Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет55/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113
Металл өндіру. Б.д.д. І мыңжылдық соңы мен біздің дәуіріміздің 
алғашқы ғасырлары ежелгі Үнді елі экономикасының қарқынды 
дамыған уақыты болды. Сол тарихи дәуірде балқытылған болат 
темір өндіруде үлкен табыстарға қол жетіп, көптеген елдерге таны-
мал болады. Бұған Чандра (Чандрагупта болар деген болжам жаса-
лады) патша аты жазылған, бір жарым мың жыл бойы тот түспеген 
темір бағана мысал болады. Бүгінгі Үнді елінің астанасындағы 
алаңдардың бірінде тұр. Ол оқымыстыларды тығырыққа тіреп, әлі 
де болса өзінің жасалу жолының күрделілігімен көзге түседі, дәлелді 
түсіндірмесін күтеді. 
Темір бағана 415 жылы II Чандрагупта патшаның құрметіне 
тұрғызылған. Оның салмағы 6,5 т, биіктігі 7,3 м, түп негізінің 
диаметрі 41,6 см болса, жоғарғы жағынікі – 29,5 см. Ол таза (99,720%) 
темірден жасалған, құрамында өте аз мөлшерде көміртегі, күкірт 
және фосфор қоспасы бар.


162
Суретте: Чандра патшаның аты жазылған темір бағана [70]
Бағананың мың жарым жылдан астам уақыт бойғы төзімділігі 
мен тоттанбауы осы қосындылардың салдары болар деген болжам 
жасалады.
Будданың үңгірлік монастырлары мен ғибадатханаларының, 
басқа да үлкен ғимараттардың тұрғызылуы осы тарихи дәуірге жа-
тады. Сонымен бірге, мүсіндік ескерткіштердің көп болуы тек діни 
сенімді ғана емес, қолөнер шеберлерінің, ою-өрнек салушылардың, тас 
қашаушылардың жұмыс техникасы мен талғамының жоғарылығын 
көрсетеді. Патша бейнесі бедерленген, әртүрлі тілдерде жазылған 
алтын, күміс және мыс ақшалар да өнер туындылары болды. Маурья 
дәуірінен кейінгі құрылыс жұмыстары қыш кесек пен тастан қалап 
тұрғызылды. 
Негізінен, буддизмге байланысты үңгірлік шіркеулер 
сақталған. Жартасты ойып жасалған зал төбелерінің биіктігі 
15 м, ауданы 500 м2 дейін жетеді. Ішкі безендірілуінде дәстүрлі 
ұстанымдар сақталған. Жер беті құрылысының бірі – Санчидағы 
төбе басына тұрғызылған үлкен будда діні монастырі. Оның 
жанындағы қажыларға арналған қонақүйден біздің заманымызға 
жеткен нәрсе аз. Дегенмен, Санчидің тағы бір назар аударарлық 
дүниесі – б.д.д. ІІ-І ғасырларда тұрғызылған үлкен ступа. Оның 
жан-жағында әлемнің төрт бұрышын білдіретін буддалық аңыз 
көрінісі өрнектелген тас қақпалар орналасқан. Зерттеушілердің 
жорамалдауынша, буддалық сәулет өнерінің өзіне тән ерекшелігі 
іспетті тас ступа ғибадатхана болуы мүмкін. Мұның ең үлкені Лан-
када орналасқан және ол көлемі жөнінен тек Мысыр пирамидала-
рымен шамалас. 


163
Маурья дәуірінен кейін жергілікті мүсіншілер мектептері 
қалыптасады. Бұлардың ең танымалдары – елдің солтүстік-
батысында пайда болған Гандхар және солтүстік аймақта орналасқан 
Матхур мектептері. 
Гандхар мектебінің жоғары дәрежеде дамуына эллиндік және 
римдік өнерлердің ықпалы зор болды. Бұл да өз жағынан Кушан 
дәуірінде Орталық және Шығыс Азияның буддалық өнеріне әсерін 
тигізеді. 
Матхур мектебі үнділік бейнелеу өнері дәстүрлерімен байла-
нысты дамиды. Атап айтқанда, кейін ортағасырлық индуизм өнері 
осы негізде қалыптасады. Буддизмнің махаяна («азаптан құтылудың 
кең жолы») тармағының кеңінен таралуы қасиетті бодхисатв 
мүсіндерінің жасалуына жағдай жасайды. Бұлардың терракота 
бейнелерінің көп табылуы буддизммен байланысты өнер туындыла-
рына деген сұраныстың мол болғанына дәлел.
Үнді өнерінің әлемге танымал туындылары Аджанта 
ғибадатханасында бейнеленген. Үңгірлік ғибадатханалар мен 
монастырьлар Маурья дәуірінен кейінгі мыңжылдық бойына 
тұрғызылады. Оның кейбір залдарының қабырғаларында буддалық 
аңыздар мазмұнынан алынған көріністер бейнеленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет