Бақылау сұрақтары
Атмосфера және оның қабаттарына сипаттама берiңiз
Атмосфераны зерттеу әдiстерi
Атмосфера құрылымы, элементтердiң мөлшерi
Топырақ ауасы, элементтердiң мөлшерi
Газалмасу, әсер етушi факторлар
Атмосфералық қысым, оған әсер етушi факторлар
Барометрлiк тенденция және сипаттамалар
Барометрлiк нивелирлеу
Атмосфералық қысымды өлшейтiн аспаптар (приборлар).
Әдебиеттер
Негізгі:
1. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология практикумы, Оқу құралы. Алматы, 2007 ж.
2. Атақұлов Т.А., Ержанова К.М. Агрометеорология, Оқулық (электрондық). Алматы, 2007 ж.
3. Чирков В.И. Агрометеорология, Учебник М. 1976
Қосымша:
1. Атақұлов Т.А., Дәндібаев Б.Д. Агрометеорология курсы бойынша оқу әдістемелік құрал. Алматы, 1998.-34 б.
2. Атақұлов Т.А., Герасименко Г.Д. Влияние микроклимата на фенологию яровой пшеницы при различном режиме орошения. Труды КазНИметеорологического института. М., Гидрометеоиздат, 1981.-60 с.
5-6 дәріс КҮн радиациясы
Мақсаты: Күн радиациясының ауылшаруашылығына тигізетін әсерін дұрыс бағалай бiлу.
Міндеті: Күн радиациясының өлшеу әдістері мен аспаптарын дұрыс қолдануды үйрету.
Түйінді сөздер: Күн радиациясы, радиациялық тепе-теңдік, тура радиация, шашыраған радиация, шағылысқан радиация, ФБР.
Дәріс жоспары:
1. Күн – табиғат үрдiсiнiң энергия көзi
2. Радиациялық тепе-теңдік және оның құрамдары
3. Күн радиациясының спектральды құрамы
4. Күн радиациясының ауылшаруашылығы дақылдарының өніп-өсуіне әсерi
Күн радиациясы метеорологиялық элементтер дiң iшiндегi ең маңыздысы болып табылады. Жер бетiндегi барлық физикалық құбылыстардың жүруiнiң негiзгi күшi күн радиациясы болып есептелiнедi.
Күн - үлкен шар тәрiздес, беткейiндегi температура 60000С, ал iшкi жағында температура 40 млн градусқа жетедi. Күнде тоқталмайтын ядерлық реакциялар болып жатады, соның әсерiнен 5,3х1027 кал/мин энергия жан жағына бөлiнiп жатады. Осы энергиядан 1 км2 жер бетiне жылына 2,5х1012 ккал жетедi. Бұл энергияның жер бетiне келуi күн мен жарық ара қашықтығына байланысты болады.
Күн мен жер дiң ең жақындағандағы ара қашықтығы 147 млн.км. Бұндай ара қашықтық қаңтар айының 2 жұлдызында байқалады. Ал ең алыстағаны 5 шiлде – 152 млн.км.
Күннен шыққан радиация жер бетiне жеткенге дейiн атмосферада бiраз мөлшерi пайдаланылады (сiңедi). Әр түрлi (бұлт, газдар) атмосфера құрамдарынан шағылысады, осының нәтижесiнде радиацияның 43% атмосферада қалып қояды да 57% жер бетiне жетедi, одан 14% жер бетiнен шағылысады да 43% жер бетiне жетiп жылулық бередi. Сондықтан, атмосферада күн сәулесiнiң үш түрi пайда болады: тура, шашыраған және шағылысқан.
Күн радиациясы өсiмдiктер дiң өсуiне үлкен әсер тигiзедi. Оның әсерiнен өсiмдiк құрамында хлорофил пайда болады да күн сәулесi әсерiнен фотосинтез жүредi.
Достарыңызбен бөлісу: |