қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты
бірлігі [102]. Қарапайым түрде жеткізер болсақ, өмірде бір адам бір адамның
дәл көшірмесі бола алмайды, бірақ ұқсас болуы мүмкін. Сол сияқты бір
жазушы екінші жазушыдан тілдік қолданыстарымен, сөздік қорымен, сөз
саптауымен, тапқырлығымен, көркемдігімен ерекшеленіп отырады. «Стиль –
өнер ерекшелігі» деп бағалаған қазақ әдебиеттануының негізін салушылардың
бірі академик Қ. Жұмалиевтің мына пікірі осыған дәлел: «Жазушының стилі бір
61
күнде, не бір жылда ғана қалыптаса салмайды. Бірді-екілі шығарма жаза салып,
«менің стилім, менің әдісім» деп төс қағушылық, жұқалап айтқанда, -
әулікпелік. Бірден әдебиетке өз стилін ала келушілік – өте сирек кездесетін
құбылыс. Ақын-жазушылардың стилін сөз еткенде олардың барлық
шығармалары бұлжымастан бір із, бір әдіспен шыға береді деуге болмайды.
Олардың үйрену кезі, өсу жолдары бар. Бұл жолда олар әр соқпаққа кездесуі, өз
стилі қалыптасқанға шейін кейде олай, кейде бұлай ауықтуы да мүмкін. Бірақ
қадала қарап, мұқият зерттеген адамға бір жазушының көптеген
шығармаларында қайталанып отыратын, басқаларда жоқ, тек сол ақын,
жазушының шығармасына хас ерекшеліктердің элементі болады да, ол
біртіндеп дамып, беки бастайды. Бұл жазушының стилін анықтауда шешуші
жағдайдың бірінен саналуы керек» [103].
Зерттеу
жұмысымызға
арқау
болып
отырған
Д.
Исабековтің
шығармаларын антропоөзектік тұрғыда талдауды автор мен мәтін тұтастығын
дәйектейтін жазушы тілін зерттеуден бастаған жөн деп санаймыз. Себебі
жазушының жазу стилін зерттеу арқылы автордың сөздік қорының молдығын,
сөз саптауындағы ерекше иірімдерін, дүниетанымының кеңдігін тануға болады.
Ал Д. Исабековтің шығармаларының қазақ әдебиетіндегі алатын орны ерекше,
өзгеге үлгі боларлық өзіндік стилі қалыптасқан жазушы екені даусыз.
Жазушының стилін антропоөзектік парадигмада зерттеуде «автор
бейнесіне» мән берген академик Р. Сыздықтың тұжырымдары назар аудартады.
Ғалым «Сөз құдіреті» еңбегінде көркем әдебиет тілін танудың қырларына
барынша терең тоқталған. Ғалымның пікірінше, «функционалдық стильдердің
бір тармағы – көркем әдебиет тілін зерттеуде әңгіме негізінен екі түрлі
проблема төңірегінде болады. Олар: 1) жалпы ұлттық әдеби тілдің даму
барысындағы көркем әдебиет тілінің орны, 2) жеке жазушылардың сөз мәнері
(даралық стилі). Бұларды тағы екі түрлі тұрғыдан қарастыруға тура келеді: бірі
– шеберлік, екіншісі – нормалылық тұрғысы. Ашып айтсақ, біріншісі – көркем
әдебиет тілін, яғни «поэтикалық сөзді» стилистика объектісі ретінде қарастыру,
екіншісі – жалпы ұлттық әдеби тілдің белгілі бір қаттауының, айталық,
лексикасының немесе грамматикасының нормалары мен ұлттық көркем тіл
нормаларының арақатынасы, қарым-қатынасы және бұл нормалардың көркем
текстерде көрінуі тұрғысынан қарастыру» [60, 241 б.].
Ғалымның осы жіктемесіндегі жазушының шеберлігі мәселесі, біздің
ойымызша, біздің зерттеу жұмысымызға арқау болуы тиіс. Р. Сыздық көркем
әдебиет тілін бірнеше топқа ажырата келіп, жазушы шеберлігін зерттеуде
мынадай мәселелерді назарда ұстау қажет деп есептейді: «1) диалектизмдердің
(жергілікті элементтердің) жұмсалуы, яғни орыс тіл білімінде диалектизация
деп аталатын құбылыстың қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-
қалпы, өріс алу бағыты; 2) жалпыхалықтық тілге тән бейнелі (образды) сөздерді
жұмсау тәсілі, фразеологизмдердің сөгілуі; 3) қарапайым, көне, сирек сөздердің
жұмсалуы;
4) синонимдерді
тандау;
идеографиялық
және
стильдік
синонимдердің қолданысы; 5) лексикалық жаңа қолданыстардың орын алуы
(қажетсіз тұста жаңадан сөз жасау немесе қажеті бар жерде ұсынылған жаңа
қолданыстың сәтті-сәтсіз болуы); 6) штамп сөздер мен тіркестерді қолдану;
62
сөздердің тіркесу аясын кеңіту арқылы сөз мағыналарын жаңғырту;
7) лексикалық
варианттардың
қолданысы,
яғни
морфологиялық,
орфограммалық, семантикалық, генезистік т.б. жарыспалы элементтердің
Достарыңызбен бөлісу: |