Қалдықтарды басқару


Радиоактивті қалдықтарды сақтау және(немесе)көму пункттеріне қойылатынэкологиялық талаптар



бет48/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
48. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және(немесе)көму пункттеріне қойылатынэкологиялық талаптар

Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің барлық жобалары мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамадан өткізілуге тиіс. Жобалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

1) радиоактивті қалдықтардың құралу көздері, радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің болжамдалатын әрекеті радиусындағы қоршаған ортаға радиоактивті әсер етудің басқа да көздері, олардың сандық және сапалық сипаттамалары;

2) ұйымдық құрылымы, өндірістік радиациялық бақылау жүргізудің көлемі мен тәртібі;

3) халыққа дозалық жүктеменің есептері, радиоактивті қалдықтардың болжамдалатын әрекеті радиусындағы барлық радиация көздерінің қоршаған ортаға әсерінің жол берілетін және бақыланатын деңгейлері және бағалауы көрсетілуге тиіс.

Радиоактивті қалдықтарды көму пункттерін:

1) тұрғын үй құрылысы аумақтарында;

2) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімінсіз пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда;

3) активті карст аймақтарында;

4) шөгулер, сел тасқындары мен қар көшкіндері және басқа да қауіпті геологиялық процестер аймақтарында;

5) батпақты жерлерде;

6) ауыз судың жер асты көздерінен су алынатын аймақтарда;

7) курорттардың санитарлық күзет аймақтарында;

8) қалалардың жасыл аймақ аумақтарында;

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда;

10) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтаудың жер асты және жер беті көздері санитарлық күзет аймақтарының I, II, III белдеулері, су құбырларын тазалау құрылыстарының, магистральдық су тасу аумағында;

11) су бөлу аумағында;

12) ормандар, орман саябақтары және басқа жасыл екпелер өсірілген немесе өсіруге арналған, қорғаныш және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын және халықтың демалу орындары болып табылатын жерлерде орналастыруға жол берілмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет