Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен



бет54/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Сульфатты тыныс алу. Бұл процесте сульфат электронның соңғы акцепторы ретінде болады. Процесс барысында сульфат, алдымен, сульфитке дейін тотықсызданады. Соңғы өнім ретінде күкіртті сутегі пайда болады. Анаэробты тыныс алуда сульфатты сульфидке тотықсыздан-дыратын бактерияларды сульфатредукциялаушы ,десульфаттаушы, сульфид түзушілер деп атайды. Сульфатредукциялаушы бактериялардың 15 туысы белгілі, олардың ішінде нағыз бактерияларға (эубактерияларға) және архебактерияларға жататындары болады. Морфологиясы жағынан олар кокк тәрізді (Desulfococcus, Desulfurococcus, Desulfosarcine), таяқша (Desulfobacrerium, Desulfomonas, Desulfobacter), иілген таяқша (Desul-fovibrio) болып келеді. Бактериялардың басым көпшілігі мезофилдер, бірақ термофилдер де кездеседі.
Барлық сульфатредукциялаушы бактериялар- обгилатты анаэробтар, олардың Кребс айналымы үзілген. Электрон доноры ретінде сутегі мен түрлі органикалық заттарды пайдаланылады:лактатты, төменгі майлы қышқылдар( ацетат, пропионат,бутират) , жоғарғы майлы қышқылдарды және формиатты. Электрон акцепторы ретінде болатын сульфат, күкірт, тиосульфат (SO3, ,S, S2O3) сульфидке дейін тотықсызданады. Сульфат-тотықтырушы бактериялар сульфат жоқ ортада өмір сүре алады, олар процесті аралық сутекті тасымалдау арқылы жүргізеді. Сульфатредукция-лаушы бактериялар табиғатта кең таралған: топырақта, су қоймалардың анаэробты аймақтарында, жануарлардың ас қорыту жолдарында.
Карбонатты тынс алу. Мұнда акцептор ретінде пайдаланылатын СО2 метанға тотықсызданады. Энергияны осы процесс арқылы алатын бактерияларды метаногендер деп атайды. Пішіні жағынан олар әртүрлі: таяқша, кокк, псевдосарцина, спиралды. Қоректену түрлеріне байланысты метаногендерді хемоавтотрофтарға және хемогетеротрофтарға бөледі. Хемоавтотрофтар энергия көзі ретінде көмірқышқыл газын, көміртегі тотвғвн, ал гетеротрофтар формиатты, екінші реттік спирттерді, органика-лық қышқылдарды пайдаланады. Метаногенді бактериялар ащы тоғандарда, теңіз тұнбаларда, ірі қара малдың қарнында ,т.б. анэробты жағдайларда тіршілік етеді.
Көміртегі тотығы (СО)- атмосфераның аз мөлшерлі газы. Табиғатта фотохимиялық тотығу реакциялар арқылы түзіледі және сөнбеген жанартаулар , өнеркәсіптік өндірісте, транспорт арқылы пайда болады. Бұл улы иісті газ, организмдерге тигізетін зиянды әсері- тыныс тізбегінің соңғы оксидазаларын тежейді. СО-ны пайлаланатын бактерияларды карбокси-бактериялар деп атайды. Олар Pseudomonas, Fchromobacter, Comomonas туысына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет