Адам эмбриологиясының дамуының периодизациясы. Прогенез. Жыныс жасушаларының морфофункционалдық сипаттамасы



бет21/73
Дата27.11.2023
өлшемі0,64 Mb.
#130199
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
Қараңғы жазықтағы микроскапия үшін жарықтандырғыштан шыққан сәулені объективке түсірмей, препараттың бүйіріне жіберетін арнайы конденсор қолданылады. Микроскопта объект жоқ жағдайда, көру жазығы қараңғы болады. Объект орнатылған жағдайда, түскен қиғаш сәулелердің бір қараңғы болады. Объект орнатылған жағдайда, түскен қигаш сәулелердің бір бөлігі, оның ұсақ бөліктерінен шағылысып объективке түседі. Нәтижесінде, түсі қараңғы көру аймағының фонында жасушаның бейнесі жарық болып көрінеді. Клиникада қараңғы жазықтағы микроскопия әдісі несеп құрамындағы кристалдарды (несеп қышқылы, оксалаттар) зерттеуге қолданады.
Микроскопияның бұл үш түрлерінің артықшылығының бірі – тірі жасушаны белсенді жағдайында, мысалы қоршаған ортадағы миграциясын, митоздық бөліну кезіндегі қимылдарын, жылдамдылығын байқауға мүмкіндік береді. Жасушаның көптеген қимылдарын өте баяу өтетіндіктен, оларды шынайы уақыт аралығында зерттеу ыңгайсыз. Сондықтан, ол үшін үзік-үзік, яғни жеке кадрлар арасында алдын - ала белгіленген уақыт аралықтары бар, кинотүсіріс немесе бейнежазу әдістерін қолданады. Мұндай кино – немесе бейнефильмдерді қалыпты жылдамдықпен айналдырып қараған жағдайда, шынайы процестер едәуір тез өтеді. Осылайша, тұтас жасушалардың, олардың органойдтарының қимылдарын және мұндай қимылдарың жылдамдығының дәл көрінісін байқауға болады.
Поляризациялық микроскапия анизотроптық, яғни сәуле сындыруға қабілеті екі есе жоғары құрылымдарды зерттеу үшін қолданылады (мысалы, көлденең жолақты бұлшық ет талшығын). Поляризациялық микроскоп – екі поляризациялық фильтрлер орнатылған жарық микроскобының түрі. Бірінші фильтр - (поляризатор, яғни поляризациялаушы) жарық шоғырының көзі мен объект арасында, ал екіншісі - (анализатор, яғни талдаушы) объективтің линзасы мен адам көзі арасында орналасқан. Екі фильтр де өз біліктері төңірегін айналып, жарық шоғырының бағытын өзгерте алады. Егерде поляризатор мен анализаторды айқастрып қойсақ, онда көру аймағы қараңғы болып көрінеді. Заттық үстелге изотропты мөлдір денелерді орнатсақ, көру аймағы бұрынғы күйде қалады. Оптикалық анизотропияға қабілеті бар заттар, мысалы бұлшық ет талшығы, поляризацияланған жарықты өзгертіп, оның тербелу жазығының бағытына әсерін тигізеді. Сондықтан, құрылымдардың мұндай анизотроптық бөліктері көру аймағында жарқырап көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет