекет болып қайтады. Сөйтiп Алла тағалаға қызмет жасау – бiздiң өз игілігіміз үшін қызмет жасау деген сөз. Бiз әрбiр iсiмiздi дұрыс орындап, барынша кемелдi болуға ұмтыламыз. Алла тағала біздің ісімізді барлық иждиһат-ықыласпен, таза ниетпен жасалғанда ғана қабылдайтын болғандықтан, осылай бiз кезiнде кемелдi адам қатарына көтерiле аламыз. Сөйтіп, болмысымыз тазарған сайын санамыз өсіп, өмiрдiң негiзгi мақсатына жетуге жол ашыла бередi. Кемелдi адамдардан құралған қоғам да кемелдi болмақ.
Тағы бiр ескеретiн жағдай – Құдайға құлшылық іс мәңгiлiктi, оның нәтижесі ешуақытта жоғалмайды. Бұл жан мен Құдайдың мәңгiлiктiгiнен және бүкiл болмыстың мәні тек қана Жаратушының ризалығы үшiн екенінен шығады. Бүкiл болмыс Жаратушыны риза ету үшін жаралса, оның әрбір бөлігі де сол үшін жаралған. Сондықтан Құдай тағалаға иә сенсiн, иә сенбесiн, болмыстың бөлшектері болып табылатын әрбір жан иесі құлшылық етедi. Бірақ мұны олардың барлығы бірдей білмейді. Бұл әлемде барлық жан иелерi Құдай тағаланың қалауымен өмiр сүредi. «Құдайдың әмiрiнсiз шөп басы да қимылдамайды» деген халық сөзi осыны бiлдiредi. Шәкәрім де осы ойды қуаттайды.
Алла тағалаға таза құлшылық жолын исламда суфизм (тасаввуф) деп атайды, оның «шариғат», «тарихат» (жол) , «мағрифат» және «хақиқат» деген деңгейлерi бар екенi белгiлi. Жиырмасыншы ғасырдың iрi сопысы Джавад Нурбахш (1927 жылы Иранда Керман қаласында туған) суфизм туралы мынандай жалпы түсiнiк бередi:
«Сопылық – бұл махаббаттың көмегiмен ғана қозғалатын Хақиқатқа жол. Сопылықтың мақсатқа жету әдісі – тек қана бiр бағытқа, Құдайға қарау». Сопылар iлiмi бойынша Хақиқатқа тек қана толық адам жолымен жетуге болады және бұл жолмен ниет еткен кім кімнің де жүруiне болады. Бұл жол «бұйыратын Мен» (нафс-и аммара), яғни адамның шел басқан, инстинктивтi-хайуанат жанын тазартып, оны «Құдайды көруге болатын айна тәрiздi қалыпқа» дейiн көтередi. Осылай мүрид Құдайды танып бiлу арқылы Түп иеге қайтуға мүмкiндiк алады.
Абай көрсеткен рухани жаңғыру жолын тереңiнен түсiнудің маңызы өте зор. Сонда ғана дінді дұрыс түсініп, дінаралық қайшылықтарды болдырмай, дінді адамзат игілігіне нәтижелі пайдалануға болады. Абсолюттi тану iлiмiнiң түрлi сатыларын анықтап алмай діни жолды толық түсіну мүмкін емес.
Толық адамның мiндетi – Алла тағалаға cүйiспеншiлiкпен берiлу арқылы өзiн-өзі танып, рухани әлемге қайту. Абай көрсеткен өмірдің бұл түпкі мақсаты ойшылдың «Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті» деген қағидасы бойынша орындалады. Осылай рухани әлемде әрбiр жанның Абсолютпен түрлi қарым-қатынасы орнығады. Бұлар – өте сирек кездесетiн жоғары рухани адамдар. Оларды Абай «толық адам» деп атаған. Бұл сатының жоғары деңгейлеріне жеткендер дiни конфессиялардың ықпалынан шығып, толық рухани еркiндiк алғандар, немесе, Абайша айтатын болсақ: 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет