209
тау жынысы – базальт, мәрмәр, ақ гипс түрі, алебастр және т.б.), жар-
тылай асыл тастар (көк тас лазурит, карнеол, гематит) алған.
Арнайы әдебиеттерде Элам мен Қосөзен мәдениеті тарихының
тығыз байланыстылығына назар аударылады. Екі жақ бірімен-бірі
жиі қақтығысып, бірде бейбіт бітім шартын жасасып, сауда, мәдениет
қатынастарын үзбейді.
Сол тарихи дәуірден жеткен болымсыз мәліметтердің өзінен-ақ
халық өміріне діннің үстемдігін көруге болады. Діннің Қосөзенмен
байланысты ортақ белгілерінің бар екенін айта отырып, оның өзіндік
қайталанбас өзіндік ерекшелігі де мойындалады. Осы эламдық
ерекшелікке өзіндік ежелгі магиялық дәстүр – жыланға табынатын
бастау мен әйелдік мәңгілік негізге көрсетілетін құрмет пен оны
ардақтау жатады.
«Жылан Элам мәдениетінің негізгі желісі. Б.д.д. ІV-ІІІ мың-
жылдыққа жататын керамика, қыш бұйымдардан қаптаған жы-
лан бейнесін көруге болады. Жылан бейнесі құмыра және басқа да
ыдыс қақпақтарына салынған.
Жауыздықтан қорғану ретінде
қабылданады. Жыландар қақпа
жанында айбат шеккен сақ-
шы, әміршілер жанындағы қор-
ғаушы ретінде де көрінеді. Әр-
түрлі рәсімдік бұйымдардың
тұтқасы ретінде де бейнелен-
ген. Оратылған жылан Құдай
қызметін де атқарады. Эламдық
молшылық рәмізі болған, бір-
біріне оралған екі жылан бей-
несі ежелгі Мысырға да ен-
ген. Жоғарғы сенім нысаны-
на айналған адам басты жылан
Қосөзен елдерінің ешқайсысында
кездеспейді» [89. 37-б.].
Элам тайпалары мен шу-
мер жауынгерлерінің соқтығысы
туралы мәліметтер өте ерте за-
мандардан басталады. Б.д.д.
Суретте: Убайд дәуірінің
Достарыңызбен бөлісу: