Адсорбция процесі өнеркәсіпте газдарды кептіру мен тазалауда, газдарды бөлуде, химия өндірісіндегі ағынды суларды тазартуда, мұнай фракцияларын тазалауда, органикалық сұйықтықтар мен ауаны кептіруде, аналитикалық мақсаттарда (хроматография әдісінде) қолданылады. Адсорбция процесінің қалдықсыз технологияны іске асыруда маңызы ерекше зор. Әр түрлі компоненттерді талғампаз сіңіруіне байланысты адсорбция процесі – бөлу әдістерінің ішіндегі ең тиімді әдіс. Сонымен бірге адсорбция процесі гетерогенді химиялық (каталитикалық немесе каталитикалық емес) реакцияларды жүргізуде негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.

Адсорбция процесінің тиімділігі адсорбенттің түріне байланысты. Сол себепті адсорбентке мынадай талаптар қойылады:
жұмысқа жайлылығы, от алмауы, аппаратқа эрозиялық әсерінің аз болуы.
Адсорбенттерге қойылатын негізгі талптардың бірі оның сіңіру қабілеттілігінің мейілінше жоғары болуы. Сол себепті адсорбенттер көбінесе кеуектілігі жоғары қатты заттар. Мөлшерлері өте кіші түйіршіктер түрінде қолданылады. Түйіршіктің мөлшеріне қарай микросаңылаулы, аралық саңылаулы (мезосаңылаулы) және макросаңылаулы болып жіктеледі.