Абсолюттік ұзару брустың ұзындығының



бет2/2
Дата31.12.2021
өлшемі30,04 Kb.
#21663
1   2
Жанама кернеу - толық кернеудің көлденең қима бетіне түcipiлгeн проекциясы, әрпімен белгіленеді.

Бойлық күш - сыртқы күштердің әсерінен созылған немесе сығылған брустың көлденең кез келген қимасындағы пайда болатын ішкі тік кернеулердің қорытынды шамасы.

Эпюр - бойлық күштің брус бойындағы өзгеру заңдылығын кескіндейтін график.

Бойлық салыстырмалы деформация - абсолюттік ұзару шамасының брустың бастапқы ұзындығына қатынасы



Ендік салыстырмалы деформация - қатынасымен анықталатын шама.

Біліктер - машиналардың айналдыру моменттерін (Ма) жеткізуге арналған стерженьдер.

Қиманың кез келген X, У өстеріне қарағандағы статикалық моменттері - интегралдармен анықталатын геометриялық сипаттамалар; мұндағы: шексіз кіші аудан, х, у- шексіз кіші ауданның координаттары.

Центрлік өстер - ауырлық центрі арқылы өтетін өстер.

Берілген қиманың кез келген X, У өстеріне қарағандағы, өстік инерция моменттері - төмендегі интегралдармен анықталатын геометриялық сипаттамалар



мұндағы х, у – тің координаттары.

Өpicтік инерция моменті - берілген қиманың полюсі деп аталатын, кез келген нүктеге қарағандағы интегралмен анықталатын геометриялық сипаттама. Мұндағы – полюстен ке дейінгі ара қашықтық.

Центрден тепкіш инерция моменті - берілген қиманың кез келген өзара перпендикуляр X, У өстеріне қарағандағы интегралмен анықталатын геометриялық сипаттама.

Иілу - бойлық өс арқылы ететін жазықтықтарда (өс жазықтықтарында) жатқан көлденең күштер мен моменттердің (қос күштердің) әсерінен бруста пайда болған деформация.

Көлденең жазық иілу - июші күштер басты жазықтықтардың бірінде жатқандағы иілу.

Қиғаш иілу - сыртқы күштер бас жазықтықтардан басқа кез келген өс жазықтықтарында жатқандағы иілу.

Таза иілу - иілген арқалықтың көлденең қималарында ию моментерінен басқа ішкі күштер жоқ болғандағы иілу.

Тіректер - дене сыртқы күш әсеріне қарсыласу үшін, басқа біp денеге бекітілгендегі байланыстар.

Байланыс реакциялары - тіректер мен денелердің өзара әcepi.

Бейтарап жазықтық - арқалықтың ұзындығы өзгеріссіз қалатын талшықтарының геометриялық орны.

Қиманың бейтарап сызығы - бейтарап жазықтықтың кез келген көлденең қимамен қиылысу сызығы.

Қауіпті қима - ию моменттерінің (абсолюттік шамасы) ең үлкені (макс) әсер етіп тұрған қима.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет