Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады



бет1/24
Дата05.04.2022
өлшемі254,13 Kb.
#29901
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
этнопедагогика диплом - копия



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------------3

1БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Қазақ этнопедагогикасы материалдарының кемелдену кезеңдері---------------------7 1.2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын бастауыш мектептің оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері---------------------------------------------------------------27

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану жолдары, формалары, әдістері

2.2. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдаланудағы сабақ үлгілері

2.3 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі---------------------------------

ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------------------ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ-------------------------------------------79

КІРІСПЕ

Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады.

Қазақ халқының бай рухани мұраларының бірі- халықтық тәрбие, халық көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып, олар арқылы баланың «жеті қырлы, бір сырлы» болып қалыптасуына мүмкіндік берген.

Білімнің негізі мектепте қаланатындықтан қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесі алдында мұғалімнің жауапкершілігі ерекше. Күнде өзгеріс болып жатқан бүгінгі таңда халқымыздың арғы- бергі тарихы мен дәстүрін, тарихи асыл мұрамызды біліп, қастерлеп, бүгініміз бен кешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру- өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсымыздың азаматтық, борышымыз.

Сондықтан да бүгінгі ұрпақты ата- баба дәстүрімен тәрбиелеу, халықтың педагогикалық нәрлі қайнарымен сусындату, оқыту мен тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі болып саналады. Халықтық педагогика мәселелерін ғылыми зерттеудің тарихнамасы, тәрбиенің халықтық тәжірибесі, тарихи дамудың барлық кезеңінде ұлы педагогтардың, ғалымдардың ғылыми қызығушылықтары болып келгенін дәлелдейді.

Әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне негіздеген өзіндік педагогикасы бар. Дүние жүзілік тарихи педагогикалық әдебиеттерде халықтың педагогика ұғымына әртүрлі анықтамалар арқылы негіздеген.

Этнопедагогика - халықтық тәлім- тәрбиені оның тәжірибесін қорытып, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол халықтық педагогиканы ғылым педагогикамен байланыстырып отыратын өткел сияқты ғылым.

Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой- толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал- мәтелдерде жиі қолданылады.

Этнопедагогика элементтері бала тәрбиесін жетілдіру, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру саласындағы орын алған олқылықтардың орнын толтыру ұлттық идеологиямызды нығайту құралы болып табылады. Жас ұрпақ тәрбиесінде баға жетпес тәрбие құралы болып саналар қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуын осы мәселе төңірегіндегі алғаш төл еңбектерін жазған демокрит- ағартушымыз Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың есімдерін айтамыз [1,2,3]. Осыдан соң Ә.Дибаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаевтар өз еңбектерінде ұрпақ тәрбиесінде ұлттық педагогиканы қолдану жолдарын ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып дәлелдеген [4,5,6,7].

Қазіргі таңда этнопедагогика ны зерттеу ісімен Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, Қ.Қожахметова, Е.Сағындықов, Р.Дүйсембінова, Ф.Бөрібекова, Г.Жолтаева. Н.Жанабекова [8,9,10,11,12,13,14,15] тағы да басқа көптеген ғалым педагогтарды айтуға болады. Сондай- ақ, этнопедагогиканы пайдаланып тәрбиелеу ісімен шұғылданып, арнайы зерттеу еңбектерін жазған З.Ә.Әбілова, Ж.Асанова, Қ.А.Сарбасова, Т.Ж.Қуанышбаев, т.б. [16,17].

Тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге туып, бірге өскен, бірге дамыған тарихи ескі үрдіс. Сондықтан да ол сан ғасырлар бойы халықпен бірге жасап, оның озық үлгілерін келер ұрпаққа мұра етіп отырған. Осы тұрғыдан алып қарағанда, біздің ойымызша, халықтың ұлттық тәрбиесінде, әсіресе жеке тұлғаны қалыптастыруда қолданылатын оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын , мақсаттарын, міндеттерін, соларға қатысты педагогикалық үлгілер мен үйлесімдер жиынтығын этнопедагогика деуге болар еді. Мұнда халықтық педагогика этнопедагогиканың зерттеу нысаны болып отыр. Демек, этнопедагогика көпшілік қолданған тәжірибелер мен білімдер жиынтығы болып табылады. Бұл айтылғандарды назарға ала отырып, этнопедагогикалық көзқарастарды талдасақ, оның негізінде ұлттық философиялық ой мен халық психологиясы жатқанына көз жетеді. Сонымен этнопедагогика тәрбиесі ғасырлар бойы сараланып, халықтың ой- арманы, тыныс- тіршілігі, шаруашылық кәсібі, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім- дәстүрімен тығыз байланысты өрбіп, өсіп- өркендеп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи және мәдени қазына.

Этнопедагогика- елімізде ертеден жинақталған игі істердің зерделі ұрпақтың келешегіне дұрыс жөн сілтеп, нақты бағыт беріп, олардың зиялылар санатына қосылып, әдемі отау тігіп, баянды бақыт құруына септігін тигізетін байырғы үлгі, қанатты да қадірменді сөз, байырғы қасиетті де киелі дәстүр.

Әр халықтың өмір бойы ұрпақ тәрбиесіне арналған өзекті этнопедагогикасы бар. Дүние жүзілік тарихи педагогикалық басылымдарда этнопедагогика ұғымына әртүрлі анықтамалар берілген.

Татар халқының педагог ғалымы И.А.Ханбиков «этнопедагогика бұқара халықтың педагогикалық білімдерінің және тәрбиесінің саласы»,- деген. Орыс педагог ғалымы В.Н.Григорьев «Этнопедагогика деп дәстүрлі тәрбиенің халықтық тәрбиесін ғана емес, ондағы пайда болған білімдерді, идеяларды және солардың барлығын зерттейтін ғылымды айтамыз»,-деп анықтаған [18,19].

Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру тәуелсіздік алып, егемен ел болу жағдайында қоғам өмірінде ізгілендіру мен демократияландыруға байланысты өзекті проблеманың біріне айналды. Мұны Қазақстан Республикасы үкіметі мен білім министрлігінің осы мәселеге байланысты қабылдаған көптеген қаулылары мен құжаттары дәлелдейді [20]. Қазіргі таңда бұл проблеманың шешімі құқықтық күшке ие болғанына көз жетті. Ел президенті Қазақстан халқына «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында «Қазақ елі өткен тәуелсіздік жылдарында қыруар іс атқарды.Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық [21]. Әрбір Отандастарымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнаттық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің, ұлтының болашағына сеніммен қарайды» - деген. Бұл әр ұлттың өзінің өзіне тән тілін, дінін, ділін, салт-дәстүрін негіздейтін этнопедагогика. Этнопедагогикалық білімді жас ұрпақтың бойына ендіру мектеп мұғалімдерінің міндеті.

Қазақ этнопедагогикасын мектеп тәжірибесіне ендіру сонымен бірге әлеуметтік факторларға байланысты туындады. Қоғамның рухани ақыл- ойын халықтың өткендегі «жарасымды сатылы дәстүрлері» негізінде ылғи белсендендіріп отырмай, « ... білім беру саласын ұлттық және әлемдік рухани құндылықтар негізінде қайта құрмай» бүгінгі жаңа қоғамды дамытып, бүкіл әлемдік сатыға көтеру мүмкін емес. Осы айтылғанның бәрі шебер, білімді, тәжірибелі мұғалім даярлығын талап етеді. Ал педагогикалық шеберлікті де, тәжірибені де ұдайы іс- әрекетте педагогика ғылымының, соның ішінде этнопедагогика мен қазақ этнопедагогикасы білімдерін пайдаланбай қалыптастыру мүмкін емес. Бұл біздің дипломдық жобамыздың тақырыбын «Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану» деп алуымызға негіз болды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет