Қабылдаған: Мухаббат Рустамбекова Орындаған: Тажиханов Хасан Түркістан-2023 Жоспар



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі103,17 Kb.
#118005
1   2   3   4
Әдіс (метод, грекше – таным тәсілі) – кең мағынасында – «бір нәрсеге жол салу», субъектінің кез келген түрде қызмет ету тәсілі.
«Методология» түсінігінің екі мағынасы бар: белгілі бір қызмет (ғылым, саясат, өнер, т.б.) саласында қолданылатын тәсілдер жүйесі; сол жүйе туралы ілім, әдістің жалпы теориясы, теорияның жүзеге асуы.
Таным мен практиканың тарихы, оның қазіргі жағдайы кез келген әдіс пен принциптер жүйесінің теориялық және практикалық мәселелерді шешуге нәтижелі көмектеспейтінін көрсетті. Сондықтан зерттеу нәтижелері ғана емес, оған жеткізетін жол да шынайы болуы тиіс.
Әдістің (метод) басты қызметіне таным процесінің ішкі ұйымы мен оны реттеу немесе қайсібір нысанды практикада жүзеге асыру жатады. Сондықтан әдіс (қайсібір түрлерінде) белгілі бір ереже, тәсіл, таным нормалары және оны іске асырудың жиынтығына тіреледі. Демек белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған талап, принцип, т.б-дың жүйесі.
Ол ізденісті реттейді, күш пен уақытты үнемдейді әрі мақсатқа жетудің қысқа жолын көрсетеді. Шынайы әдіс компас секілді, таным субъектісі және іс-әрекет үшін жол салады, қателіктерден сақтандырады. Философ Ф.Бэкон әдісті қараңғыда жол сілтейтін шамшырақпен салыстыра отырып, танымның құралы – индукция методы деп есептеді. Яғни ол ғылымнан эмпирикалық талдау, бақылау және экспериментті қалады. Соның негізінде себеп пен заңды тануға болады деді. Эмпирикалық деңгейдегі алғашқы бақылауға теориялық талдаудың жүйелі-құрылымдық әдістемесі де жатады (білім дамуының белгілі бір деңгейі, ғылыми фактілерді жинақтау, зерттеу нысаны туралы түсініктердің жиналуы, т.б.).
Эмпирикалық немесе тәжірибелілік өз кезегінде сынақ пен тексеру арқылы іске асады. Және тексеру екі түрлі болуы мүмкін: тәжірибе арқылы сынау (онымен тәжірибелік /эксперимент/ ғылым айналысады) және салыстыру арқылы сынау (бұл салыстырмалы /компаративті/ ғылым аясына кіреді). Негізінен салыстыру да, тәжірибе де бір принципте жұмыс істейді. Яғни дескрипті мәліметтерді арнайы сараптамалық құралдар арқылы жүйелі және методикалық сәйкестендіру.
Р.Декарт әдісті (метод) өтіріктен шынайыны ажыратуға көмектесетін «нақты да қарапайым ереже» деп түсіндірді. Әсіресе дедуктивті-рационалды әдіссіз қайсібір шынайылықты іздеудің өзі қажетсіз дейді философ.
Әрбір әдіс белгілі бір теория негізінде жасалатыны сөзсіз. Әдістің тиімділігі, күші теорияның мазмұны, тереңдігі, іргелілігімен байланысты. Әдіс ғылымның әрі қарай дамуына, теориялық білімнің жүйеленуіне, оның практикада іске асуына себеп болады. Демек, теория мен әдіс бір-бірінсіз болмайды, сол секілді бір нәрсе де емес. Олар бір-біріне әсер ете отырып, теория өмірді бейнелейді де ал әдіс зерттеулер арқылы теорияға қайта оралады. Демек, әдіс – практикада іс-әрекетке айналған теория.
Ғылыми әдіс бірнеше топтарға бөлінеді. Ғылыми таным процесінде қолданылуы мен рөліне қарай әдістер формальды, мазмұнды, эмпирикалық және теориялық, іргелі және қолданбалы, зерттеу әдісі және мазмұндау, т.б. болып бөлінеді.
Ғылыми зерттелмек нысандардың мазмұнына орай қолданылатын әдістер жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық деп бөлінеді. Өз кезегінде жаратылыстану ғылымы әдістері өлі табиғат және тірі табиғат, т.б. әдістерге бөлінеді. Сонымен қатар сандық және сапалық, детерминистік және ықтималдылық, тікелей және жанама, түпнұсқалық және туынды, т.б. әдістер деген де бар.
Ғылыми әдіс белгілеріне көбінесе объективтілік, қайта жаңғыру, эвристикалық, қажеттілік, нақтылық, т.б. жатады. Қазіргі білімде методологиялық білімнің көпсатылы концепциясы нәтижелі қызмет етуде. Бұл жағынан ғылыми танымның барлық әдістерін төмендегідей басты топтарға бөлуге болады:
Философиялық әдіс, оның ең ежелгісіне диалектикалық және метафизикалық әдістер жатады. Әрине әрбір философиялық концепцияның ой-қабілетін көрсететін методологиялық қызмет түрлері бар. Сондықтан философиялық әдіс осы екі атаумен шектелмейді. Оған сараптамалық, интиутивтілік, феноменологиялық, герменевтикалық, т.б. кіреді.
Жалпығылымилық және зерттеу әдісі, ол арнайы ғылымның философиясы мен теориялық-методологиялық жағдайында өзіндік «аралық» методологиялық рөл атқарады. Жалпығылымилық түсініктерге, негізінен, «ақпарат», «үлгілік», «құрылымдық», «функциялық», «жүйелік», «элементтік», «оптималдық», «ықтималдылық», т.б. жатады. Жалпығылымилық принциптер мен жағдайларға жүйелілік, құрылымды-функциональды, кибернетикалық, ықтималдылық, үлгілік, формальды, т.б. кіреді. Соңғы уақытта жалпығылымилық синергетика, яғни өзін-өзі ұйымдастыру және ашық тұтас жүйелер – табиғаттық, әлеуметтік, когнитивтік (танымдық) пәндер дамуда.
Синергетикада «тәртіп», «хаос», «түзу емес», «анық болмау», «тұрақсыздық», «диссипативті құрылым», «бифуркация», т.б. түсініктер қатары бар. Синергетикалық түсінік «тұрмыс», «даму», «қалыптасу», «уақыт», «тұтас», «кездейсоқтық», «мүмкіндік», т.б. философиялық категориялармен тығыз байланысты.
Жекеғылымилық әдіс – белгілі бір ғылым саласында қолданылатын таным принциптері, зерттеу тәсілдері мен процедура жиынтығы, яғни механика, физика, химия, биология және әлеуметтік-гуманитарлық ғылым әдістері.
4 Пәндік әдіс – қайсібір ғылым саласына кіретін немесе аралық ғылым шекарасында пайда болатын белгілі бір ғылыми пәнге тән тәсілдер жүйесі. Іргелі ғылымның өзіне тән айрықша пәні әрі өзіндік зерттеу әдісі бар тәсілдердің жүйесі.
Пәнаралық зерттеу әдісі – пәнаралық синтетикалық, интегративтік тәсілдер (әртүрлі методологиялық деңгейдің үйлесу нәтижесі) жиынтығы. Ол кешенді ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыруда қолданылады.
Сонымен методология термині гректің «методос» және «логос» деген сөзінен шығып, «таным жолдары» деген мағынаны береді екен. Ғылымда методология көп мағынаға ие. Танымның әдістері туралы ілім және ғылыми зерттеу тәсілдерінің жиынтығы. Демек, ол – күрделі де динамикалы, тұтас келетін, тәсілдерінің субординарлық жүйесі бар, түрлі деңгейлік принциптерге сүйенген, қызмет ету аясы, бағыт, эвристикалық мүмкіндіктері, мазмұны, құрылымы, т.б. екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет