Аға ұрпақ өздерінің білім тәжірибесін кейінгі жастарға тұтастай ұсынып отырған, ғасырлар сынынан өткен халық тәжірибесін қазір жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі ретінде қолданады



бет20/24
Дата05.04.2022
өлшемі254,13 Kb.
#29901
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
этнопедагогика диплом - копия

«Қалайша үшеу?» есебі:

Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгімені айтады. Әкесі 7 жасар Лұқпанды базарға жұмсапты. Оған 1 тиын беріп, 3 нәрсе сатып әкел дейді. Лұқпан базарға барып, 1 қауын сатып әкепті.

- Балам – ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой? – депті әке.

- Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе – депті сонда бала.

- Қалайша үшеу?- деп сұрапты әке таңданып.

Лұқпан әкесіне не деп жауап береді екен?

-Есепті талдауға мынандай сұрақтар беріледі:

М: Есепте не жайлы айтылған?

О: Әкесінің баласын базарға жұмсағаны айтылған.

М: Кімдер жөнінде айтылған?

О: Әкесі, Лұқпан туралы айтылған.

М: Әкесі Лұқпанды қайда жұмсайды?

О: Базарға жұмсайды.

М: Лұқпанға әкесі неше тиын береді?

О.Бір тиын береді.

М: Бір тиынға неше нәрсе сатып әкел дейді?

О: Үш нәрсе сатып әкел дейді.

М: Ал Лұқпан базардан не сатып әкеледі?

О. Қауын сатып әкеледі.

М: Әкесі баласына не дейді?

Оқушыға оқыту керек:

- Балам-ау, әкелгенің бір ,ғана қауын ғой.

М: Лұқпан әкесіне не деп жауап береді?

О: Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе.

Есепті шешу жолдарын іздестіруге қойылатын сұрақтар:

М:Қауын қандай бөліктерден тұрады? Оның сыртында не бар? (қабығы)

Біз қауынның несін жейміз? (шырынын)

Шырынында немесе қауын ішінде тағы не бар? (дәні)

Сонда санайықшы, барлығы неше нәрсе екен? Осы жерде қауынның әрбір бөлігі айқын көрінетін суретті пайдалана отырып, есептің сұрағына жауапты оқушыларға айтқызу керек, яғни жауабы: қабығы, шырыны, дәні.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет