Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі



бет96/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1

Меккедегі іздеу шаралары
Аллаһ Елшісін өз үйінен таба алмаған мүшріктер Меккенің түкпір-түкпірін тінтіп, іздеу салды. Хазіреті Әбу Бәкірді де үйінен таба алмаған соң мүлдем ашуға мінді.
Ары бері іздеп әбден сандалған олар енді айлаға көшті.
“Мұхаммедті (с.а.у.) немесе Әбу Бәкірді тапқан адамға жүз түйе беріледі”- деп жар салды.
Мұны естіген ұры-қары, қаскөй атаулының бәрі қылыш асынып, садақтарын сайлап, сойылдарын алып, қаладан ұзап шығып айналаны іздеуге кірісті.
Із кесушілікке маманданғандар көп кешікпей екі адамның ізін тапты. Оның Хазіреті Мұхаммед пен Хазіреті Әбу Бәкірдің аяқ ізі екенін де жазбай таныды. Осы ізбен жүріп отырып Сәуір тауына дейін келеді…
Араларынан айлалы бірі:
“Із осы жерде кесілгеніне қарағанда, олар осы маңнан ұзап кетпеген. Не де болса іздегенімізді таптық-ау, сірә”- деді.
Умаййа ибн Халаф үңгірдің аузына жақындады.
Үңгірдің ішінен Хазіреті Мұхаммед пен Хазіреті Әбу Бәкір сырттағыларды айқын көріп отырды. Хазіреті Әбу Бәкір қатты қобалжып:
“Уа, Расулаллаh! Мені өлтірсе де арманым жоқ. Қатардағы жай пендемін ғой, мен сияқтылар толып жатыр. Бірақ Аллаh басқа салмасын, саған зиян келер болса, бүкіл үмметіңнің күні қараң”- деді.
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.):
“Сен саспа досым, Аллаh бізбен бірге”- деп, оны жұбатты.
Хазіреті Әбу Бәкір сонда да:
“Уа, Расулаллаһ! Қазір олардың біреуі еңкейіп үңгірге көз салса, бізді көріп қояды ғой”- деп қобалжуын баса алмады.
Әлемдердің мақтанышы болған Пайғамбар байсалды-лығынан танбай:
“Уа, Әбу Бәкір! Екі адамның қасында үшіншісі Аллаh болса, ақыры қайыр боларына күмәнің бар ма? Бізді ешкім де ұстай алмайды”- деді де, Ұлы Жаратушыға дұға етті.
Құран Кәрімде бұл оқиғаның баяндалуы:
Егер де сіздер оған (расулыма) көмектеспейтін болсаңыздар (ұмытпаңыздар) кәпірлер Оны (Меккеден) қуғанда Аллаh Тағала өзі Оған жәрдемдескен болатын. Тағы да Ол көмегін аямайды. Ол қиын сәт еді. Расулаллаh екеудің бірі еді (жанында тек Әбу Бәкір болды). Олар (Сәуір тауының етегінде ) үңгірде отырды. Пайғамбар қасындағы жолдасына “Уайымдама, Аллаh бізбен бірге” деді. Аллаh (жолдасының) жүрегіне күш беріп, Оны (сүйікті құлын) көрінбейтін әскерлермен қолдады. Сөйтіп кәпірлерді төмендеткен еді. Аллаhтың діні – ұлы дін. Аллаh (міндетті түрде) жеңуші, әр нәрсені орынды істеуші хаким.” (Тәуба сүресі, 40-аят)
Бейсенбіден жұмаға қараған түні үңгірге кірген екі дос үш күн, үш түн бойы тапжылмастан сонда отырады. Бұлай етулерінің де мәнісі бар. Мүшріктер мұнша уақыт ішінде оларды іздеп таба алмаған соң Меккеден ұзап кеткендіктерін ойлап, жаппай қуғынды бәсеңсітер деген сақтық. Шынында да солай болды.
Үңгірде тығылып отырып мүшріктердің арасында болған оқиғаларды Әбу Бәкірдің ұлы Абдуллаһтан естіп, біліп отырды. Абдуллаһ күндіз мүшріктердің арасында жүріп, айтқандарының бәрін тыңдап, кешке Расулаллаһ пен әкесіне хабар беретін. Түнде үңгірде болып, таң сәріде Меккеге қайтып келетін…
Хазіреті Әбу Бәкірдің құлы Амир ибн Фухайра да Сәуірдің баурайында қой жайып жүрген болып, Абдуллаһтың келген-кеткен іздерін таптап тастайтын. Әрі үңгірдегілерге сүт апарып беретін…
Осылайша үш күн, үш түнді өткізген соң Абдуллаһтан Меккедегілердің із кесуді саябырлатқанын естіп, екі дос ары қарай жолға шығудың қамын ойластырады.
Дүйсенбі күні сәресі мезгілінде, алдын-ала келісілгендей, жол бастаушы Абдуллаһ ибн Үрайкит екі түйені жетелеп Сәуір тауының маңына келді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет