120
танытатын өзіндік тіркестер кездеседі. Сөз тіркесіндегі бағыныңқы мүше
басыңқы мүшеге ерекше мағына үстеп, оны ажарландыра түскен.
Көркем шығарманың тілі көркем сөз өнеріне ғана тән мазмұнды
бейнелейді. Оны ашу стилистикалық (кең түрде эстетикалық) талдау арқылы
жүзеге асады. Сонда көркем әдебиет тілін стилистикалық (кең түрлі
эстетикалық) талдаудың мазмұны көркем шығармада қолданылған тілдік тұлға
бірліктердің мағына мәндерін барлық ендіктегі, тереңдіктегі ауытқулармен
бірге ашудан тұрады. Екінші сөзбен айтқанда, тілдік тұлға бірліктердің
шығарма мазмұнына қатынасын айқындау – міне,стилистикалық талдаудың
мазмұнына осы. Көркем шығарманың идеялық мазмұнын автор бейнесымен
байланыста болатын, өздерінің мағаналық қабаттасулары арқылы біріккен,
қызметі жағынан сараланған тілдік тұлғалар жүйесі құрайды. Сонда
стилистикалық талдау арқылы көркем шығарманың идеялық мазмұнын
бейнелейтін тілдік тұлғалардың қызметтік, эстетикалық өзгеру, ұйымдасу
заңдылықтары ашылады.
Көркем шығармада көріктеу құралдарының ішінде ең көп кездесетіні –
теңеу. Ғалым Т.Қоңыров «Қазақ теңеулері» атты еңбегінде теңеудің жасалу
жолдары мен түрлерін жан-жақты қарастыра келіп, мынадай анықтама береді:
«Теңеу дегеніміз – ұқсас ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші бір затқа
салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-
экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан танытатын әрі
стильдік тәсіл, әрі таным құралы» [141, 7 б.]. Теңеуді жан-жақты зерттеген
ғалым оның тоғыз түрін ажыратып көрсеткен: метафоралық, эпитеттік,
метонимиялық, синекдохалық, гиперболалық, литоталық, градациялық,
синонимдік, антонимдік теңеу.
Д. Исабековтің шығармаларында теңеудің бұл түрлерінің барлығы да
кездеседі. Мысалы:
жабайы адамдарша, бәрін бес саусағындай біліп
Достарыңызбен бөлісу: