49
Бөкейханның «Бірінші: газет – халықтың көзі, құлағы, тілі. Екінші: газет –
жұртқа қызмет ететін нәрсе. Үшінші: газет – халыққа білім таратушы.
Төртінші: газет – халықтың жоқтаушысы» деген сөздері газеттің, жалпы
бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін нақтылай түскендей. Осы төрт
мәселе БАҚ саласындағы адамдардың санасында өмір сүрсе, бүгінгі тілден
алыстап кеткен, яғни жазбаша сөйлеу түгілі ауызша сөйлеудің бірліктерін
оңды-солды
қолданып
жүрген
журналисттердің
тілдік
нормадан
ауытқушылықтары біршама ретке келтірер еді.
Сөйлеу үдерісінің зерттелу нысандарының түрлі сипатта болуына
байланысты Г. Матвеева, И. Самарина, Л. Селиверстова сынды ғалымдар
қазіргі прагмалингвистиканың екі түрлі:
функционалды және жасырын
бағытын бөліп көрсеткен [73, 51 б].
Прагмалингвистикасы саласы адамның комммуникативтік іс-әрекетінің
ауызша (дискурс) және жазбаша (мәтін) болып келетін екі формасын
қарастырады. Дискурс теориясы мен мәтін теориясы прагмалингвистикалық
зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды. Дискурс
сөйлесу арқылы берілетін
ойдың әлеуметтік астарына талдау беретін ұғым болса, мәтін
бұл жалпы (бір)
тақырып төңірігіндегі біріккен, ақпаратты сабақтастықта және тұтастықта
жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Дискурс та, мәтін де
коммуникацияның негізгі категориялары болғандықтан, прагмалингвистика
мен тілдік коммуникация өзара тығыз байланысты.
Қорыта айтқанда, көркем мәтіндегі коммуникативтік қызметті зерттеу
арқылы шығармадағы адресант пен адресаттың аялық және тілдік білімі,
ұлттық мәдениеті, тәрбиесі, өскен ортасынан ақпарат алуға болады. Бұл сала
көркем шығарма оқиғалар желісінен ғана тұрмайтының, онда тілдік
категориялардың түрлі қатынастары, яғни адресант пен адресат арасындағы
тілдік қатынастың, кейіпкерлердің ұлттық мәдениетінің, автор мен кейіпкерлер
байланысының болатынын түсіндіреді [67, 338 б.].
Ал көркем мәтіннің прагматикалық әлеуетін зерделеу барысында міндетті
түрде оның дискурстық сипаты көрініс табады. Яғни адам қандай да бір
әрекетті жүзеге асыру үшін өзіндік мақсатты көздейді. Сол сияқты айтарман да
сөйлеу кезінде тілдік бірлікті бір мақсатқа негіздеп, белгілі бір уәжге жүгініп
қолданады. Демек, айтарман қолданған бірліктердің белгілі мағынасы, қызметі
болады. Ал жоғарыда көрсетілген кестедегі
функционалды және
жасырын
Достарыңызбен бөлісу: