2) Орындау кезеңі. Ақыры таңдау жасалады. Шешім қабылдаумен әрекет етудің дайындық кезі аяқталады. Бірақ бұл егерде бұдан кейін шешімді орындау болып табылатын екінші кезең келмесе әлі де ерік шешімі болмайды. Бұл мысалда мұны орындау қабылдау емтихандарын өткізу, белгіленген жоғары оқу орнына түсу болып саналады.
Ерік амалындағы мотивтер күресі әрекет мақсатын немесе жұмыс әдістерін таңдап алуда ғана емес сондай-ақ белгіленген әрекетке бөгеп жасайтын басқа тілектер туған осы мақсатқа жету үрдiсiнiң өзінде бола алады. Осы кезде борыш сезімі мен басқа ойысулардың арасындағы үрдiс жиі туады.
Батылдық
1. Белсенділікке байланысты қасиеттерге тоқ тамға келгіштік, батылдық, табандылық дербестік жатады.
Батылдық дегеніміз - адамның үрейлену және абыржу сезімін жеңе білу қасиеті. Батылдық адам өміріне қауіп төнген сәттегі қимылдарда ғана көрініп қоймайды. Батыл адам күрделі жұмыстан, үлкен жауапкершіліктен сескенбейді, сәтсіздіктерден қорықпайды. Батылдық шындық өмірге ақылға қонымды, айқын оймен қарауды талап етеді. Кейде қиял адамға іс жүзінде жоқ қауіп қатерді елестетеді. Бірақ ерік күш-жігерін жұмсап ол негізсіз қуған үрейді басады да, керек деп санаған ісін орындап шығады.
Батыл адам әдетте ерлікке ие, яғни қауіп қатер сәтінде мойынсынбайды, өзінің жолында ұшырайтын қиыншылықтарды табандылықпен көтере біледі.
Табандылық
Табандылық
Табандылық дегеніміз бұларға жететін жол қандай ұзақ та қиын бола тұрса да, алға қойған мақсатқа жете білетін қасиет болып саналады. Табандылық ішкі және сыртқы кедергілерді жеңе білуден көрінеді.
Дербестік
Дербестік дегеніміз басқаның ықпалына берілмей, адамның шешім қабылдап, белгіленген істі атқара білу қабілеті.Дербес әрекет ету дегеніміз өздерінің іс-әрекеттерін ұжымның пікірі мен еркіне бағындармау деген сөз емес. Бірақ ақылға қонымсыз жолдастардың зиянды ықпалдары үшін адам өзінің сезімдерімен әрекет істесе және “табындық сезім” дегенге беріліп кетсе, істің жайы нашарлайды.
Ұстанымдылық немесе өзін-өзі билеу дегеніміз - адамның өзін-өзі ұстай білуі. Өзінің мінез құлқына толық бақылауды сақтай отырып, ол өзінің бойындағы қолайсыз ойысуларды, импульстік әрекеттерді, аффектілерді (мысалы ашу-ыза, үрей) жеңеді. Ұстамдылықтың болуы адамды өзіне сын көзімен қарайтын етеді, ақылға қонымсыз қылықтардан бойын аулақ салуға көмектеседі. Ұстанымдылық