Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет46/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Демократиял ық 
саяси режим


үйымның үйымдастырылу түрі;
3) 
қоғамдық қүрылымның  мүраты  (идеалы)  және  соған  сәйкес  көзқарастар. 
Демократияның  көпшілік  таныған  біртүтас  анықтамасы  жоқ.  Әр  дәуірдегі 
ойшылдар  оны  әртүрлі  түсінген.  Оның  үстіне  әр  түрлі  елдерде  олардың 
үлттық,  тарихи  және  т.  б.  ерекшеліктеріне  байланысты  демократия  сан  түрлі 
рең  алуы  мүмкін.  Дегенмен,  демократиялық  мемлекеттердің  көп  түрлілігіне 
қарамастан,  олардың  ортақ  белгілері  болады.  Ондай  белгілерге  төмендегілер 
жатады:
1.Халық  -   заң  жүзінде  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы.  Ол 
мемлекет-те  үйымдастырушы,  конституциялық  биліктің  халыққа  тән  екенді- 
гіне  көз  жеткізеді.  Ол жоғары  органдарға өз  өкілдерін  сайлайды  және  жүйелі 
түрде  ауыстырып  отырады.  Біршама  мемлекеттерде  халықтың  бастамасымен 
және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады.  Сондықтан 
АҚШ-тың  төртінші  президенті А.Линкольн  демократияға «халық үшін халық 
сайлаған халық билігін» жатқызды.
2.  Заң алдындағы теңдік.  Әділеттілік.
3.  Жүйелі  түрде  мемлекеттің  негізгі  органдарын  сайлау  жатады.  Ең 
алдымен, жоғарғы заң органы сайланбалы болуы тиіс.
Бүл халықтың қүқықтарына кепілдік берген, демократиялық даму жолы өте 
үзақ,  сондықтан  демократиялық  режимдері  күшті  дамыған  мемлекеттер  бар 
(Англия,  Бельгия,  Исландия)  демократия  әдістері  жаңа  қалыптасып  келе 
жатқан  мемлекеттер  (Қазақстан,  Оңтүстік  Корея),  демократия  формальдық 
түрінде енгізілген (КСРО, ГДР) елдер де бар.
1991  жылы Қазақстан Республикасы  өзінің  егемендігін жариялап,  зайырлы, 
демократиялық,  қүқықтық  мемлекет  қүрды.  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясымен  адамның  негізгі  қүқықтары  мен  бостандықтары  көрсетіл- 
ген,  олар  заңмен  сот  алдында  теңдестірілген.  Әркім  өзінің  жанына  жақын 
саяси  мүраттарды  үстануға  ерікті.  Сөз  және  баспасөз  бостандығы,  соның 
ішінде сынау қүқығы да заң жүзінде бекітілген.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1.  «Режим» түсінігіне анықтама беріңіз.
121


2. Саяси режимнің түрлері.
3. «Демократия» түсінігіне анықтама беріңіз.
4. Антидемократиялық саяси режимнің түрлерін атаңыз.
5. «Тирания» және «әскери хунта» түсініктерін таратыңыз.
6. Авторитарлық саяси режимнің ерекшеліктерін атаңыз.
7. Тоталитарлық саяси режимнің белгілерін атаңыз.
Әдебиеттер:
1. Дмитриев А.В. Конфликтология. М., 2000
2. Жамбылов Д.  Саясаттану негіздері.А., 2000
3.Политология:  Учебник/Под ред Т.Т.Мустафина. А.,  1993
4. Казахстан политическая энциклопедия. А.,  1998
5. Гобозов И.А.  Философия политики. М., 1998
12-Дәріс Қоғамды демократияландыру және  саяси жаңғыру
Сабақтың  мақсаты:  Студенттерге  демократия  және  қогамды  демокра­
тияландыру  үрдісін  түсіндіру.  Қазақстан  цогамын  демократияландырудың 
ерекшеліктерін анықтау.
Сұрақтар:
1.  Демократия  -   мемлекеттік  құрылыс  нысаны  мен  режим  ретінде, 
демократияның тарихи нысандары
2. Демократияның қазақстандық моделін қалыптастыру
3. Қазақстан қозамындазы саяси жаңгыру мәселелері
Саясаттану  ғылымында  бір  саяси  жүйеден  екінші  саяси  жүйеге  ауысу 
«саяси даму» немесе «саяси жаңғыру» терминдерімен түсіндіріледі.
«Модернизация»  сөзінің  этимологиялық  үғымы  «modem»  француз  тілінен
122


аударғада  жаңа,  қазіргі  заманға  сәйкес  деген  мағынаны  білдіреді.  Ал 
«modernize»  жаңа талаптарға сәйкес, жетілдіру, жаңарту,  өзгерту деген сөзден 
шыққан.
Модернизация  теориясын  талдауда  әр  түрлі  көзқарастар  Г.Алмонд  және 
Д.Пауэлланың  «Даму  түжырымдамасы  түрғысынан.  Салыстырмалы  саясат- 
тану»  (1966), Д.Аптердің «Жаңару саясаты»  (1965), С.Липсеттің «Саяси адам» 
(1960),  Л.Пайдың  «Саяси  дамудың  астары.  Аналитикалық  зерттеу»  (1966), 
Д.Растоудың  «Ұлттар  әлемі»  (1967),  Ш.Эйзенштадтың  «Саяси  жаңару: 
қарсылық және  өзгеріс»  (1966),  С.Хантингтонның «Өзгермелі қоғамның саяси 
тәртібі» (1968) және басқа еңбектерде жан-жақты баяндалған.
Джонатан Пауэлл
Г.Алмонд
Сеймур Мартин Липсет
123


Д.Растоу 
Ш.Эйзенштад
С.Хантингтон
Демократияның 
көпшілік 
таныған 
біртұтас  анықтамасы  жоқ.  Әр  дәуірдегі 
ойшылдар  оны  әр  түрлі  түсінген.  Оның 
үстіне  әр түрлі елдерде  олардың ұлттық, 
тарихи және  т.б.  ерекшеліктеріне  байла­
нысты  демократия  сан  түрлі  рең  алуы  мүмкін.  Демократиялық  мемлекетте 
халықтың  заң  жүзінде  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы  болып, 
мемлекетті  ұйымдастырушы,  ол  жоғары  органдарға  өз  өкілдерін  сайлайды 
және жүйелі түрде ауыстырып отырады.
Табиғатына,  әлеуметтік,  саяси,  мәдени  және  т.с.с.  ерекшеліктеріне  байла­
нысты  адамдар  әр  түрлі  болды.  Солардың  бәрін  қалай  тендестіруге  болады? 
Ол  үшін  заң,  құқық  алдында  теңдік  болуы  керек.  Заң  және  құқық  -   жалпы
және  барлығына  бірдей  қоғамдық  және  саяси  өмірдегі  демократиялықтың 
124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет