119
– Бәрекелді, өмірлі бол, балам. Ана немелерің қайда?
– Үйде. Ұйықтап жатыр» [93].
Бұл мысалда ең алдымен қазақ халқына тән «сәлем салу» дәстүрінен
ақпарат беріліп тұр. Әрбір қазақ отбасында келін күйеуінен үлкен әрбір
туысына сәлем салады. Сол арқылы қайын жұртының ақ батасын,
ризашылығын алады. Сәлем салу келіннің отбасындағы әдептілігінің белгісі,
ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі. Автор осы дәстүрді де ойдан
шығармай, оқырман назарына ұсынған. Иіліп сәлемін беріп тұрған келінге
әрбір адам ақ тілегін, ақ алғысын білдіріп жатады. Қазақтың бұл дәстүрінің
артында үлкен тәрбие жатыр. Бұл дәстүр «Тіршілік» повесінде бас кейіпкер
Молдарәсілдің Қыжымкүлді алғаш болыстың үйіне алып келген сәтінде де
көрініс табады:
«Молдарәсіл аяғының ұшымен басып далаға шығып кетті де,
сәлден соң келіншегін жетектеп үйге алып кірді. Қыжымкүл табалдырықтан
аттай бере төрге қарап үш мәрте иіліп сәлем жасады».
Халық дәстүрінде қазақ келіншектері өзінен жасы үлкен кісіге қырындап
тұрып, тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем беруі кездеседі.
Қырындап тұрып амандасудың өзіндік сыры бар, үлкенге қарама-қарсы тұру
әдепсіздік болып саналады.
Қазақтың алғыс айту дәстүрін айтқанда сонымен қатар қарғыс сөздер де
бірден ойға келеді. Жазушылар шығармаларында жағымсыз кейіпкер бейнесін
ашуда
осындай
құрылымдарды
қолданып
жатады.
Д. Исабековтің
шығармаларында көрініс тапқан «
Сайтан алғыр! Өй, әптің құрғыр! Ой,
Достарыңызбен бөлісу: