2nd DAY (TUESDAY)
Бүгінгі күнді бастамас бұрын өзіңізбен
келісіп алыңыз:
-
Мақсатыңыз анық па?
-
Өзіңізге сенімдісіз бе?
-
Ағылшынша еркін сөйлегіңіз келеді ме?
-
Еріншек болмайсыз ба?
-
Белестерді бағындыруға дайынсыз ба?
-
Сылтау айтпайсыз ба?
-
Күніңізді жоспарладыңыз ба?
-
Белсенді болуға дайынсыз ба?
Осы сұрақтарға жауап
бере отырып өзіңізге
деген сенімділікті арттырыңыз. Мақсатыңызға
көз жүгіртіп, ағылшын тілін үйреніп алсаңыз
қандай болар едіңіз, көз алдыңызға елестетіңіз.
Бұл әрекеттер сіздің еңсеңізді көтеріп,
мотивация береді. Сіздің еріншектікке
салынып қоятыныңызды білемін, өйткені ол
табиғи құбылыс. Одан құтыла алмайсыз бірақ
жеңе аласыз. Бүгіннен бастап ағылшын тілін
үйрену саяхатыңызды бастадыңыз. Барлық
жауапкершілікті алыңыз да белсенділік таныта
отырып үйреніңіз.
YOU ARE GOOD ENOUGH! YOU CAN DO IT!
JUST GIVE IT A GO!