177
құралы» оқушылар мен оқытушыларға, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен студент
жастарға, жалпы оқырман қауымға арналған құнды қазына.
А. Байтұрсынұлының «Жоқтау» деп аталатын кітабында ауыз әдебиеті мұраларын
жинақтап, өңдеп тынымсыз еңбек етіп жазған туындысы, аянбай ізденісінің жемісі -
«23 жоқтау» туындысы. Жоқтауларды бастырғанда, Қазақ тарихының төрт жүз жылын алған.
Орыс әдебиетімен етене таныс болған Ахмет Байтұрсынұлы аударма мысалдарға ерекше назар
аударған.
Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін
халқымыздың мысал жанрының шағын көлемді туындылары арқылы маңызды ойлар айта
білудің, оны астарлап сөйлетудің мүмкіншілігі зор екендігін жете сезінген Ахмет
Байтұрсынұлы әлеуметтік ортаға ықпал ету үшін «Қырық мысал» жинағын жарыққа шығарды.
Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар сала отырып, ой-санасын, күш-
жігер, білімін, уақытын сарп етті. Ақын әрбір аудармасында негізгі ойын, айтайын деген
түйінді халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сай қосып отырған.
Ақынның «Қырық мысал» атты аударма жинағы 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында
жарыққа шыққан. Орыс әдебиетінен етене таныс А.Байтұрсынұлының мысал жанрына көңіл
бөлуі де тегін емес. Мысал жанрының шағын көлемді туындылары арқылы маңызды ойлар
айта білудің, оны астарлап сөйлетудің мүмкіншілігі зор екендігін байқаған А.Байтұрсынұлы
әлеуметтік ортаға ықпал ету үшін қырық мысалын жариялаған. Бұл кітапқа енген мысалдар
көлемі сюжеттік дамуы жағынан да сөз сараптау жағынан да дараланып, ерекшеленіп тұрғаны
айқын. Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл мысал жанрындағы негізгі заңдылықтардың бірі
бұрыннан белгілі бір жүйемен дүниеге келген мысал автордың шеберлігінің арқасында төл
туындыға асыл қазынаға айналды. Оған дәлел – Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов мысалдарына
арқау болған сюжеттік жүйенің орталығы. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы
елге жар салып, олардың ой - санасын ояту үшін бар күш - қайратын, білімін сарп етті. Қазақ
халқының ұлттық санасын қалыптастыруға қызмет еткен бұл шығармалар Крыловтан
жасалған таза аударма емес, автордың төлтума туындысы деген дұрыс. А.Байтұрсынұлы
1926 жылы «Әліп-би» (Жаңа құрал) атты жаңа еңбегін басып шығарды. Бұл әліппе қазіргі
таңда кеңінен қолданылып отырған «суретті әліппе» негізінде шығарылған. Еңбек 1926 жылы
Қызылорда қаласында 116 беттік кітап болып жарық көрді. Кітапта 128 сурет қолданылған.
1927 жылы «Әліп-бидің» (Жаңа құрал) екінші баспасын Қызылорда, Ташкент қалаларындағы
баспа үйлері, 1928 жылы үшінші баспасын Қызылорда баспа үйі 20 000 дана етіп шығарған.
Ахмет Байтұрсынұлының әдебиет майданындағы есімі әр жас ұрпақ жүрегінде Ахмет
Байтұрсынұлы мұрасы, тарихтағы орны ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері
аса жоғары бағаланып отыр. Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау болашақ алыс
өрістерді көруге келгенде алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет
Байтұрсынұлының әуелі тарихтағы орнына тоқталып өткен жөн. Ақаң ашқан қазақ мектебі,
Ақаң шығарған ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса»
еңбегі, «Қазақ газетінің» 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім,
саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытқанда да, тарих ұмытпайтын істер болатын.
Тәуелсіздіктің 30-жылдығы қарсаңында, яғни 2021 оқу жылында Ахмет
Байтұрсынұлының ұмыт бола бастаған жаңа әліппесі қайта жандандырылып, оқушыларға
1 қыркүйекте салтанатты түрде қолданысқа берілді.
Қорыта келе, «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы»- деп
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, міне, біз тәуелсіз елде тәуелсіз болып өмір сүріп жатырмыз.
«Білімді болу үшін оқу керек, Күшті болу үшін бірлік керек, Бай болу үшін кәсіп керек. Осы
керектің жолында жұмыс істеу керек» - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тәуелсіз елде
емін-еркін әрдайым білімді, күшті де жігерлі ұрпақ тәрбиелеп, ашық аспан астында бай-
қуатты болайық.
Достарыңызбен бөлісу: