55
Бірақ тіл мен дискурстың ара қатынасы тең емес, яғни дискурс – тілдегі
бұрыннан қалыптасқан әр түрлі бірліктердің сөйлеуде (лебізде) көрініс табуы.
Бұл сөзімізді көркем мәтіндегі дискурс табиғатын қарастырған ғалым
А.Ж. Шайкенованың мына пікірі дәлелдей түседі: «Тіл мәтінде орналасып,
дискурста жанданады, туындайды» деген пікірге сүйенсек, мәтін мен дискурс
қатынасы дискурстың динамикалық, ал мәтіннің статикалық (тұрақты,
қозғалыссыз) сипаттары арқылы танылады деп түсінеміз. Мәселен, қандай да
бір автордың көркем шығармасы біз қолға алып оқығанға дейін «тыныш
күйінде»
тұрып,
мәтін
ретінде
танылса,
оқырман
қолына
тиіп,
коммуникациядағы тілдік құрылым – мәтіннің динамикалық күйіндегі сипатын
дискурс деп тануымызға болады. Бұл жерде де, тікелей болмаса да, автор мен
оқырман арасында «хабар алысу» жүреді [91, 23 б.]. Біздіңше, көркем
шығарманың өзі – дискурс, өйткені мұнда автордың оқырманмен қарым-
қатынасы оның когнитивті, танымдық, эстетикалық ақпараттарды беруі,
қоғамдағы түрлі келеңсіз жайттарды жеткізуі, сол арқылы жеке тұлғаның
рухани әлеміне ықпал етуімен жүзеге асады. «Көркем мәтін оқырманға жол
тартқанда оқырман мен автор арасындағы қарым-қатынас әрекетінің сипаты
түрліше өрбиді. Автор көркем шығармадағы бейнелеулермен оқырманның
дүниетанымын кеңейтеді, оны тың қарым-қатынасқа жетелейді. Сондықтан
көркем шығарма барысында жазушы оқырманмен өзара қарым-қатынас
орнатып, қатысымдық байланысқа түседі. осыдан келіп, оқырман мен автор
арасында іштей пікірлесу орнайды» [92, 11 б.].
Демек, көркем шығарма немесе кез келген мәтін қатысымдық негізде
құрылып, оқырманға, қабылдаушыға түрліше әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда,
көркем шығарма жазуда жазушы өз танымына сай құрылған дискурстың
заңдылықтарын ұстанбаса, шығарма шындыққа жанаспай, оқырман ықыласына
бөлене алмайды. Д. Исабековтің «Социализм зәулімі» әңгімесінде осы
заңдылық дұрыс сақталған. Мысалы: Жетісаз ауданына қарасты
«Коммунизм»
Достарыңызбен бөлісу: