Көркем проза саласындағы еңбектеріне талдау жасайды



Дата02.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#98086
Байланысты:
kazak adebi tulgatanu . sillabus (7)







Т.Нұртазин – қазақ әдебиеттану ғылымының өсіп өркендеп, даму кезеңінде қайраткерлік көрсеткен әдебиетшілер шоғырының бел ортасында тұрған әйгілі қаламгер екенін түсінеді.


Т.Нұртазиннің «Жазушы және өмір», «Б.Майлин творчествосы» атты еңбектері арқылы әдебиеттану ғылымына өлшеусіз үлес қосқандығын біледі. Ғалым –сыншының
көркем проза саласындағы еңбектеріне талдау жасайды.
Пәнді менгере отырып, ғылыми еңбектерді зерттеп тану қабілеттерін дамытады.
7. Пререквизиттер: Қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы
8. Постреквизиттер: ХХ ғасырдың ІІ жартысы мен Тәуелсіздік кезеңдегі қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ және әлем әдебиеті
9. Курстың саясаты: студент сабаққа қатысуға міндетті және кешікпей келуі керек; барлық тапсырмалар уақытында орындалып тапсырылуы керек; барлық жазбаша жұмыстар плагиатқа тексеріледі, талап етілген деңгейден төмен көрсеткішке ие болған жұмыс 0-мен бағаланады; бақылау жұмысы, межелік, қорытынды бақылауларда рұқсат етілмеген көмекші материалдар мен құралдарды (шпаргалка, конспект жазылған дәптер, қосылған не ажыратылған ұялы телефон, басқа да электронды құрылғылар т.б.) қолдануға болмайды; ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие студенттер межелік және қорытынды бақылауды қолайлы формада тапсырады.
10. Оқу жоспарынан көшірме
Курс – 3
Семестр – 6
Кредит саны – 5
Дәріс – 15 сағат
Практикалық сабақ – 35 сағат
СӨЖ –75 сағат

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


(академиялық сағатпен)

Апта №

Дәріс

Практикалық сабақ

СӨЖ
(үй жұмысы)

1-апта

Т.Нұртазин–С.Мұқанов шығармашылығының бас зерттеушісі– 2сағ.

С.Мұқановтың лирикасы мен поэмалары–3 сағ
(Т.Нұртазин талдауында)




2-апта

С.Мұқановтың прозасы. Ғалым зерттеушінің С.Мұқанов шығармашылығын зерттеудегі табыстары-2сағ.



С.Мұқановтың романдары (Т.Нұртазин талдауында)
Шығармаларындағы заман тақырыбын игеру мәселесі,С.Мұқанов кейіпкер сомдаудағы шеберлігі-3 сағ. (Т.Нұртазин талдауында)




3-апта-

Б.Майлин шығармашылығы Т. Нұртазин талдауында.Б .Майлиннің жазушылық жолы -2сағ.



Жазушының өмірі мен қоғамдық қызметі
Жазушы еңбектерінің жариялануы-3 сағ (Т.Нұртазин талдауында)



Мәтін бойынша талдау жасау

4-апта

Жазушы әңгімелеріндегі өмір қырлары–1сағ

Б.Майлин- әңгіме шебері-3 сағ
(Т.Нұртазин талдауында). Бақылау жұмысы




5-апта-

Б.Майлиннің романдары -1сағ

Жазушы шығармаларының көркемдік ерекшеліктері-3 сағ
(Т.Нұртазин талдауында)




6 апта

Б.Майлиннің публицистикалық еңбектері-1сағ

Б. Майлиннің бүркеншік аттары мен фельетондары- 3 сағ
(Т.Нұртазин талдауында)
3-аптаның үй жұмысын тапсыру




7-апта

Т.Нұртазин әдеби мұра және қазіргі әдеби процесс-1сағ

Сыншы Т. Нұртазиннің «Шеберлік туралы ойлар» еңбегі- 3 сағ




8-апта

Т.Нұртазиннің әдеби сын мақалалары-1сағ

Т.Нұртазиннің қазақ поэзиясының қалыптасуы, даму жолы туралы ғылыми зерттеу мақалалары- 3 сағ.






9-апта

Көркем және деректі проза-1сағ

Көркем прозадағы тартыс пен мінез.
(Т. Нұртазиннің «Мұрат», «Жаңа саты», «Адам бекерге жасамайды» повесть-әңгімелері бойынша талдау) - 3 сағ

Көркем шығармамен жұмыс жасау

10 апта

Т. Нұртазиннің «Тұрардың анты» деректі романындағы тарихи шындық-1сағ

Т. Нұртазиннің «Тұрардың анты» деректі романы мен Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы сабақтастық(оқиғалар желісі)– 2сағ.






11-16 апта










17-апта

Т.Нұртазиннің очерктеріндегі көтерілген мәселелер- 1 сағ

Т.Нұртазиннің очерктерінің тақырыптық арналары, көркемдік әдіс тәсілдері, очерктер жайлы ғалым зерттеушілердің пікірлері- 3 сағ
9-аптаның үй жұмысын тапсыру




18-апта

Т.Нұртазиннің аудармаларының ерекшеліктері- 1 сағ

Т.Нұртазиннің ғылыми- сын еңбектері мен прозалық шығармалары(қорытынды негізінде)- 3 сағ
Семестрлік тапсырма тапсыру




Емтихан жазбаша түрде қабылданады. Билет үш теориялық сұрақтан тұрады. Тапсырманы орындауға 50 минут уақыт беріледі



11. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы



Автор, атауы, шыққан жылы

Ақпарат көзі

Бары (дана)

Негізгі әдебиет




1

Рахметова Б. А.Темірғали Нұртазиннің аудармалары, оқу әдістемелік құрал

Арқалык, 2014



1

2

Рахметова Б. А.Темірғали Нұртазиннің көркем және деректі прозасы, оқу әдістемелік құрал.

Арқалык, 2013

2

12. Оқу нәтижелерін бағалау жүйесі:
1. Әр қатысқан сабақ 100 балмен, қатыспаған сабақ – 0 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық шамасы студенттің сабаққа қатысуының көрсеткіші болып табылады (Қ).
2. Сабақта танытқан белсенділігіне қарай әр практикалық/зертханалық/студиялық* сабақ максималды 100 балмен бағаланады. Сонымен қатар, семестрде пән бойынша кемінде 2 (екі) бақылау жұмысы өткізіледі, олардың әрқайсысы максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық шамасы студенттің практикалық/зертханалық/студиялық* сабаққа қатысу көрсеткіші болып табылады (П/З/С*).
3. СӨЖ (үй жұмысы) орындалуы максималды 100 балмен бағаланады. Орташа арифметикалық шамасы студенттің өзіндік жұмысын орындау көрсеткіші болып табылады (СӨЖ).
Студентті қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберу рейтингі (Рорт) мынадай формула бойынша есептеледі:

50 балдан төмен рейтингі жинаған студент пән бойынша қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Қорытынды бақылау (емтихан) (Е) аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) кезінде жүргізіледі. Емтихан жауабы ең жоғары 100 балмен бағаланады.
Қорытынды баға мына формуламен есептеледі:
ҚБ=Рорт∙0,6+Е0,4

Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі





Әріптік жүйедегі баға

Балдың цифрлік эквиваленті

Пайыздықмәні

Дәстүрлі жүйедегі баға, бағалау критерийлері

А

4,0

95-100

өте жақсы; тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне ең жоғары талаптардан асады

А-

3,67

90-94

өте жақсы; тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын ең жоғары талаптарына сәйкес келеді

В+

3,33

85-89

жақсы;тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын жоғары талаптарға сәйкес келеді

В

3,00

80-84

жақсы;тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелерінің көпшілігіне сәйкес келеді

В-

2,67

75-79

жақсы;тапсырманың/курстың кейбір оқу нәтижелеріне сәйкес келеді

С+

2,33

70-74

жақсы;тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келеді

С

2,00

65-69

қанағаттанарлық; тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптардың кейбіреулеріне сәйкес келеді

С-

1,67

60-64

қанағаттанарлық; бірақ бірнеше тармақтар бойынша тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келмейді

D+

1,33

55-59

қанағаттанарлық; тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын талаптардың ең төменгі қолайлы деңгейіне сәйкестігін көрсетеді

D

1,00

50-54

қанағаттанарлық; тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын талаптардың ең төменгі қолайлы деңгейіне сәйкестігін көрсетеді – төменгі деңгей

F

0,5

25-49

қанағаттанғысыз;тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын талаптарды қанағаттандырмайды

FX

0

0-24

қанағаттанғысыз;тапсырма/курс бойынша оқу нәтижелеріне қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырмайды

13. Бағдарламалық сұрақтар


1. Әдебиет зерттеушісі Т.Нұртазиннің өмірі мен шығармашылығы.
2. С.Мұқанов шығармашылығы. (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
3. С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы.
4. Т.Нұртазиннің «Жазушы және өмір» монографиясы жайлы ғалым А.Нұрқатовтың пікірі.
5. Т.Нұртазиннің С.Мұқановтың лирика сын,поэмаларын,ақынның өсу жолын, ізденісін талдаудағы жаңалықтары.
6. Әдебиеттанушы-ғалым С.Қирабаевтың ғылыми-зерттеу еңбек туралы пікірі.
7. Т.Нұртазиннің «Жазушы және өмірі» монографиясы жайлы ғалым Р.Нұрғали пікірі.
8. С.Мұқанов және ауыз әдебиеті.
9. С.Мұқановтың «Бостандық» атты өлеңі (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
10. С.Мұқановтың 20 жылдардағы лирикалық шығармалары (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
11. С.Мұқановтың қазақ поэзиясының түрін байытудағы ізденістері (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
12. Ақын өлеңдеріндегі патриоттық сезім. (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
13. С.Мұқановтың өлеңдеріндегі кедей, жалшылар өмірінің реалистікпен бейнеленуі. (Т.Нұртазин талдауында).
14. С.Мұқановтың «Майға сәлем» атты өлеңі (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
15. Жаңа дәуірде, еңбек тақырыбын жырлаудағы жазушы табысы. (Т.Нұртазин талдауында).
16. С.Мұқановтың 30 жылдардағы өлеңдері (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
17. С.Мұқановтың Отан қорғау тақырыбындағы өлеңдері (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
18. Зерттеуші С.Қирабаевтың С.Мұқанов поэмалары жайлы пікірі
19. С.Мұқановтың «Батырақ» поэмасы (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
20. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасы (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
21. «Сұлушаш» поэмасындағы көркемдік ізденістер. (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
22. С.Мұқановтың «Ақ аю» поэмасы (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
23. С.Мұқанов поэмаларының идеялық-көркемдік, сюжеттік-композициялық ерекшеліктері.
24. С.Мұқановты 20-жылдардағы проза саласындағы еңбектері. (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
25. С.Мұқановтың роман жасаудағы машығы (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
26. С.Мұқановтың «Ботагөз» романының көркемдік табыстары. (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
27. С.Мұқанов романдары туралы. (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
28. «Адасқандар» романындағы таптық, әлеуметтік шындық. (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
29. «Адасқандар» романы жайлы сын-пікірлер.
30. С.Мұқанов шығармашылығы (Әдебиет зерттеушісі Т.Нұртазин талдауында)
31. С.Мұқанов романдарындағы өндіріс тақырыбы (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
32. «Өмір мектебі» мемуарлық шығармасы (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
33. С.Мұқановтың повестері (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
34. С.Мұқановтың очерктерінің дүниетанымдық маңызы (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
35. Жазушы шеберлігі. (Әдебиет сыншысы Қ.Ергөбеков талдауында)
36. Жолы кең жазушы. (Жазушы М.Әуезов талдауында)
37. С.Мұқановтың прозасы (Р.Тұрысбек зерттеуінде)
38. С.Мұқановтың романдары (Зерттеуші Б.Шалабаев талдауында)
39. С.Мұқанов өнегесі. (Зерттеуші Т.Кәкішев талдауында)
40. Б.Майлин шығармашылығы. (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
41. Т.Нұртазиннің «Б.Майлин творчествосы» атты монографиясы(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
42. Зерттеуші Т.Нұртазинге дейінгі Б. Майлин шығармашылығына байланысты жарық көрген мақала-зерттеулер(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
43. Б.Майлин шығармашылығының зерттелуіне байланысты академик Р.Нұрғали пікірі
44. Б.Майлиннің өскен ортасы(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
45. Б.Майлиннің «Ғалия» медресесіндегі білім алуы(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
46. «Ауыл» газетінде жарық көрген Бейімбет өлеңдері мен әңгімелері, повестері, мақала, фельетондары(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
47. «Раушан коммунист» повесінің «Ауыл» газетінде жарық көруі(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
48. 1929-1932 жылдардағы Б. Майлин еңбектерінің жарыққа шығуы(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
49. Б.Майлиннің қоғамдық қызметі(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
50. Б.Майлиннің тұңғыш кітабы(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
51. Б.Майлиннің тұңғыш тырнақалды мақаласы(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
52. Б.Майлиннің «Қазақ» газетінде қоғамдық қызметі (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
53. 20- жылдардағы жазушы прозасы(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
54. Ауыл тұрмысы, кедейлер өмірі жайында жазылған шығармалар (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
55. Б.Майлин - әңгіме шебері(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
56. Б.Майлин шығармашылығы. (Жазушы М.Әуезов, С.Мұқанов пікірлері)
57. Б.Майлин әңгімелерінің тілі. («Кедей теңдігі», «Шапайдың хаты»), (Зерттеуші Т.Нұртазин талдауында)
58. Б.Майлиннің мемлекет жұмысы, ел басқару мәселесі тақырыбанда жазылған әңгімелері(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
59. Б.Майлиннің сатиралық әңгімелері («Баянсыз бақ», «Әбділда төре») (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
60. Жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі- «Айранбай» (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
61. Б.Майлиннің әйелдер өмірі, отбасы мәселесі, махаббат тақырыбындағы әңгімелері («Көшпелі махаббат», «Күлпаш», «Әже», «Құрымбайдың жігітшілігі» т.б.) (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
62. Б.Майлин әңгімелеріндегі психологизм («Ұлболсын» әңгімелері т.б.) (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
63. Б.Майлинннің колхоз тақырыбына арналған әңгімелері ( «Колхоз қорасында», «Көк теректің бауырында», «Бейсекеңнің үйінде» т.б.) (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
64. Б.Майлин әңгімелерінің тілі, стилі. (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
65. Б.Майлин әңгімелеріндегі басты ерекшеліктер (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
66. Б.Майлиннің поэзиялық шығармалары. (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
67. Б.Майлин өлеңдеріндегі Мырқымбай бейнесі. (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
68. Б.Майлин поэмалары. (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
69. Б.Майлин –аса шебер прозашы (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
70. Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінің идеялық көркемдік ерекшелігі
71. Б.Майлин романдары (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
72. Роман жанрының қалыптасып, баюына үлес қосқан Б.Майлиннің «Қоңсылар» романы(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
73. Б.Майлин – драматург(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
74. Б. Майлиннің әлеуметтік тақырыптағы пьесалары(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
75. Б.Майлин пьесаларының жүйеленуі (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
76. Б.Майлин комедияларының жанрлық ерекшеліктері(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
77. Б.Майлиннің пьесаларының идеялық-көркемдік табысы («Амангелді», «Майдан») (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
78. Б.Майлин псевдонимдері (Бүркеншік аттары) (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
79. Б.Майлиннің фельетондарының тілі(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
80. Б.Майлиннің очерктері(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
81. Б.Майлин мақалалары, фельетондарының тілі(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
82. Б.Майлин фельетондарының тақырыптарға жүйеленуі(Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
83. Б.Майлин фельетондарының жариялануы (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
84. Б.Майлин шығармашылығына байланысты зерттеу еңбектер (Зерттеуші Т. Нұртазин талдауында)
85. Т. Нұртазиннің аудармалары
86. . Т. Нұртазиннің әдеби мұрасы
87. Т. Нұртазиннің очерктері
88 Т. Нұртазиннің «Тұрардың анты» деректі романы
14. Глоссарий



Әдеби байланыс

ұлттық әдебиеттер арасындағы көркемдік дәстүрлер жалғастығы, ықпалдастығы. Әдеби байланыс нышандары жазушының қалыптасқан әдеби дәстүрлерге табан тіреуінің нәтижеснін, сондай-ақ тамырлас әдебиеттердің арасындағы типологиялық ұқсастықтарын туындайды.

Әдеби жанр-

әдеби шығарманың тарихи қалыптасқан типі.

Әдеби мұра –

көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары. Әдеби мұра-халықтың әр түрлі тарихи кезеңдегі мәдени өресінің, әлеуметтік хал-жайының, тілдік, эстетикалық талғамның аймағы.

Әдеби процесс

бұл белгелі бір дәуірде, сонымен қатар, ұлттар мен елдердің, аймақтардың, әлемнің күллі тарихи кезеңдерінде өмір сүріп келе жатқан әдебиттің тарихи-заңды қозғалысы.

Әдеби үрдес



әдебиеттің әлемдік, аймақтық, ұлттық көлемдегі белгілі бір кезеңін, сондай-ақ тұтастай тарихын қамтитын туу, қалыптасу және дамуынан тұратын тарихи қозғалыстағы ағымы.

Мәтін-.



қандай да бір дәуірдегі адам ойының ескерткіші, мәдениет жәдігері.



Мұрағаттану

мақсат, міндеті жағынан библиографиямен бағыттас айырмашылығы әдебиет тарихына байланысты құжаттық, мемуарлық дерек-мәліметтерді, материалдарды жинақтауында.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет