Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет125/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   162
Жарқынбек:
сөздері бұл інімнің сере семіз,
Әзілдеп жарасады не десеңіз.


338
Қазақ өнерінің антологиясы
інілері осылай еркелесе,
Көтерейік не үшін егесеміз.
несі бар әп-әдемі жігітпін ғой,
Азырақ шашы түскен демесеңіз.
мейірбек, бұл сөзіңді естісе егер,
сарыағашта отырған жеңешеңіз.
Шашыңызды кеп бір талдап жұлар еді,
екеуміз содан кейін теңесеміз.
Бейкүнә періштедей аппағым-ай,
ойланып сол болды ма тапқаның-ай,
меніменен қай ақын айтысса да,
Бойымнан бір кемшілік тапқан ұдай.
мейірбек, сен мынаны ұмытпағын,
Қашанда айтам мұны мақтанып-ай,
Шашсыз ақын болсаң да мәртебе ғой,
Бассыз әкім болудан сақта Құдай!
Армысың ару Алматым,
Халқының адал ары ақ.
өзінде туып сан дүлділ,
Бұтағын жайды тамыр ап,
Жырымды тыңда ағайын,
ұлыңның сөзін қабыл ап,
Бірлікті биік ұран қып,
сенде өтті талай саңылақ.
даналар өткен бұл жерде,
даланың білген заңын ақ.
Бабалар өткен бұл жерде,
Қорғаған елін қару ап,
Ақын да өткен бұл жерде,
осы елге біткен бәрі бақ.
Әлемге мәшһүр атағы,
ер туған талай баталы,
Жақсы мен жайсаң отаны,
Армысың қара шаңырақ.
Қабылан жүрек қаһарман,
Қазақта қанша нарлар бар.
отан үшін от кешіп,
Алғысын елдің алғандар.


339
Айтыс VI том
осында отыр қаншама,
Ардагерлер арландар.
соғыстың өтіп өртінен,
таймастан берген сертінен,
оққа төсеп кеудесін
Атойлап ұран салғандар.
Адал болып антына,
сөз келтірмей халқына,
Ақ қар көк мұз жастанып
тауқымет көрген тарландар.
Күш қайратын шақырып,
Арыстандай ақырып,
Ажалдан да қаймықпай
ордасын жаудың жарғандар.
сондай күнді көрмеген, 
Біздерде қандай арман бар.
сыйлап бізге жеңіс күн,
туын жаққан немістің,
Құтты болсын тойларың 
Берлинге жаяу барғандар.
отырсам інім мені қолдайды деп,
Бұл інім жасымды айтып толғайды кеп.
үлкеніміз серік пен Аманжолға,
сенуші еді қанатын қомдайды деп.
олар да сахнаға шықпай кетті,
Халық та сұрап еді ол жайлы көп.
одан соң жас бойынша біздің кезек,
мейірбек айттың жаңа мен жайлы көп.
одан да айтпайсың ба айтыстағы,
Ағаларға қойындар ондайды деп.
Қырыққа жетпей ақындар сахнадан,
Кетіп жатыр айтсайшы сол қайғы деп.
Ақындардың кәрісі дедің мені,
Кәрі боп отырғам жоқ шалдай жүдеп.
ол рас сенен біраз үлкендеумін,
Жүрмегейсің көңілім толмайды деп,
сонда да өзіңменен айтыспақпын,
өнердің шекарасы болмайды деп.


340
Қазақ өнерінің антологиясы
сарыағаш таздың емін таппағандай,
деп інім әз басымды таптағандай.
Ал өзінің ілмиген түрін мынау,
ішіне ішкен асы жақпағандай,
өзінді нар тұлғалы деп естуші ем,
мақтаса бар екенсің мақтағандай,
Күнге тосса өкпесі көрінетін,
Ай бойы азық таппай жатқан аңдай,
рентгеннен өткізген сурет құсап,
терімен склетті қаптағандай,.
Шиелі сені әбден баптапты ғой,
Аралдың ақ балығын қақтағандай,
Батырлар жайлы кино түсер болса,
Жайың бар басты рольді ап қалардай.
мысалы, Қабанбайдың фильмінде,
тұрқың бар найзасына сап болардай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет