Аккузова айнур абдыжалиловна


 Д.Исабековтің автор – мәтін – мәтіннен тыс болмыс – мәдениет –



Pdf көрінісі
бет49/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

2.3 Д.Исабековтің автор – мәтін – мәтіннен тыс болмыс – мәдениет – 
оқырман ұғымдарының тұтасу қызметі  
Қазіргі  таңда  көркем  мәтінді  зерделеуде  автордың  шеберлігі  мен 
оқырманның  қабылдауы  арасындағы  байланыс  жөнінде  көптеген  зерттеулер 
жүргізілуде. Автор өз туындысын оқырманға бағыттап жазады. Автордың ойы, 
тілегі  жүйеленіп  оқырманға  жетемін  дегенше  бірнеше  сатыдан  өтеді.  Демек, 
автор  мен  мәтін  –  ажырамас  ұғымдар.  Себебі  мәтін  –  автордың  кемел 
идеясының нәтижесі. Ғалым  А.Салқынбай «автор  – мәтін – оқырман» жүйесін 
төрт  түрлі  аспектіде  бөліп  көрсеткен:  «1)  лингвонегізді  тәсіл:  «тіл  –  мәтін» 
бағыты бойынша; Қазақ әдеби тіліндегі басты зерттеулер осы дәстүрлі тәсілдің 
негізінде  жазылған-ды.  Мұндағы  логика  тілдік  бірліктер  мен  категориялардың 
қызметін көркем мәтін бойынша анықтауға құрылады. Дәстүрлі стилистика мен 
тілдік  бірліктердің  стилистикасына  қатысты  жазылған  көптеген  ғылыми 
жұмыстар  осы  бағытта  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  қазақ  әдебиетінде 
жазылған  көркем  шығармалардың  тілі  мен  стилін  зерделеді.  2)  мәтін  бүтіндігі 
тәсілі  мәтіннің  ішкі  құрылымдық-мәндік  бүтіндігін  анықтаумен  байланысты. 
Мәтін бүтіндігі  тәсілі  мәтінді  нәтижелі  бірлік  және  шығармашылық қызметтің 
нәтижесі, аяқталған бүтін нысан ретінде қарастырады. Біздіңше, бұл тәсіл қазақ 
тіл  білімінде  енді  ғана  қалыптасып  келе  жатыр.  3)  антропоцентристік  тәсіл: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет