Адилбекова Г. О. «Микробиология және вирусология» пәнінен


Күкірт бактерияларынық органикалық емес күкірт қосылыстарын тотықсыздандыруы



бет57/80
Дата01.03.2023
өлшемі0,7 Mb.
#70960
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
Күкірт бактерияларынық органикалық емес күкірт қосылыстарын тотықсыздандыруы. Оттегі көбіне талшықты топырақтарда жеткіліксіз болады. Сонымен бірге кейбір сулардың анаэробты қабаттарында сульфат-тандырудың микробиологиялық жолмен тотықсыздануын сульфаттотық-сыздану (десульфофикация)деп атайды.
Сульфаттарды тотықсыздандыратын бактерияларды екі туысқа бөледі: Спора түзбейтіндер - Desulfovibrio және спора түзушілер Desulfatomaculum.
Desulfovibrio туысына жататындар спора түзбейді, Грам теріс клеткасы иректелген, жіпшелері клетканың екі жақ ұшында орналасқан, қозғалғыш. Облигат анаэробтар, мезофильдер (қолайлы температура). Теңіз суларында, су асты балшықта, тұщы суларда, топырақта, жер асты суларда, насекомдар ішек-қарындарында, малдың үлкен қарнында кездеседі.
Сульфат тотықсыздандыратын бактериялар анаэробты жағдайда органи-калық қосылыстарды немесе сутегін тотықтыру үшін сутегі ионы акцепторы ретінде сульфат­тарды қолданады. Бактериялар өніп-өсуі үшін дайын органи-калық заттарды қажет етеді, яғни олар хемоорганотрофтарга жатады. Электрондар (сутегі) доноры ретінде көмірсулар, органикалық кышқылдар, спирттер және молекула күйіндегі сутегін қолданады. Сутегі тотығатын заттардан тотыққан күкірт қосылыстарына беріледі. Сонда олар тотықсыз-данып күкіртті сутегіне (H2S) айналады.
Сульфат тотықсыздандырушы бактериялар күкірт сутегіне төзімсіз материалдарды бұлдіріп, өңдіріске зиянын тигізеді. Мәселен, осындай жағдайда мұнай өнімдерінің, өнеркәсіптік газдардың күкірт сутегімен ласта-натынуы, металдан жасалған құрлыстардың анаэробты жағдайда бүлінуі осы бактериялар әрекетіне байланысты.
Сульфаттарды тотықсыздандыратьш бактериялар геологиялық процес-терде үлкен қызмет атқарады. Олар күкірт кенінің түзілуіне қажетті күкіртті сутегіні түзеді. Күкіртті сутегі күкірт бактерияларының көмегімен тотық-қаңда өнеркәсіптік мәні бар күкірт кені пайда болатыны белгілі болды.
Фосфор қосылыстарының өзгерістері. Фосфор да күкірт сияқты ақуыздың құрамына кіреді. Бірақ фосфор табиғатта көбінесе тау жыныстары-ның құрамында болады. Фосфор қосылыстарының айналымы аса күрделі емес. Ол негізінен екі процестен тұрады: бірінші органикалық фосфордың минералдық қосылысқа айналуы, екіншісі - фосфор қышқыл тұздарының ерімейтін күйден ерігіш түрге көшуі. Органикалық фосфордың минерал-дануы түрлі микроорганизмдер көмегімен жүреді.
Фосфор қышқылы топырақтағы басқа элементтермен (темір, магний, кальций) қосылып өсімдіктерге сіңімсіз, ерімейтін фосфор қосылыстарына, яғни тұздарына айналады. Фосфор қышқылы тұздарының - фосфаттардың өсімдіктерге сіңімді күйге айналуында әсіресе микроорганизм­дер ерекше рөл атқарады. Тіршілік барысыңда қышқыл өнімдер түзетін нитрлендіруші және күкірт бактериялары бұл процеске тікелей қатыспағанымен, жанама жолмен болса да көмектеседі.
Фосфор - ауыл шаруашылық өсімдіктеріне қажетті қоректік заттардың бірі. Топырақта фосфорлы қоректік зат тапшы болса, өсімдіктердің өнімі шұғыл төмендейді. Фосформен қамтамасыз етілген өсімдіктердің тамыр жүйесі біршама жақсы жетіліп, біркелкі өсетін болады. Жалпы алғанда бір гектар жерде 3-4 тоннаға жуық фосфор қоры бар. Солай бола тұрсада көпшілік жағдайда өсімдіктерге фосфор қосылыстары жетіспегендіктен, олар қалыпты өсе алмайды. Өйткені топырақта кездесетін фосфор қосылыстары өсімдіктерге сіңімсіз күйде болады.
Жалпы топырақтың кейбір түрінде кездесетін фосфор қорының 28-85%-ке жуығы органикалық қосылыстар. Әсіресе солтүстіктің шымтезекті топырағы мен бірқатар қара топырақты аймақтардағы топырақтар органика-лық қосылыстарға бай келеді. Фосфордың осындай қосылыстарын топырақта тіршілік ететін микроорганизмдердің ерек­ше бір тобы ыдыратып, сіңімді күйге айналдырады. Бұл бактерияларды жеке бөліп, 1935 жылы бірінші зерттеген Р. А. Менкина оларды Bacillus megaterium деп атады. Бұл микро-организмдер фосфорлы органикалық қосылыстарды ыдыратып, одан фосфор қышқылын бөліп шығара алады. Ол бактерия клеткасында болатын фосфатаза деп аталатын ферменттің көмегімен жүреді. Бұл бактериялар спора түзетін, пішіндері таяқша тәрізді, ұзындығы 2,5-3,5 микрон болатын организмдер. Өсуінің алғашкы кезеңінде жек күйде болады да, кейін тізбек құрайды. .
Сонымен қатар Pseudomonas, Mycobacterium, Micrococcus туысының бактериялары мен актиномицеттер және зең саңырауқұлақтары ерімейтін фосфор қосылыстарын еритін түрге айналдыру кезіңде органикалық және минералды қышқылдар түзіп, оларды қарапайым құмырсқа, сірке, сүт, майлы қышқылдарға және күрделі гумин қышқылдарына дейін айналдыра-тыны анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет