АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет82/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Вегетациялық кезеңге тұқымның өнiп-өсе бастауынан (көпжылдық дақылдар вегетациясының жаңалануы) жаңа тұқымдардың пiсiп-жетiлуi (көп жылдық дақылдар вегетациясының тоқтауы) арасындағы кезең жатады. Көпжылдық дақылдарда ол келесi жылдары жалғасады. Вегетациялық кезеңнiң ұзақтығына аяз қатты әсер етедi. Аязсыз кезең болып көктемнiң соңғы үсiк болған күнi мен күзгi алғашқы үсiкке дейiнгi аралық саналады. Осы кезеңдi дақылдарды аудандастыру кезiнде ескеру қажет. Егер вегетациялық кезең аязсыз (суықсыз) кезеңнен қысқа болса, онда аталған дақылдар пiспей үсiкке шалдығады.
Вегетациялық кезеңдегi орташа температура мен оның жиынтығы осы дақылдың вегетациясының басталу уақыты мен аяқталуына дейiнгi орташа тәулiктiк температураларды жинақтау арқылы шығарылады.
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық дақылдарын әртүрлi аймақтарда өсiредi. Қандай аймақта қай дақылды аудандастыру үшiн сол дақылдың биологиялық ерекшелiгiн, әсiресе вегетациялық кезеңiн бiлу сонымен қатар аймақтың аязсыз (суықсыз) кезеңiн анықтауымыз қажет. Өйткенi дақылдың вегетациялық кезеңi аязсыз (суықсыз) кезеңнен артық болу керек.
Сондықтан, бiр дақылды белгiлi аймақта өсiру үшiн сол аймақтың мынандай температуралық көрсеткiштерiн анықтау керек:
1. Орташа температуралар (тәулiк, онкүндiк, айлық, вегетациялық кезең);
2. Биологиялық 0, минималды, оптималды, максималды температуралар;
3. Белсендi, тиiмдi температуралар;
4. Вегетациялық кезеңнiң ұзақтығы, температураның 0, 5, 10, 15 градустардан жоғарылайтын (көктемде) және төмендейтiн (күзде) мерзiмдерi;
5. Аязсыз (суықсыз) кезеңнiң ұзақтығы.

Вегетациялық кезеңдегi жылдық қорына (ресурсына) баға беру:
Ауылшаруашылық дақылдарын жылылықпен қамтамасыз ету жөнiнде бүткiл ТМД территориясы төрт аймаққа бөлiнедi.
1 аймақ – бұл аймақта вегетация кезеңiнде белсенді температураның жиынтығы 1000-14000С аспайды. Ақшыл топырақта, бұл жерлерде ерте пісетін картоптың және астықтың кейбiр ерте пiсетiн сорттарын егуге болады.
2 аймақ – солтүстiк астық дақылы деп аталады. Бұл жерде белсенді температураның жиынтығы 1400-22000С дейiн болады. Бұл аймақта жақсы агротехникалық шаралармен астық еккенде ең жоғары өнiм алуға болады.
3 аймақ – жүгерi, майлы дақылдар және қант қызылшасы егiледi. Ал бұл аймақтың оңтүстiк жағында бақша дақылдары, күрiш, жүзiм және бұршақ егiледi. Бұл жерде температураның жиынтығы 2200-35000С жетедi.
4 аймақ – бұл аймақ мақта, темекi, кендір және сондай вегетациялық кезеңi ұзаққа созылатын дақылдар егiлетiн аймақ деп аталады. Бұл жерде белсенді температура 35000С-тан көп болады.

Бақылау сұрақтары:
1. Ауаның төменгi қабатының температуралық режимi, көрсеткiштерi.

2. Ауа температурасының ауылшаруашылығына әсерi.



3. Вегетациялық және аязсыз кезең.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет