Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Олай болса, бағытымызды әдебиеттанудың басты салаларының  бiрi – әдебиет тарихына қарай бұрған жөн шығар.  Жауап



Pdf көрінісі
бет22/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   152
Сұрақ. Олай болса, бағытымызды әдебиеттанудың басты салаларының 
бiрi – әдебиет тарихына қарай бұрған жөн шығар. 
Жауап. Әдебиет тарихы – әдебиеттану ғылымындағы көркем сөз 
өнерiнiң даму жолын әлемдiк немесе белгiлi бiр халықтық деңгейдегi 
идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағым-бағыттарды және олардың 
көркемдiк 
ерекшелiктерiн 
қоғамдық-әлеуметтiк, 
экономикалық-саяси 
құрылысымен тығыз байланыста танып-бiлуге бағытталған басты 
салалардың бiрi. 
Әдебиет тарихы әдеби даму үрдiсiн қарастыру арқылы әр алуан әдеби 
құбылыстардың әдебиет дамуындағы мән-маңызы мен орнын айқындайды.
Сұрақ. Анықтаманы нақтылай түссек қалай болар едi? 
Жауап. Қандай да бiр көркем шығарманы, немесе қаламгер 
шығармашылығын әдеби дамудың тұтас үрдiсiнен, яки шығарма жазылған 
немесе қаламгер өмiр сүрген уақыттан тысқары танып-бiлу мүлде мүмкiн 
емес. Өйткенi, күнделiктi өмiрдегi сияқты, әдеби тiрлiкте де ұдайы өзгерiстер 
болып жатады. Бұл өзгерiстердiң ауқымы да, даму қарқыны да әр қилы 
болатыны түсiнiктi. Соған орай әдебиет тарихшыларының ғылыми 
зерттеушiлiк әдiс-тәсiлдерi де сан түрлi болуы заңды. Оның мәнiсiн 
неғұрлым айқынырақ бағамдау үшiн, әдебиет тарихындағы ең қарапайым 
құбылыстарды танып-бiлуден бастап, күрделi мәселелердi жан-жақты зерттеу 
барысында шешуге тура келетiн кейбiр сәттерге тоқталып көрелiк. 
Сұрақ. “Ең қарапайым құбылыс – жеке шығарма да, күрделi құбылыс – 
әлемдiк әдебиет” деп түсiнсек, қателеспеймiз бе? 
Жауап. Шындығы да солай. Шынайы көркем туынды қашанда құбылыс 
болып табылатыны ақиқат. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, әрбiр 
шығарманың шығармашылық тарихы болатыны, шығармашылық ниеттен 
шығармашылық дүниеге айналу барысында белгiлi бiр сатылардан өтетiнi 
аян. Қолжазбаларға, естелiктерге, күнделiктерге сүйене отырып, көркем 
шығарманың дерексiз ниеттен деректi дүниеге айналу жолын анықтап, 
қайтадан қалпына келтiру iсi аса күрделi мiндеттердi шешудi қажет етедi. 
Әдебиет тарихының қарастыратын мәселелерiнiң бiрi – қаламгер 
шығармашылығы. 
Ал 
қаламгердiң 
даралығы 
оның 
жалпы 
шығармашылығына тән стиль сипатын айқындау нәтижесiнде ашылады. 
Қаламгердiң шығармалары тақырып, сюжет, жанр, т.с.с. сыртқы бiтiмi 
жағынан бiрiнен-бiрi бөлектенiп көрiнсе де, олардың барлығын тұтастырып, 


22 
жақындастырып тұратын ортақ белгiлер болады. Бұл белгiлер қаламгердiң 
дара стилiн белгiлейтiн iшкi логикалық ойлау жүйесiнiң әсерiнен туындайды
Қандай да бiр қаламгерге тән логикалық ойлау даралығы бiр шығармадан 
келесi шығармаға өту барысында (қаламгер қаласын, қаламасын) ұдайы 
сақталып отырады. Қаламгердiң логикалық ойлау даралығын анықтау – 
суреткердiң тұрмыстық және шығармашылық өмiрбаянын зерттеумен 
айналысатын әдебиет тарихшысы атқаруға тиiстi мiндеттердiң бiрi.
Сұрақ. Демек, әдебиет тарихын қарастыру барысында жеке туынды да, 
жеке бiр қаламгер шығармашылығы да зерттеушi назарынан қағыс қалмауы 
қажет дейсiз ғой. Әдебиет тарихшысы, бiрiншiден, әр шығарманың бастағы 
қиялдан қолдағы кiтапқа дейiнгi жолын; екiншiден, әр суреткердiң 
шығармашылығы арқылы оның өзiндiк дүниетанымын және сол 
дүниетанымның қалыптасу жолын анықтауы тиiс деген ой түйсек, 
жаңылыспайтын шығармыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет