Абай атамыз ұят туралы ХІХ ғ. айтқан сөзі әлі күнге қоғамда өз маңызын жойған жоқ. Мәселен жоғарыда жағдаятқа қатысқан адамдардың барлығының бойында надандық ұят бар. Абай айтқан шын ұят адам бойында болу керек. Бірақ надандық ұяттан аулақ болуымыз қажет.
Сауалнама
Сауалнама
Имандылық пен ар – ұят арасында байланыс бар екенін және ар – ұят қазіргі заманда керек пе екенін анықтау үшін мектеп оқушылар арасында сауалнама өткіздім.
Сауалнама нәтижесі бойынша оқушылар ар - ұят пен имандылықтың арасында байланыс бар екенін білді. Қазіргі заманда ар – ұят қажет деп санайды.
Сауалнамада Абайдың қара сөзіндегі «Сендер біреудің жаман іс істеп жатқанын көрсеңдер ұялар ма едіңдер?» деген сұраққа ерекше көңіл бөлдік. Осы сұраққа қатысқан оқушылардың 98 пайызы «иә» деген жауап берді. Сауалнамадан біз мектеп оқушыларының ар – ұят және имандылық туралы түсініктері бар екеніне көз жеткіздік.
Сауалнаманың нәтижесінде біздің жас ұрпақтарымызға ар – ұят керек жерлерді анықтадым.
Қорытынды
Қорытынды
Абай Құнанбаевтың жазған қара сөздерінің тәрбиелік мәні өте зор. Біз одан үлкен ғибрат аламыз. Әр сөзі терең ойға, өзіңді, ортаңды тануға, жақсы қасиеттерді бойыңа дарытуға, жаманнан аулақ болуға жетелейді.
Өмірде ар – ұят пен иманды қатар ұстау керек. Сонда адам баласы артына жақсы ұрпақ қалдырады. Ұят пен иман – адам өмірінің негізгі қасиеттерінің бірі. Адам баласының бақыты оның ар – ұяты таза болуында.
Адамгершілік қасиеттер отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың іс - әрекетінің барысында бір – бірімен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Сондықтан адамгершіліктің іргетасы отбасында басталады.