Хайреддин Болғамбаевтің мақалалары - Гүлнар Хайреддинқызы Болғамбаеваның Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығына архивтанушы-тарихшы А.Ижановтың жинақтауымен тапсырған қолжазба бойынша дайындалып, іріктелді. Сол қордан алып баспаға ұсынылған, Г.Болғамбаева мен филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Қамзабекұлының құрастыруымен «Хайреддин Болғамбаев шығармалары. Тағлымы» (Астана, 2005) атты демеулік жарияланыммен салыстырылды. «Жер жалдау» -«Қазақ» газетінің 1914 жылғы 8 қазандағы санында жарық көрді. Соңына «Бортаң» деп қол қойған. «Әдеби борышымыз» - «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 21 қыркүйектегі санында жарияланған. «Исмағилбек Гаспиринскийдің жылы» - «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 13 қыркүйектегі санында жарияланды. «Телеграм» - «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 24 наурыздағы санында жарияланған. «Алаш азаматына» -«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған. «Түркістан өлкесі» - «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 29 шілде күнгі санында жарияланған. «Қожамқұл мектебінде» - «Қазақ» газетінің 1917 жылғы №254 санында «Келден» деген бүркеншік атпен басылған. «Иман күші» - «Бірлік туы» газетінің 1917 жылғы 20 тамыздағы санында жарияланды. «Телеграмм. Түркістан автономиясы» -«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 18 желтоқсандағы санында жарияланды. «Қоқанд сьезі һам қазақ-қырғыз» - «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 31 желтоқсан күнгі санында жарияланды.
«Алаш автономиясы» -«Бірлік туы» газетінің 1918 жылғы 7 наурыздағы санында жарияланған.
«Тұла бойлары қан сасыған» - «Бірлік туы» газетінің 1918 жылғы 15 наурыздағы санында басылған.
«Елдің жайы» - «Бірлік туы» газетінің 1918 жылңы 15 наурыздағы санында басылған. «Өзгерістің бір тәулігі» - «Бірлік туы» газетінің 1918 жылғы 30 наурыздағы санында басылған.