224
Қазақ өнерінің антологиясы
АЙТАҚЫН МЕН ЖАНДАРБЕК
Айтақын:
Ақын сөзі өлшенбес мысқалменен,
тұщымды ой айтуға ұстамды ер ем.
наурызда
сіздерменен, жүздесіппін,
нарық заман бүйірден қысқанменен.
Айтысқа тыйым салып тастағалы,
Қызыл тілім қырқылып, қысқарған ең.
дөкейлер ақындарға бұғау салды,
Жар астында екен ғой дұшпан деген.
Ақындар билікпенен сыйыспадық,
мысық жолдас болмайды тышқанменен.
Азат күнде
қазақтың өнері өлсе,
осы ғой намысыңа нұқсан келген.
өнеріңді өшіріп, үкіметтің,
саясат шырмауында ұсталды өлең.
Айтысты өлтірмеуге жанталасқан,
ермановта қайратты күш бар дер ем.
Ал, ағайын, қарсы алғын құшақ жайып,
Біздерге қуат берсін құшқан денең.
Ақындар алдарыңа қайта келді,
Көктемде қайта оралған құстарменен.
Жай сөзді
мен айтпаймын жайдақталған,
Ақынмын қара сөзден қаймақты алған.
Алдарыңа кеп тұрмын атой салып,
Құлынымды ертіп ап, ойнақ салған.
Баламен жағаласты демеңіздер,
Хабардар боларсыздар жай-жапсардан.
Әйтпесе,
бұл Айтақын доңыз емес,
Ашығып өз торайын шайнап салған.
Бұл дағы бір қоғамның қасіреті,
Баласын әкесіне айдап салған.
Ассалаумағалейкүм, жас Бұлғақов,
Әкеңе құшағыңды аш, Бұлғақов.
Көрерменнің
таңдайын қақтырғайсың,
тыңдарманды тамсантып, бас бұлғатып.
225
Айтыс VI том
Айтыстың жабылуы тұрған жоқ па,
Қоғамның ауруын асқындатып.
тек қазақтың бұйырған еншісіне,
Айтысым – даладағы дәстүр, жақұт.
он үшіңде
сөйлеп ең елдің сөзін,
Әкеге ұл өскені рас бір бақыт.
өзіңдей бөлтірігім аман болсын,
Азар болса тастайды қасқырды атып.
мен де бүгін айтарымды айтып қалам,
Құрық салсаң, ұстатпас қашқын уақыт.
Әкеңді топ алдында таба қылмай,
өлеңіңді төк енді тасқындатып.
сені көріп тай күнім еске түсіп,
Жанардан отырайын жас құрғатып.
Достарыңызбен бөлісу: