Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі



бет104/107
Дата21.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#142185
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ МӘДИНАДА
Пайғамбарымыз Ранунада жұма намазын оқып, хұтба айтып, қайтадан түйесіне мініп, Мәдинаны бетке алды. Қасында – сыддық досы Әбу Бәкір мен мәдиналық мұсылман жігіттер. Тамылжыған табиғат та олардың қуанышына ортақтасып тұрған тәрізді.
Он сегіз мың ғаламның нұры болған Ұлы Пайғамбар Мәдинаға келіп кіргендегі жергілікті халықтың шаттығы тілмен айтып жеткізгісіз. Қала да екі дүниеге сәуле шашар тұлғаға иелік еткені үшін масайрап тұрғандай.
Еңбектеген бала, еңкейген кәрі – бәрі-бәрі:
Тәл’аал бәдру а’ләйнә
Мин сәниәтул Уәда
Уәжаба шукру а’ләйнә
МәдаАллаhhe даа’.
Әнтә шәмсун, әнтә бәдрун,
Әнтә нурун алан’нур.
Әнтә мисбаху Сурәййа
Я Хабиби, я Расул!
Уәда жотасынан бізге
Толған айдай жарық бердің.
Шүкір еттік халімізге
Бақытқа жол салып бердің.
Сен- айсың, сен – күнсің,
Сен нұр үстіне нұрсың.
Сен Сүраййа жұлдызысың
Сүйікті Хақ құлысың!”
деп қаумалап, шырқап жатты.
Халық Расулаллаhтың нұр жүзін бір көруге асығып, сыртқа ағылған. Айнала ығы-жығы, ине шаншар орын жоқ. Бала-шаға, кәрі-құртаң бар жақсысын киініп, сәнденіп шыққан.
“Мұхаммед (с.а.у.) келді! Аллаhтың елшісі келе жатыр! Қош келдің, Уа Расулаллаһ! Қадамыңа гүл бітсін!” - деп жан-жақтан шуласқан дауыстан құлақ тұнады.
Әр үйдің қасынан өткен сайын үй иелері:
“Қош келдің, құтты қонақ! Үйімізге кіріп, дәм тат. Берекемізді арттыр” деп қиыла өтінді. Расулаллаһ болса:
“Түйеге жол беріңдер. Тоқтар жері, Аллаhтың әмірімен жануардың өзіне мәлім” - деді.
Пайғамбардың түйесі Малик ибн Нәжжар ұлдарының үйіне дейін барып, бос алаңға шөкті.
Пайғамбарымыз түйеден түскен жоқ. Түйе сәлден соң қайта тұрып, біраз алға жылжыды да, кері бұрылып манағы шөккен жеріне қайта келіп, шөкті.
Түйе шөккен күйі қозғалмаған соң Пайғамбарымыз:
“Иншаллаh, бізге бұйырған орын осы болар” - деп түсті.
Осылайша Ислам тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі – мұсылмандардың хижретіне нүкте қойылды. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) Мәдинаға көші әнсарлар37 – мәдиналық мұсылмандармен қатар муҺажирлерге де айрықша серпін әкелді. Оған әнсар мұсылман Әнес ибн Маликтің мына сөздері куә:
“Мен өмірімде Расулаллаhтың Мәдинаға келген күнінен артық, одан көңілді, одан нұрлы күн көрген емеспін”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет