Адам өмірінде еріктің маңызы орасан зор. Ерік кәдімгі күнделікті өмірде, әсіресе үлкен кедергілерді жеңіудегі ауыр кезеңдерде керек. Соғыстағы немесе еңбектегі қандай да болсын жасаған ерлік адам еркінің күшті болуын керек етеді. Керісінше, еркі әлсіз адамдар үлкен іс бітіру түгіл, күнделікті өмір қойған міндеттерді атқара алмай, жұмысқа қабілеті нашар болып, басқалардан көмек күтіп, қамқорлығында болғысы келеді. Осындайлардың кейбіреулері жаман іске құмартып, керексіз әдеттердің құрбаны болады, бұларды жеңіп шығуға олардың ерік күші жетпейді.
Еркі күшті адам тек парасатпен, еңбегімен жақсы өмір сүріп қана қоймай, сондай-ақ шын мәнінде қаһармандық іс жасауға қабілетті болады. Ерік қуаты барлық психикалық үрдістердің әрекеттерін жинақтап және жандандырып қана қоймай, сондай-ақ ішкі мүшелердің жұмысын жақсартуы естің ауруын, тіпті өлімнің келуін де тоқтатуы мүмкін. Ұлы Отан Соғысы кезінде өлімші болып жарақаттанған ұшқыш, өліп бара жатқанын сезседе, қолынан ұшақтың штурвалын жібермеген. Ол ұшақтағы жарақаттанған жандардың өзімен бірге өлетінін түсінген. Міне сөйтіп ерік күшінің кереметтігінен ұшқыш ұшақты қондырған. Ерік үрдісі қарапайым және күрделі болады. Біріншіге белгіленген мақсатқа қалтқысыз баратын адамды жатқызуға болады оған неге және қандай жолмен бұған жететіні айқын болады. Бірақ түрлі жағдайлардағы, кейде қарама-қайшы мотивтерде әрекет мақсатын таңдап алуда жиі толқуға тура келеді немесе қалай әрекет жасау керектігін шешуде қиыншылықтарды бастан өткереді.
Ерік әрекеті күрделі сипатқа ие болып екі кезеңге бөлiнедi:
Дайындық
Дайындық кезеңіне қалау, мақсатты түсіну, кейде мотивтер күресі, қабылданған шешім жұмыс қандай жолмен жүргізілетіндігі жайында әдістерді таңдап алу кіреді. Мәселен, егер жас адамның жоғары оқу орнына түсуге үміті болса, ол жоғары білім алғысы келген мақсатын анықтайды, өзінің қайсы оқу орнына түсетіндігі қайсы факультетке баратындығы т.б. жайында мәселені шешеді, институтқа өзінің қалай дайындалатындығын: өз бетінше түсе ме немесе жоғары оқу орнының дайындық курсына түсе ме, осы жайында ойластырады. Осы мәселелердің барлығын ойластыра келгенде онда мотивтер күресі тууы мүмкін: бұлардың біреуі адамды күндізгі бөлімге түсуге ойыстырады, екіншілері кешкісіне түсуге икемдейді т.б.