Талғар аудандық білім



бет1/7
Дата22.12.2022
өлшемі86 Kb.
#58926
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6   7

«Жасыл шырша маңында»
атты жаңа жылдық мерекенің сценарийі


Көңілді музыка ырғағымен балалар залға кіреді
Жүргізуші:
Жаңа жылды қарсы алайық дос-жаран,
Күмбірлеп күй, айтылсын бір асқақ ән
Қоштасайық белесті бір жылменен
Қиындықты серпіп артқа тастаған !

Қарсы алйық жаңа асыл күндерді


Бекітетін одан мықты іргемді!
2023! Қош келдің төрлет,төрлет,
Тойлайық Жаңа жылды кел бірге енді.


Жүргізуші:
Кел,Жаңа жыл, атташы босағадан,
Ән шалқып,күй төгілсін осы арадан,
Жыл сайын қаңтарменен бірге келген
Өзіңді сағынышпен тосады адам
Кел, Жаңа жыл,атташы босағадан!


Музыка ойналады. Алдар көсе шығады.


Алдар көсе: Армысыңдар балалар! Мерекелерің құтты болсын! Мынау кім деп танымай тұрсыңдар ма? Мен қазақтың атақты... жоқ айтпаймын, өздерің табыңдаршы менің кім екенімді. Бүгін мереке тез басталсын десеңіздер, онда жылдамырақ табыңыздар.
Балалар: Алдар көсе!
Алдар көсе: Ә, бәрекелді! Міне дұрыс таптыңдар!
Алдар көсе: Ал,балалар, Ескі жылды шығарып салайық .Ол қайда ? Ескі жыл қайдасың? Әне өзі де келе жатыр. /музыкамен Ескі жыл кіреді/
Жүргізуші:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Барыс жылы:
Балаларым, балғындар!
Алғысым көп айтар менің.
Дәл осындай артығырақ
Қарсы алыңдар қоян жылын!
Ал ,балалар, мен сендерге ризамын. Бір жыл бойы бірге болдық. Хош сау болыңдар, балалар!
Алдар көсе: Барыс аға, Жаңа жыл келгенше бізбен бірге болыңыз. Ән айтып ,би билеңіз.
Алдар: Тоқтай тұрыңдар,тоқтай тұрыңдар! Бір дыбыс естіледі. Сендер ештеңе естіген жоқсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Алдар: Ә, таптым, таптым! Бұлар бірдеңені бүлдірейік деп жүрген мыстандар болды. Әй, қайдасыңдар, шығыңдар! Балалар, сендердің араларыңда тығылып жүрген жоқ па? Балалар, мен қазір өтірік өліп қалайын да, бұлардың не істейін деп жүргенін біліп алайын, ал сендер ештеңе айтпаңдар, жарай ма?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет