Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет1/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
Абдыкалыков У. К. Саясаттану

31081

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРВА УНИВЕРСИТЕТ!
T H E  U N IV E R SIT Y  O F  F O R E IG N  
L A N G U A G E S  
&  P R O F E S S IO N A L  C A R E E R
Абдыкалыков У.К. 
Симтиков Ж.К.
САЯСАТТАНУ
оқулық
Алматы, 2018


ӘОЖ 378(075.8):32.001 
ББК 66.0 я7 
А14
Шет  тілдер  және  іскерлік  карьера  университетінің  оқу-  әдістемелік  кеңесі 
ұсынған,  2018 ж.
Оқулықтыц
рецензенттері:
Мұсатаев С.Ш. -  саяси зылымдарныц докторы,  профессор, 
Қозыбаев С.Қ. -  тарих зылымдарыныц докторы,  профессор
Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы 
Симтиков Ж омарт Құдайбергенұлы
А  14  Саясаттану.  Жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне  арналған
оқулық, 2018.  - 209 б.
ISBN 978-9965-503-78-8
Үсынылып  отырған  оқулық  саясаттану  пәні  оқытылатын  жоғары  оқу 
орындарының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 378(075.8):32.001 
ББК 66.0 я7
ISBN 978-9965-503-78-8
© Абдыкалыков У.К;  Симтиков Ж.Қ., 2018


Мазмұны
1. Алғы сөз..............................................................................
2. Пән бойынша терминдер мен ұғымдар......................
3. Дәрістердің қы сқаш а мәтіні..........................................
1  Саясаттану -  ғы лы м  және оқу пәні..............................
1.  Саясаттану пәні және оныц объектісі
2.  Саясаттану әдістері
3.  Саясаттанудыц қызметтері
2 Саяси ғы лы мдары ны ң негізгі қалыптасу кезеңдері
27
6
8
14
14
1. Антикалық саяси ойлар
2. Ежелгі Шыгыстагы саяси ойлар
3.  Орта гасырдагы саяси ойлар
4. Қайта өрлеу мен жаца замандагы саяси ой-пікірлер
5. X X  гасырдагы саяси ойлар
3 Қазақстандағы саяси ойдың қалы птасуы .....................................  
41
1. Қазақ халқыныц саяси ойларыныц бастауы
2. Хандар билігі.  Тәуке хан зацдары
3. Қазақ даласындагы егемендік идеясы
4. X IX  гасырдагы Қазақстандагы саяси ойлар
4 Саяси идеология және оның сипаты ............................................... 
59
1.  Саяси идеологияныц сипаты және оныц мақсаты
2.  Әлемдік  идеологиялар:  либерализм,  консерватизм,  социализм, 
фашизм
5 Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат............................................  
68
1.  Саясат ұгымы және оныц пайда болуы
2.  Саясат элементтері:  билік,  субъектісі,  объектісі
6 Билік саяси  феномен ретінде............................................................. 
72
1. Билік ұгымы. Билік тұжырымдары
2.  Саяси билктіц қызметтері мен түрлері
3. Билік ресурстары
7 Әлеуметтік топтар және ұлт мәселесі.............................................  
803
1.  Этнос  және  ұлт.  Қогамдагы  ұлттыц  және  этникалық 
қатынастар
2.  ¥лт  мәселесі  және  оныц  құрылымы.  ¥лт  мәселесін  шешудіц 
принциптері
3. Қазақстан халқы Ассамблеясы және оныц орны
8 Қоғамдағы саяси жүйе........................................................................ 
93
3


1.  Саяси жүйе ұгымы мен құрылымы
2.  Саяси жүйеніц функциялары
3.  Саяси жүйеніц жіктелуі
4.  Саяси жүйе багдарлары: консервативті,  өзгертуші
9 Мемлекет және азам атты қ қоғам..................................................... 
102
1. Мемлекет қогамныц саяси жүйесініц өзегі ретінде
2. Мемлекеттіц пайда болуы жөнінде теориялар
3. Мемлекеттіц белгілері мен қызметтері
4. Азаматтық қогам және цүцыцтыц мемлекет
10 Саяси партиялар және қоғамдық-саяси қозғалы стар..............  
109
1.  Саяси партия ұгымы.  Саяси партиялардыц түрлері
2.  Саяси партиялардыц қалыптасу және даму тарихы
3.  Саяси қозгалыстар мен қогамдық ұйымдар
11 Саяси режимдер..................................................................................  
117
1.  Саяси режим ұгымы,  типтері
2. Антидемократиялық саяси режим ұгымы,  оныц түрлері
3. Демократиялық саяси режим
12 Қоғамды демократияландыру және саяси ж аңғы ру.................  
122
1.  Демократия  -   мемлекеттік  құрылыс  нысаны  мен  режим 
ретінде,  демократияныц тарихи нысандары
2. Демократияныц қазақстандық моделін қалыптастыру
3. Қазақстан қогамындагы саяси жацгыру мәселелері
13 Саяси процесс.....................................................................................  
133
1.  Саяси процесс ұгымы,  оныц мәні,  құрылымы
2.  Саяси процесс кезецдері және типологиясы
3.  Саяси процеске қатысу нысандары
14  Саяси  сана  мен  саяси  мәдениет,  саяси  элита  және  саяси 
ж етекш ілік................................................................................................  
139
1.  Саяси сана,  саяси мәдениет ұгымы,  қалыптастыру жолдары
2.  Саяси элита ұгымы,  қалыптасу түрлері,  қызметі
3.  Саяси жетекші ұгымы,  типологиясы
15  Дүниежүзілік  саясат  және  халы қаралы қ  қатынастар. 
146 
Қазақстанның сы ртқы  саясаты ..........................................................
1. Дүниежүзілік саясат ұгымы
2.  Қазақстан Республикасы  сыртқы  саясаты,  оныц  көп  багытты 
сипаты
3. Қазақстан Республикасыныц жаһандану үрдісіндегі орны
4


4  Студенттің  өзіндік  жұмыстарды  орындаудағы  әдістемелік 
нұсқау........................................................................................................ .....156
5  Саясаттану  пәнін  оқытуда  және  берілген  тапсырмаларды 
орындауда студентке қойы латы н талаптар.................................... .....157
6 Семинар сабақтарының міндеттері........................................... ......... 158
7 Семинар сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау  158

Семинар 
сабақтарының 
өтілуіне 
және 
әдістемелік 
нұсқауларына мысалдар........................................................................... 159
9 Межелік бақылау сұрақтары ................................................................ 166
10 Саясаттану пәні бойынша тест сұрақтары................................. .... 167
11 Ұ сынылатын әдебиеттер тізімі............................................................199
12 Қосымш алар....................................................................................... .....202
5


АЛҒЫ  СӨЗ
Тәуелсіз  Қазақстанның  ең  негізгі  мақсаты  еліміздің  болашағы  болып 
табылатын  студенттердің  отансүйгіштік, ұлтжандылық, ұлтаралық келісімдер, 
жеке  тұлға  құқығы  мен  еркіндігін  мойындау  принциптеріне  негізделген 
әдістемелерге  сүйене  отырып  олардың  сыни  тұрғыдан  ойлауымен  қатар 
азаматтық  тұрақты  дүниетанымдық  көзқарасын  қалыптастыру  болып 
табылады.  Онда «Саясаттану» пәнінің алатын орны жоғары.
«Саясаттану»  пәні  -   қоғамның  саяси  саласын  жан-жақты  зерттейтін 
қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдардың  бірі  болғанықтан  қазіргі  қоғам 
мүшелерінің  қажеттілігімен  бірге  талап-тілегі,  қоғам  өмірінің  барлық 
салаларындағы  оның  алуан  түрлі  іс-қимылдарының  көрсеткіші  болып 
табылады.  Сондықтан  да  саясат  туралы  білім  алу  жастарға  қоғамдағы  өзінің 
алатын  орны  мен  атқарған  рөлін  түсіну,  оларды  мемлекет  көлемінде  іске 
асырудың  мақсаттары  мен  құралдарын  тандап  алуға  мүмкіндік  береді. 
Саясаттану  ғылымы  -   қоғамның  өткені  мен  бүгінгісін  саралап  және 
болашағына  тікелей  ықпал  ететін  мемлекеттік  идеологияның  құралы  болып 
табылады.
«Саясаттану»  курсын  оқу  барысында  студент  саясаттанудың  ғылыми- 
әдістемелік  негізін  игереді.  Саясаттану  курсы  басқа  да  қоғамдық  пәндермен, 
атап  айтқанда  әлеуметтану,  тарих,  философия  және  құқықтану  пәндерімен 
өзара тығыз  байланыста және  аралас  ғылым  болып табылады.  Бұл ғылымның 
ең  басты міндеті  қоғамның  саяси  дамуы.  Саясаттану  адам  және  қоғам туралы 
өзге  де  ғылымдар  сияқты  адамдардың  саяси  білімін  қалыптастыруға,  өткенді, 
қазір-гіні,  келешекті  дұрыс  түсініп,  орнын  анықтауға  көмектеседі.  Жалпы 
саясат -  мақсатқа жету жолындағы айла тәсілдердің жиынтығы.
«Саясаттану»  студенттерге  билік,  азаматтык  қоғам,  құқықтық  мемлекет, 
саясат,  саяси жүйе түрлері,  саяси режимдер,  саяси мәдениет,  қазіргі қоғамның 
саяси  институттары  мен  қоғамдық  даму,  жаһандану  мәселелерін  кеңінен 
ұғындыру.
«Саясаттанудың»  күрделі  де  ажырамас  бөлімі  саналатын  саяси  ойлар 
студенттерге  саясаттың  әлеуметтік-философиялық  және  идеалдық-теориялық 
негіздерін,  сондай-ақ  оның  белгілі  бір  тарихи  кезеңдердегі  жүйелі  саяси 
парадигмаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Саясаттануды  оқып  үйренуші  студент  кең  көлемде  білімді  ғана  емес,
сонымен  бірге,  оны  ғылыми  тұрғыдан  талдау  әдістерін  үйреніп,  қоғам  мен
6


мемлекеттің  болашақтағы  саяси  дамуын  болжай  алатын,  қазіргі  саяси 
құбылыстарға шығармашылық талдау-зерттеу жасай білетіндей болуы керек.
Саясаттануға деген  объективті  көзқарас  80-жылдардың  екінші  жартысында 
бұрынғы  Кеңес  Одағындағы  түбегейлі  реформаларға,  яғни  қоғамның 
демократиялануына,  тоталитарлық  жүйенің  күйреуіне  байланысты  өзгерді. 
1989 
жылдан 
Жоғары 
Аттестациялау 
Комиссиясында 
саясаттанудан 
эксперттік  кеңес  жұмыс  істей  бастады.  1990  жылы  КСРО-ның  ғылым  және 
техника бойынша мемлекеттік комитеті  «Саяси  ғылымдар»  деген  атпен  саяси 
ғылым  қызметкерлерінің  тізімін  ресми  түрде  бекітті. 
1989-1990  оқу 
жылдарында  Балтық  бойы  елдерінде,  1990  жылдан  бастап  ТМД-ның  басқа 
елдерінде  саясаттану  оқытыла  бастады.  Қазір  Қазақстанның  барлық  жоғары 
оқу  орындарында  бұл  ғылым  жеке  пән  ретінде  жүргізіледі.  Әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті  және  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
педагогикалық университеті  және  басқа да жоғары  оқу  орындары  бұл  салада 
арнаулы мамандар даярлауда.
«Саясаттану»  немесе  халықаралық қолданыстағы  «Политология»  термині 
politike -  мемлекеттік қоғамдық істер және logos - сөйлеу, оқу деген мағынаны 
білдіретін  грек  сөзінен  алынған.  Бұл  пән  қазіргі  қоғамдық  және  саяси 
құбылыстың  мән  мағынасын  терең  түсініп-білуге,  адамдардың  өмірінде  алар 
орнын,  атқарар  рөлін  айқындауға,  оларға  сан  түрлі  құқықтары  мен 
бостандықтарын  дұрыс  пайдалануға  жол  ашады.  Бүгін  де  саясаттану  пәні 
ғылым  ретінде  қалыптасып,  жоғарғы  оқу  орыңдарындағы  оқылатын  пәнге 
айналып отыр.
2017  жылғы  12  -   сәуірдегі  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаевтың  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  бағдарламалық 
мақаласы 
қоғамдық 
санадағы 
жаңғырудың 
негізгі 
қағидаларын 
қалыптастыруды  ғана  емес,  заман  сынағына  лайықты  төтеп  беруімізге 
қажетті  нақты  жобаларды  жүзеге  асыруымызды  да  талап  ететінін  көрсетті. 
Сонымен қатар,  «Біз тарих, саясаттану,  әлеуметтану,  философия, психология, 
мәдениеттану 
және 
филология 
ғылымдары 
бойынша 
студенттерге 
толыққанды  білім  беруге  қажетті  барлық  жағдайды  жасауға  тиіспіз. 
Гуманитарлық  зиялы  қауым  өкілдері  еліміздің  жоғары  оқу  орындарындағы 
гуманитарлық  кафедраларды  қайта  қалпына  келтіру  арқылы  мемлекеттің 
қолдауына  ие  болады.  Бізге  инженерлер  мен  дәрігерлер  ғана  емес,  қазіргі 
заманды  және  болашақты  терең  түсіне  алатын  білімді  адамдар  да  ауадай 
қажет»-  деген  болатын.  Бұл  құбылыс  мемлекеттегі  демократиялық  саяси 
жүйенің нығаюымен түрлі саяси партиялардың саясатқа араласып, көпшіліктің 
назарында болуымен байланысты екенінде күмән жоқ.
7


2. Пән бойынша терминдер мен ұғымдар
Абсентеизм -  халықгың саяси өмірге немқұрайлы селқос қарауы.
Абсолютизм -  жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында 
тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.
Автономия  -   нақты  бір  мемлекеттің  шеңберінде  өзін-өзі  басқаруға  құқық 
берілген саяси-ұлттық құрылым.
А втократия  -   шексіз  биліктің  жеке  адамның  қолында  жинақталу  арқылы 
басқару түрі.
А заматты қ қоғам -  әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгер- 
шілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажетгігін мойындау негізінде 
құралатын қоғам.
Агрессия -  бөтен елдің жерін күштеп басып алу, тәелсіздігінен айыру.
А льтернатива  -   бірнеше  мүмкіндіктің  ішінен  мәселенің  шешімін  таңдап, 
бірін ғана таңдап алу.
Альянс  -   ортақ  мақсаттарға  жету  үшін  келісім-шарт  негізінде  жасаған 
ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархизм  -   жеке  адамды  мемлекеттік  биліктен  тайдыруға  бағытталған 
әлеуметтік-саяси ағым.
Апатридтер -  ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
Ассамблея  -   халықаралық ұйым  мүшелерінің  жалпы  жиналысы.  Мысалы, 
Б¥¥-ны ң Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция  -   бір  халықтың  өз  тілін,  мәдениетін,  ұлттық  сана-сезімін 
жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация  -   белгілі  бір  саяси,  ғылыми,  шаруашылық,  мәдени  т.б. 
мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.
Әлеуметтік-саяси  институттар  -  біршама жоғары ұйымдасқан  әлеуметтік 
және саяси жүйелік түзілім.
Әлеуметтік-саяси элита -  қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымын-
8


дағы  негізгі  бұқара көпшіліктен  белгілі  бір  ерекшеліктерімен  айрықшаланып, 
жетекшілігі,  жеңілдіктері  бар  және  мемлекеттік  билікке  салмақты  ықпал 
жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
Әлеметтік тұрақты лы қ -  қоғамдық дамуда сыртқы және  ішкі  жағдайлар- 
дың әсер етуіне қарамастан әлеуметтік жүйенің тұрақты сақталуы.
Бедел  -   белгілі  бір  тұлғаның  немесе  адамдардың  қандай  да  бір  саяси 
оқиғаға қатысты салмақты ықпал жасау әрекеті.
Бихевиоризм -  жеке  адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негіздел- 
ген әдістемелік бағыт.
Буржуазиялық-демократиялық  партиялар  -   XIX  ғасырда  Еуропа  мен 
Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.
Бюрократ -  азаматтар  мүддесіне  нұқсан  келтіріп  өз  міндеттерін  формалды 
түрде атқаратын қызмет иесі.
Вето -  тыйым салу немесе заңның күшін тоқтату.
Волюнтаризм -  саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, 
өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Вотум -  дауыс беру арқылы қабылданған шешім.
Геноцид  -   адамдарды  шығу  тегіне,  бір  ұлттың,  діннің  өкілі  болуына 
байланысты қасақана қыру немесе қудалау.
Геосаясат  -   сыртқы  саясатты  географиялық  факторларға  байланысты 
жүргізетін саясат.
Глобалдылық -  жаһандылық, бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік
мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
Гуманизм  -   адамзаттың  еркін  жетілуіне  негізделген  мақсатты  әлеуметтік 
қозғалыс.
Депортация -  жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аударту.
Диверсификация  -   мәселенің  әртүрлі,  жан-жақты  қаралуы,  дамуы,  саяси 
қызметтщ көп түрлілігі.
Диктатура  -   қарулы  күшке  сүйенетін,  заң  күшімен  шектелмеген  шексіз
9


мемлекеттік билік.
Еуропарламент  -   еуропалық  бірлестіктің  12  елін  қамтитын  мемлекет- 
аралық саяси мекеме.
Егемендік -  мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
Идеология  -   белгілі  бір  әлеуметтік  топтар,  таптар,  партиялар  және  т.б. 
мақсаттары  мен  мүдделерін  бейнелейтін,  үстемдік  етіп  отырған  қоғамдық 
қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырым- 
дардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
Импичмент -  жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үтттін 
немесе  басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және  ісін  сотта қарауға 
мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
Инновация -  жаңалык енгізу
Идеалды  тип  -   дәуірге  сәйкес  ұтымды  құндылықтар  бағытының  эталоны 
және  саяси-әлеуметтік  ақиқатты  тану  туралы  қызметті  атқарушы.  Негізін 
салған -  М.Вебер.
Инаугурация -  лауазымды қызметке кірісудің салтанатты рәсімі.
Оппозиция -  саясатқа, саяси-іс әрекетке, қайраткерге қарсылық.
Охлократия  -   қоғамдық  өмір  жағдайына  қанағаттанбай  мемлекеттік 
мекемелерді  басып  алып,  ойран  салған,  демократияны  теріс  түсінген  тобыр 
билігі.
Парадигма  -   жасалатын  өзгерістердің  нәтижесіде  туатын  болашақтағы 
қғамдық құбыстың үлгісі, бейнесі.
Прагматизм -  алға қойған мақсатка іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
Коалиция  -   ортақ  жауға  қарсы  немесе  мемлекеттік  билікті  жүзеге  асыру 
үтттін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігуі.
Конституция  -   мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылыстың  негізгі  қағидала- 
рын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
К өппартиялы лы қ  -   мемлекеттік  билік  үшін  күрес  барысында  бірнеше 
саяси  партиялардың  әртүрлі  мүдделері  мен  пікір  қайшылықтарын  пайдалана 
отырып басқару түрі.
10


Легитимдік -  халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.
М аргиналдар  -   белгілі  бір  себептерге  байланысты  қоғамның  негізгі 
әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
Меморандум -  дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.
М ож аритарлық  жүйе  -   сайлау  нәтижесінде  үміткердің  округ  бойынша 
көпшілік дауыс алуы.
Мораторий  -   ішкі  және  сыртқы  міндеттемелерді  орындауды  уақытша 
тоқтату, үзіліс жариялау.
Саммит  -   саяси  келісімдер  жүргізіп,шешімдерге  келу  үшін  мемлекет 
басшыларының кездесуі.
Саясаттану  -   қоғамның  саяси  дамуының  жалпы  және  ерекше  элеуметтік 
заңдылықтары туралы ғылым
Саясаттану  зерттеуі  -   қоғамтану  зерттеуінің  бір  түрі,  қоғамды  саяси- 
идеологиялык тұтас жүйе ретінде қарастырады.
Саясаттану  сауалнамасы  -   жеке  адамдар  мен  топтарға  ауызша  және 
жазбаша  түрінде  сұрақтар  қою  жолымен  алғашқы  саяси-әлеуметтік  ақпарат 
алу тәсілдері.
Саяси-әлеуметтік  байланыс -   адамдардың  немесе  топтардың  тәуелділігін 
және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Саяси 
даму 
-  
жаңа 
қоғамдық 
қатынастардың, 
институттардың, 
нормалардың, құндылықтардың қалыптаскан өзгерістері.
Саяси-әлеуметтік  қауымдасты қ  -   әлеуметтік  белгілері  ортақ  болуымен 
біріккен, бірлескен адамдар жиынтығы.
Саяси-әлеуметтік  төңкеріс  -   қоғам  дамуындағы  сапалық,  терең  және 
жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
Саяси-  әлеуметтік  заңдар  -   қоғамның,  мемлекеттің  т.б.  топтардың  даму 
бағытын  анықтайтын  әлеуметтік  және  саяси  құбылыстар  мен  процесстердің 
арасындағы тұрақты өзара байланыстар.
Саяси - әлеуметтік институттар -  біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік 
саяси түзілім.
11


Саяси-әлеуметтік  коммуникация  -   тікелей  және  қарым-қатынастар  мен 
әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.
Саяси-әлеуметтік конвергенция -  түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің 
біртіндеп жақындасуы.
Саяси-әлеуметтік  қозғалыс  -   адамдардың  әлеуметтік  және  саяси  қолдау 
мен  қарсылық  көрсетуге  бағытталған  ұжымдық  әрекетімен  байланысқан 
әлеуметтік және саяси процесстердің нысаны.
Саяси-әлеуметтік мүдделер  -  қоғамның,  әлеуметтік  топтар,  қауымдастық- 
тармен,  субьектілердің  әлеуметтік-саяси  әрекеттерінің  себептері,  қайнар 
көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.
Саяси  теңсіздік  -   адамдардың  әлеуметтік  және  саяси  жағдайларының 
біркелкі еместігі.
Статус -  мәртебе.
Тенденция -  көзқарастағы, немесе іс-қимылдағы бағыттылық, ұмтылыс.
Толерантты лы қ -  басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық.
Урбанизация  -   қалалардың,  қала  халқының  өсуінің,  қоғам  дамуындағы 
рөлінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
Утопия  -  ғылыми  түрде  тұжырымдалмаған  идеалды  қоғамдық  құрылысты 
бейнелеу.
Ұлт  -   аумақтың  тілдің,экономикалық  өмірдің  және  ұлт  мәдениеті  мен 
тұрмыс 
ерекшеліктерінде 
көрінетін 
адамдардың 
тарихи 
қалыптасқан 
бірлестігі.
Ұ лтжандылық -  Отанына,  еліне  оның тарихына, тіліне,  мәдениетіне деген 
сүйіспеншіліктен туындайтын сезім.
Ұ лтты қ мінез -  белгілі бір ұлтқа тән дүниетанудағы негізгі ерекшеліктер.
Ф актор -  қорғаушы күш,бір процестің құбылыстық себебі.
Фанатизм  -   өз  сеніміне  шексіз  берілгендік.  Басқалардың  көзқарасына 
шыдамсыздық білдіру, бірбеткейлікке салыну.
Форс-мажор -  алдын ала белгіленбеген оқиғалар, төтенше жағдайлар.
12


Функция -  міндет,қызметтщ шеңбері роль.
Футурология  -   адамзаттың  болашағын  болжайтын  ғылыми  білімнің  әдіс- 
тәсілдері.
Х алы қаралы қ қаты настар -  халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер 
арасындағы  дүниежүзілік  деңгейде  жүргізілетін  саяси,  экаономикалық, 
құқықтық,  демократиялық,  әскери,  мәдени  байланыстар  және  оларды  іске 
асырушы күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы.
Харизма  -   Жеке  тұлғаның  ерекше  дарын  иесі  болуы  (көсемдік, 
пайғамбарлық, әулиелік, саяси лидерлік).
Хунта  -   Испания,  Италия  және  Латын  Америкасы  елдерінің  қоғамдық- 
саяси ұйымдарының, бірлестіктердің аты.
13


3. 
Дәрістердің қы сқаш а мәтіні 
Саясаттану -  ғы лы м  және оқу пәні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет