Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


Сен ең алдымен өзіңнің жақын туыстарыңа (Аллаhтың дініне шақырып) ақырет азабын ескерт.”



бет54/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

Сен ең алдымен өзіңнің жақын туыстарыңа (Аллаhтың дініне шақырып) ақырет азабын ескерт.” делінген еді аятта. (Шу’ара сүресі, 214-аят)
Аллаhтың елшісі бұл шаруаның оңай еместігін білетін. Бірнеше күн үйінен шықпай ойланумен өткізді. Қасына Хазіреті Әлиді шақырып алып:
“Ей,Әли!
Аллаh Тағала бірінші ағайын-туыстарыма ақырет азабын түсіндіруім қажеттігін ескертті. Бұл мен үшін ең қиын іс болғалы тұр.
Өйткені тума-туыстың жайы саған да мәлім ғой. Мәселені айта бастасам, олардың маған қарсы шығарына да көзім толық жетеді” деп ішкі толғаныстарын ақтарды.
Расулаллаh өз туғандарына ашылудың жайын ойлап, біраз уақыт үйінен шықпай қояды. Мұны байқаған Сафия бастаған әпкелері оның хал-жағдайын сұрап-білмекке барады.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) әпkелеріне келгені үшін ризалығын білдірген соң былай дейді:
“Сырқаттан аманмын, шүкір денсаулығым жақсы. Тек көңілімнің күпті болған жайы бар, Аллаh Тағала маған жақын туыстарымды жинап, Аллаhтың барлығы мен бірлігіне иман келтіруге, көп құдайшылықтан бас тартып, тәуба етудің керектігін ұқтырып, ақырет азабының қаупін ескертуім қажеттігін бұйырды. Әбдімүттәліп ұрпағының басын қосып иманға шақырмақ ойым бар.”
Тәтелері:
“Шақыруың орынды-ақ! Бірақ бір нәрсені ескертейік, Әбу Ләһабқа айтпай-ақ қой, бәрібір мойындамайды. Ал біздің қолымыздан келер не бар, әйелміз ғой қанша дегенмен…”деп тарасты.
Ашық түрде иманға үндеу туралы Жаратқанынан жарлық алған пайғамбарымыз Әлиді шақырып алып тапсырма береді.
“Бір адамға жетерлік еттен тамақ пісір, бір кесеге де сүт құйып қой. Сосын Әбдімүттәліптің жұрағатын түгелдей жина, бірде-біреуі қалмасын. Олармен дастарқан басында емін-еркін әңгімелесіп, міндетімді орындауға кірісейін. Мұнан әрі созудың қажеті жоқ.” – деді.
Хазіреті Әли көкесі Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) айтқандарын бұлжытпай орындады.
Ертесіне таңертеңнен Әбу Тәліптің үйіне бас-аяғы қырық бес адам жиналды. Олардың арасында шақырусыз келген Әбу Ләһаб та отырды. Келген қонақтардың екеуі ғана әйел еді.
Дастарқанға қойылған тамақ бір адамға ғана жетерлік еді. Ыдыстағы сүт те сондай…
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) бір кесек етті өзі қолымен турады да, ал “Бисмиллаһ, алыңыздар” деді…
Алғашқыда алдарына қойылған тағамды азырқанғанмен бәрі үндеместен табаққа қол салған. Кереметті қараңыз, көпшілік тыңқия тойса да, әлгі бір кесек еттің бітер түрі көрінбейді. Сүт те солай, айналдырған бір шыныаяқтың таусылар түрі жоқ…
Жиналғандар таңырқап қайта-қайта ішеді. Ішкен сайын берекеті арта түскендей ме, қалай?… Өз көздеріне өздері сенбей, үнсіз бір-біріне қарайды.
Ас желініп болған соң Пайғамбарымыз енді сөйлемек болып ыңғайлана бергенде Әбу Ләһаб алдын орағытып:
“Бүгінге дейін небір сиқырды көріп едім, бірақ дәл мынадайын көрсем көзім шықсын. Мына бауырымыз бәріміздің көзімізді байлап, сиқырлап тастады, өздерің де сезген шығарсыңдар” деп орынды-орынсыз балағаттап, Хазіреті Мұхаммедке сөйлеуге мұрша бермеді.
Іс насырға шауып бара жатқанын байқаған қонақтар дәмге рақмет айтып тарап кетті..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет