«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Cписок использованной литературы



Pdf көрінісі
бет82/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Cписок использованной литературы: 
1. 
Ахметов, Л.С. Алихан Букейханов – поиск ориентиров. А.Байтурсунов - главное 
обретение независимости. Т. Рыскулов – яркий политик советского Востока.–Астана, 2008.-204
2. 
Юнг, Т. Учителя эпохи сталинизма: власть, политика и жизнь школы 1930-х годов 
(пер.с англ. Д.А.Благова) – М.: Рос.полит.энциклоп. (РОССПЭН), 2011. – 359 с. 


173 
3. 
Материалы международной научно-практической конференции в честь 100-летия 
«Алаш-Орды» «Алаш-Орда»: воплощение идеи независимости Казахстана. – Алматы: 
Международный университет информационных технологий, 2017. – 421 с. 
4. 
Муканов, К. Мечта благородных людей. – Астана, 2014. – 294 с. 
5. 
Тугай Т.И. Оренбургский путь Ахмета Байтурсынова. – Оренбург: ООО ИПК 
«Университет», 2017. – 188 с. 
6. 
Тынышпаев, М. История казахского народа. – Алма-Ата: Санат, 2009. – 279 с. 
 
 
ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ 
 
Муканбетжанова Жанат Мнайдаровна, 
«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Қостанай ауданы білім бөлімінің
Жуков негізгі орта мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сан ғасырлық алуан қатпарлы тарих көшінде халқының басын қосқан, жарқын 
болашаққа бастаған, беделін асырған, намысын оятқан, абыройын қорғаған тұлғалар, әлбетте, 
аз болмаған. Ұлт тарихының қалың оқулығы бізге тағылым аларлық сан тұлғаның өмірі мен 
өнегесін ұсынғанда, олардың ішінен мемлекет тізгінін қолына ұстаған хандар мен билерді, ел 
іргесін жаудан қорғаған баһадүрлерді, әлеумет өмірін кең толғаған жыраулар мен ақындарды, 
ән мен күйін әуелеткен өнерпаздарды, халқына жол нұсқаған ойшылдарды көреміз. Бойына 
алуан қабілетті сыйғызған осындай айтулы тұлғалардың ортасында барша қазақ «Ахаң» деп 
құрмет тұтқан, «Ұлт ұстазы» деген аса мәртебелі ат иеленген-Ахмет Байтұрсынұлының 
ерекше орны бар [1, 40 б.]. 
ХХ ғасыр басындағы тарихымыз небір күрделі оқиғаларға толы болғанын білеміз. Бұл 
қазақ жерінің патшалық Ресей құрамына толық еніп, отаршылдық езгінің ең күшейген шағы 
болатын. Өз жерінде өзінің негізгі азаматтық құқықтары шектелген қазақ баласының дәл осы 
күйін Ахаң секілді арда туған азаматтар ғана түзей алар еді. Өткен ғасырдың алагеуім шағында 
«Алаш қозғалысы» деген атпен тарихымызға енген ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлері 
саяси сахнаға шықты. Оның саяси көсемі - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан болса, тұтас 
дәуірдің рухани көсемі - Ахмет Байтұрсынұлы еді. Бұл қозғалыс қазақ мемлекеттілігін 
қалпына келтіру үшін күреске шыққан ұлы оқиға болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш 
Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алаш арыстары бізге мемлекетшілдік 
идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті» деп аса жоғары баға берді. Қазақтың ұлт ретінде 
сақталуының қорғаны да, кепілі де ұлттық мемлекеттілік екенін ұғынған көшбасшы топтың ең 
алдыңғы сапында Ахмет Байтұрсынұлы тұрды.
Барлық саналы ғұмырын ұлт күресінің қасиетті жолына арнаған Ахмет 
Байтұрсынұлының есімі ел шежіресінде көптеген қырынан айтылады. Біріншіден, ол -
қайраткер тұлға. Алаш қозғалысының бастауында тұрып, оның өрістеуіне, жалпыұлттық 
қозғалысқа айналуына ерен еңбек сіңірген шын мәніндегі ұлт қайраткері. Тіпті, Алашорда 
таратылып, кеңестік билік орнаған шақта да Ахаң қайраткерлік тұғырында қалды. Соның 
жарқын мысалы-қазақтың кеңестік кезеңде автономияға қол жеткізуіне басты себепкер 
болғаны және қазақ жерінің тұтастығы үшін большевиктік билікке дегенін орындатқаны. 
Екіншіден, ол-сан буын қазақтың сауатын ашқан ұстаз. Оның әліпбиін осы күнге дейін 
миллиондаған қазақтар пайдаланады.
1911 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсыновтың «Маса» жинағы шықты. Бұл ұлтын 
ұшпаққа шығармақ ақынның дабылы секілді. Себебі, Ахаң ештеңеден хабарсыз, ойсыз жатқан 


174 
халқын маса секілді шағып, оятуды мақсат етеді. Сондай-ақ, осы мақсат жолында өзінің алған 
бетінен қайтпайды. Бұл жинақтағы «маса» бейнесі – еркіндікке ұмтылған, халқын оятуға бел 
байлаған, азаттықты аңсаған жанның келбеті. Тіпті, ол дәл осы жолда талай соққы жеп, небір 
қиын сәттерге ұшырайды. Алайда, ол бастапқы көздеген ұлы мұратынан алыс кетпейді. Бұл 
туралы ол өлеңде: «Пәленің түрін көрген мен – сары маса, Халықты оянсын деп сөзбен 
шаққан» дейді [2, 299 б.]. 
Бұл кітабына енген өлеңдерінде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес
негізінен, әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, 
байлық үшін, мансап үшін ар-абыройын сатқан, «жақсылығы өз басынан артылмаған», «бос 
белбеу, босаң туған бозбала», «бір тойғанын ар қылмаған шалдар», «мәз болып құр түймеге 
жарқылдаған оқығандар» сыналады. «Туысыма», «Досыма хат», «Қазақ қалпы», «Көк 
есектерге», «Жұртыма», «Қарқаралы қаласына» өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске 
түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар «Анама хат», «Жауға түскен жөн сөзі» – қорлық-
зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын 
мүсіндеген жырлар, «Маса» кітабына Пушкиннен аударылған «Қыздыр дейсің мәжілісті, жан 
дейсің», «Ат», «Данышпан Аликтің аты», «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», Крыловтан 
аударылған «Сорлы болған мұжық», «Қаздар» шығармалары берілген. Бір сөзбен айтқанда,
«Қырық мысал», «Маса» – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, 
өрнектермен байытты. Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі 
поэзия туды [2, 300 б.]. 
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов – қазақ мәдениеті мен руханиятында тұтас бір 
дәуірді алып жатқан үлкен тарихи тұлға. Оның тағылымға толы шығармалары өз кезеңінің 
негізгі ұранына айналып қана қоймай, бүгінгі күні ұлтының айнымас темірқазығына айналды. 
Ол өзінің тума талантын халқының жолында шыңдап, іргелі істердің аңдатпасы ретінде тарихи 
сахнаның бедерінен көрінген. Ол қараңғыдан жол тауып, қазақ қоғамына өзінің сәулесін төкті. 
Оқу мен білімнің қажет екенін түсінген А. Байтұрсынов қазақ даласына жарық беріп, 
ағартушылық қызметпен айналысқан еді. Бұл оның елі үшін туған арда азамат екенінің айқын 
көрінісі.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, 
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. 
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын, 
Ел - бүгіншіл, менікі - ертеңгі үшін, – деп жырлаған ақын Ахмет Байтұрсыновтың 
негізгі мақсаты туған халқына қызмет ету екенін байқауға болады. Халықтың ояну, білім алу, 
ғылым игеру мәселелерін басты назарда ұстаған оның және Алаш қайраткерлерінің ұлт үшін 
еткен істері едәуір екені сөзсіз. Сонымен қатар ол өз елінің ұшпаққа шығуын ойлап, осы жолда 
небір кедергілер мен кесапаттарды көрді. Елдік мұрат пен ұлттық мүддеге қызмет ете отырып, 
шолақ белсенділердің «таяғының» астында қалды. Сонда да Ахмет Байтұрсынов өзінің алған 
бағытынан таймай, іргелі істері арқылы елінің азаттығы жолында барын салды. Бұл тек нағыз 
жанкешті жанның қолынан келер іс. 
Қазақ тілін талдап-тануда Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін және бір тұрғыдан ерекше 
бағалау керек: ол – термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты 
категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды. Осы күнгі қолданылып жүрген зат 
есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу сынды сан алуан лингвистикалық ғылыми 
терминдердің баршасы - А.Байтұрсыновтікі. Бұлардың барлығы дерлік не бұрынғы сөздің 
мағынасын жаңғырту, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соңғы атаулар, 
жасанды сөздер [3, 50 б.]. 
Ахмет Байтұрсынов терминология мәселесіне қатты назар аударған. Ол тек білім 
саласы емес, әдебиеттану саласының да көптеген терминдерін жасағаны мәлім. Бұлар да өте 
сәтті шыққан, қонымды атаулар болған. Сондықтан әдебиеттанудағы А.Байтұрсынов ұсынған 
терминдердің басым көпшілігі күні бүгінге дейін қолданылып отырған.


175 
Ахмет Байтұрсынұлы халықты оятудың жолын оқу-білімнен іздеді, Еуропада ғылым 
қазақта олардың жұрнағы да жоқ деп, Еуропаны үлгі тұтты. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы 
түзелмей, жұрт ісі түзелмейді деп санады. Қиын-қыстау кезеңіне қарамастан ғылымның 
дамуына ерекше назар аударып, академиялық орталықтың жұмысын басқарып,оның өркендеп 
дамуына жағдай жасап, оған өзі тікелей бағыт беріп отырды. Бұл саладағы қайраткердің 
қызметін ерлікке бағаласақ артық болмас еді. Жетім балалар үшін балалар үйі мен мектеп 
интернаттарын ашып, олардың әлеуметтік жағдайларын барынша жақсартты. Әлеуметтік 
жағдайдың әбден жіңішкеріп, экономикалық тапшылықтың құрсауындағы мемлекеттің 
дамып-жетілуіне зор еңбегін қосқанына қарамастан Кеңес үкіметі А. Байтұрсыновқа алакөздік 
танытып, қуғын-сүргінге ұшыратты. 
Бүгінде Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары халық арасында кеңінен танымал. Оның 
есімін қазақ халқының тәуелсіздігімен байланыстырмау мүмкін емес. Осы жолда аянбай еңбек 
еткен оның тағылымға толы істері бүгінгі күні өз дәрежесінде бағаланып жатыр. Бұның бәрі 
ұлт мүддесін берік ұстанған Ахмет Байтұрсыновтың халқына деген сүйіспеншілігінен 
туындайтын дүниелер.
Қорытындылай келе, бақытқа тек қана білім, таным арқылы жетуге болады деп 
есептеген Әл-Фараби және білім мен біліктілікті құтқа жетудің жолы деп санаған Жүсіп 
Баласағұнның үрдістерін бойына сіңірген Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Абайдың тамаша 
дәстүрлерін жаңа кезеңде жалғастырушы, ұлы ағартушы-реформатор Ахмет Байтұрсынұлы 
халыққа білім беру, оқу саласы, мектеп жұмысын ұйымдастыруда қазақ тарихында өшпес 
мұра қалдырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет